Ақмола облысы Жарқайың ауданы «Тассуат негізгі мектебі» кмм


Тақырып: Отбасы жарастығы Құндылық



бет2/3
Дата11.01.2017
өлшемі1,74 Mb.
#7149
түріСабақ
1   2   3

Тақырып: Отбасы жарастығы

Құндылық: «сүйіспеншілік»

Қасиеттер: отбасындағы парызын орындау.

Сабақ мақсаты: балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

  • Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер) : интерактивтік тақта , классикалық музыка жазылған таспа,

әннің сөзі мен музыкасы жазылған таспа, кластер, шарлар, гүлдер.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.



Нұрға бөлену

-Қайырлы таң, балалар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!


Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
• Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

Сабақ барысын талдау:



Үй жұмысын тексеру:

1.Махаббат туралы нақыл сөздерді жаттап келу.

2.Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарына сәйкес келесі өлең жолдарын толықтыруды ұсындым.

(Балалар шығармашылығы)

Отан


………………………….елімді,

………………………..жерімді.

……………………… даламды.

……………………….. Отанды.



Табиғат

…………………………… қатты,

……………………… табиғатты.

………………………… аңдарды,

……………………….. бауларды.



(Өз шығармашылығымнан айтып беру)

Отан


Қорғаймын мен елімді,

Кең байтақ өлке жерімді.

Көсіле жатқан даламды.

Сатпаймын мен Отанды.

 

Табиғат


Жер ана бізге үн қатты,

Қорғаңдар әсем табиғатты.

Қорғап, сақта аңдарды,

Күтіп, бапта бауларды.

 





Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Отбасы жарастығы

Бүгінгі біздің сабағымыздың дәйексөзі.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің

(халық мақалы)
Сұрақтар:

Жалпы сұрақ:

Мақалдың мағынасын қалай түсінесіздер?

1.Ұя деген сөзді қалай түсінесіздер?

2.Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

3. Өз отбасында кімнен үлгі аласыздар?

(Оқушылардың жауаптары)

Бәріміз осы дәйексөзді бірге айтамыз:

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің






Әңгiмелеу. Оқушыларға сыйлық ретінде «Отбасы татулығы» аңыз әңгіме:

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімді, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына жетеді. Патша естігенін ақ-қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік», деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:



  • Осы-ақ па?

  • Иә, - деді ақсақал – Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, - деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Оқушыларға сұрақтар:

  • Өсиет әңгіменің мәні неде?

  • Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырды?

  • Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

  • Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет