Мұғалім; - Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншылықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ. Яғни саяхат сабағын өткіземіз. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан улгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер, билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты – адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш, сезімтал, суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы, ел қорғау туралы хабарлар етіп отырды. Олар; Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, Саққұлақ шешен, Бопан би, Шоқ би. Ақтайлақ шешен және т.б. Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі, олардың шешендік сөздері, төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында жүргізбекпіз. Саяхат сабағының өту ретін жақсы білеміз (мұғалім сыныпты ұш ауылға бөліп, ұш бидің атын қояды). Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін, берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады. Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кепе қағазды алып, сол қағаздағы сұраққа жауап бересіздер.
Бірінші ауылымыз – Төле бидің ауылы. Мыңа кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер (оқушылар шығып, қағаздағы сұраққа жауап береді)
Төле би кім?
Төле бидің қандай толғау, шешендік сөздері бар?
1-оқушы;
Ұл өссе ұрпақ
Қыз өссе өріс
2-оқушы;
Үй сырттында төбен болса,
ерттеулі тұрған атың ғой.
Ел ішінде қариян болса,
Жазулы тұрған хаттың ғой.
Мұғалім; - Ия, балалар, біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік. Ары қарай саяхаттымызды жалғастырайық. Енді біздің елесі ауылымыз – Әйтеке би ауылы.
Әйтеке би жайлы не білесіндер?
Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?
1-оқушы; Қысқаша Әйтеке би туралы мәлімет береді.
2-оқушы;
Бай болсан халқына пайдан тисін,
Батыр болсан жауға найзаң тисін.
Бай болып еш пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйін күйсін ... (толғауды толық айтуына болады). Осылайша 3,4,5 сұрақтарға да жауап береді, сұрақтары әр түрлі етіп әзірлеу керек.
Мұғалім; - Біз, балалар, Әйтеке бидің де ауылдан болып қайттық. Ендігі біздің ұшінші ауылымыз – Қаз дауысты Қазыбек би ауылы (Оқушылар кеспе қағазды ретімен алып ондағы сұрақтарға жауап береді)
1-оқушы;
Алтын ұяң –отан қымбат
Құт берекен отан қымбат
Асқар таудай әкең қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Туып өскен елің қымбат
Ұят пенен ар қымбат.
2-оқушы; «Өркенің өссін десең...»
3-оқушы «Жалтылдайды екен деп...»
4-оқушы «Жақсылық пен жамандықтың белгісі...»,-деген Қазыбек бидің толғаулары бар.
Мұғалім; - Балалар, біз шешендік сөз өнерінің алған мәліметтердің қаншылықты терең екендігін байқадық. Халқымыздың атақты ұш биінің Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билердің ауылында болып, өнегелі сөздерін есімізде тұсірдік, көп нәрселер үйрендік.
Ал, енді ұш ауыл жарысына түсеміз. өзіміздің қаншылықты шешен, білгір екенімізді көрсетеміз. Үш ауылға берілетін әңгіменің тақырыптары;
«МЕНІҢ ӘЖЕМ»
«Туған жерім»
«Ана»
Соңынан әңгімелерінді оқисындар, одан кейін бағалаймыз.
Сабағымыздың келесі бөлімі сөзжұмбақ шешу; - егер мына сөзжұмбақты дұрыс шешеңіздер қазақтың ұлы ақынының атын оқисындар.
Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің бірі
Ерте гүлдейтін гүл
Ел ордасы
Алғашқы мектеп ашқан адам
-
Мақалдар жарысы; «Жасырынған мақал» ойыны
«Жақсы сөз жан семіртер» ...
«Досы көппен сыйлас...»
Отпен ойнама...
«Ер туған жеріне...» (Әр ауылға 3-4 мақалдан беріледі)
Мінеки, балалар, біз бүгін шешендік сөз өнеріне саяхат жасай отырып, шешендік сөздер туралы ойымыздағы дамыттық. Өлкендегі сыйлауды, кішіге қамқор болуды, кішіпейілдікке үйрендік. Ерлікке, бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған, жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз.
Сабақты бекіту; Би – шешендердің нақыл сөздерін оқыту, мазмұндау, әділ баға бере білеуге даярлау.
Үйге тапсырма беру; ұш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып келу.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Бата-тілектердің тәрбиелік маңызы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың бата жайлы алған білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты жүйелі түрде іздену, бата түрлерін ажырату, тың материалдар жинау арқылы оқушылардың ойын дамытып, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Батаны өмірде қолдана білуге,бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа,салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытындылау, білімді жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылықпен жұмыс, әңгімелесу, талдау,сөйлесу, ойландыру, қойылым.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнелі суреттер, плакаттар, слайд дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың эпиграфы: Бата – жақсылыққа жол ашады,
Ырыс- ынтымаққа шақырыды.
І. Кіріспе сөз: Халқымыздың өте ертеден келе жатқан ұлттық салт- дәстүрдің бірі — бата беру, ізгі тілек білдіру. Бата сөзі
1.Халық шығармашылығына жататын тілі көркем, мазмұны келісті сөз үлгісі.
2.Тәлім — тәрбиелік мәні айрықша, байырғы мұрағатының бірі.
3.Сөз әдебі деген аса мәнді ереженің бірі.
Бата беру, ізгі тілек айтудың өзіндік рәсімі, жүйесі, шарттары бар.
ІІ. Интерактивті тақтадан шыққан сиқырлы сандар бойынша сұрақтарға жауап (ауызша)
1.Бата туралы қысқаша кім түсінік береді?
2.Батаны қай кезде береді?
3.Батаны беретін адамды кім дейді?
4. Батаның негізгі неше түрі бар?( ақ, теріс батаны түсіндіріңдер)
ІІІ. Енді оқушылар бата түрлерін кестеге түсіре отырып, оның мағынасан түсіндіреді.
( Ас батасы, Жол батасы, «Наурыз» батасы,Рамазан батасы, Ерік батасы , Ақ бата, Теріс бата )
Мағынасы: Ас батасы — ас келгенде және асты қайыру кезінде жасалады. Рамазан батасы — үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет.
Жол батасы — ұзақ жол, киын сапарға аттанарда үй иесі құдайы тамақ беріп, аузы дуалы ақсақалдан бата алады т.б.
ІҮ. Оқушылардан үйден дайындалып, жаттап келген баталарын сұрау.
Ү. Мұғалімнің отырған көпшілікке берген батасы.
Ел аман болсын, жер аман болсын,
осы отырған шаңырақтың есігі мен төрі аман болсын!
Оқушыларға сұрақ :Осы бата батаның қай түріне жатады? (Көпшілік)
ҮІ.Оқушылардың ізденіс, шығармашылық жұмыстары.
1.Шоқанның Омбыға оқуға аттанардағы алған батасы.
( Көріністі тамашалау)
2. «Ақ бата» тақырыбына интерактивті тақтадан оқушылардың дайындаған тұсау кесерін көру.
ҮІІ. Бата туралы мәтін:
1. Мәтіннен «Бата»сөзі кіріскен мақал- мәтелді тауып жазу.
2. Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдау (батагөй, имандылық, халқымыздың, армандарын,сүйіспеншілік).
ҮІІІ. Қазақтың ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде бата сөздерінің мағынысы, қадір-қасиеті айрықша екендігін бүгінгі сабақтан түсіндіңдер.Бата арқылы ой-санамызға нұрлы шуақ себілетіндігін ұмытпағандарың жөн..
ІХ. Сабақты қорытындылау.
Ұлттық нышандарға салынған суреттерді тірек сөз ретінде пайдаланып,батаны еске түсіру.
1-ші сурет-шаңырақ.,2-ші сурет-кереге,3-ші сурет-терезе,4-ші сурет-босаға.
Х.Рефлексия: Сабақтан алған әсерлерін алдын-ала таратылған гүлге жазып,магнитті тақтаға жапсыру.
(Әр оқушы сабақтан алған әсерін жазады).
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Бата жазып келу.Оның батаның қай түріне жататынын ажыратып келу. (жазбаша)
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
білімділік –оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім,білігін тереңдету
салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу,талдау машықтарын қалыптастыру;
тәрбиелік; - ана тілін ардақтап бағалай білуге,сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу;
дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте,тірек сызба,суреттер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар,іздендіру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих,бейнелеу,математика.
Сабақтың түрі:шығармашылық ізденіс.
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру.Оқытудың қолайлы жағдайларын жарату,үй тапсырмасын сұрау.
«Ынта» тобы.Оқушылық деңгей.
Зымыран сұрақтар
1.Тұрақты тіркес деген не?
2.Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша не деп атаймыз?
3.Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі бола ала ма?
4.Тұрақты тіркестердің қандай баламасы болады?
5.Тұрақты тіркестер мән-мағынасы жағынан бір-біріне антоним болуы мүмкін бе?
6.Тұрақты тіркестердің мағыналары оның құрамындағы сөздердің мағыналарымен байланысты бола ма?
7.Ана тілімізде тұрақты тіркестердің маңызы қандай?
«Жігер» тобы.Суреттерге қарап(қас,көз,құлақ,мұрын)тұрақты тіркестер табу.
«Дарын» тобы.Шығармашылық деңгей.Кестені толтыру.
Тұрақты тіркестер
|
Мағына
|
Сұрақтар
|
Тілі шығу
Ит арқасы қиянда
......................
.....................
Таяқ тастам
...................
Қоян жүрек
|
Сөйлеу
.............
Қуану
..............
..............
Жылдам
............
|
Не істеу?
..............
...............
Қандай?
............
..............
..............
|
Тақтаға мақал-мәтелдер жазылған форматты іліп,ондағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.
Білімқымбат,білу қиын.
Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.
- Балалар,бұл мақалдарды біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны етіп алсақ,жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады.Демек бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы ...
- Мақал-мәтелдер.
- Дұрыс,балалар,олай болса жаңа сабақты зейін қоя,мұқият түсініп алыңдар.Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты жұмыс жүргіземіз.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Мақал-мәтелдер – халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы.Мақал-мәтелдер - өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.
«Сөздің көркі – мақал» деп тегін айтылмаған.Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды,көркем әрі бейнелі болады.Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.
Халық даналығының айнасы.
(Бетің қисық болса,айнаға өкпелеме)
Халықтың ұрпағына өсиеті.
(Әкенің балаға
өсиеті)
Асыл сөз қазынасы.
(Алтын,күміс,гауһар,т.б
Асыл тастар,бағалы бұйымдар – мүліктік қазына)
а
Өмір сүру ережесі
(Жолда жүру,суда жүзу,қауіпсіздік ережесі)
Ой тиянақты,
дәлелді
салыстыру
аяқталған
сөйлем
екі бөлім
Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің,ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы,айқын ойды үлгі-өнеге,ақыл ретінде қысқа
қайырып,көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана,нақыл сөзі.
Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанмен,олар бір-біріне туыс болғанмен,екеуінің өзара айырмашылықтары бар.Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да,құрлымы жағынан да байқалады.
М
Сөйлем немесе сөз тіркесі
ысалы: «Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ,бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады.Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз.оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады.Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді.Яғни киіз қазықтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты.Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді.Мысалы: «Біреу тойып секіреді,біреуі тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,»Еменнің иілгені – сынғаны» деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратынын байқаймыз.Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей,топшылап,болжам ретінде түсіндіретін,сөйлем түрінде де,сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.
топшылау
Мағына тұспалды
Қорытынды пікір,дәлелдеу жоқ
Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ.Оны,бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды.Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан.Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.
Жаңа сабақты бекіту.
Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.
№
|
Мақал-мәтелдер
|
Тақырыптары
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
|
Денсаулық – зор байлық
. . .
Досы көпті жау алмайды, . . .
. . .
Ата көрген оқ жонар
. . .
Ерді намыс өлтіреді, . . .
|
. . .
Өнер – білім
. . .
Еңбек
. . .
Ынтымақ,бірлік
. . .
|
1.Мақал деген не?
2.Мәтел деген не?
3.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?
4.Мақал мен мәтелдің ой түйіндеу тұрғысынан қарағандағы ерекшеліктерін ата.
5.Мақал мен мәтелдің құрлымы жағынан айырмашылықтарын ата.?
133-жаттығу.Ауызша.Мақалдарды оқып,ағынасын түсіндіру.Епті,есті сөздерінің мағынасын түсіндіру.
«Ынта» тобы. Мақалдар мен мәтелдерді ажыратып.баған түрінде жазу (Кестемен жұмыс).
«Жігер» тобы. Құрамында сан есім бар 10 мақал жазу.
«Дарын» тобы. .Суретке қарап мәтін құру.
Сабақты қорыту.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Ата-ана туралы 12 мақал-мәтел жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар мен жұмбақтар.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік:
Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлері: жаңылтпаш,жұмбақ,мақал-мәтелдермен таныстыру.
Ә) Дамытушылық:
Халық ауыз әдебиетінің бұл түрлерін бір-бірінен ажырата білуін,мәнін терең түсініп,мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.Шығармашылық жұмысқа баулу.
Б) Тәрбиелік:
Оқушылардың халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық сезімін оятып,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке,топпен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Партисипаторлық әдіс.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.
Көрнекі құралдар:үлестірмелі қима қағаздар,тренинг ережелері жазылған,сабақтың тақырыбы жазылған плакат,топ ұпайларының көрсеткіштері, тест жұмыстары жазылған плакат,магнитофон.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
А) сәлемдесу Ә) топтарға бөлу
2.Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыз тренинг- сабақ түрінде өтеді.Тренинг сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс жасауға баулу,ойларын бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру,бірлесіп,үндестікпен жұмыс жасауға үйрету.
Сыныпты үш топқа бөлеміз:
Тұлпарлар.
Достар.
Батырлар.
Әр топ жанына топ аттары жазылған табличкалар қойылады.
Сабақ ережесімен таныстыру.
1.Тыныштық сақтау 2.Ұжыммен жұмыс
3.Қол соғу 4.Ойын ашық айт
5.Ережені бұзбау.
Әрбәр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Әр топ өздері арасынан:
1.Топ басшысын
2.бақылаушысын дайындайды.
Топ басшылары топ мүшелерімен таныстырып отырады,ал бақылаушылар топ мүшелерінің алған бағаларын жазып отырады.
1-бөлім.
«Білгенге маржан,білмегенге арзан».
Әр топқа тапсырма беріледі.Ойлануға 2 мин.
Тапсырмалар:
№1.мақал-мәтел дегеніміз не?
№2.жұмбақ деген не?
№3.жаңылтпашты қалай түсінесің?
Талданып болған соң ойын: «түсін мені».
Шарты:1-топтан 1-оқушы шығып,қима қағаз алады да ондағы жазу бойынша ерекшеліктерді бейнелеу.
Қалған екі топ қимылына қарап анықтайды.
Бағалау.
2-бөлім.
«Халық айтса,қалт айтпайды».
Топ басшылары шығып,тапсырмалар алады.Ойлануға 1мин,түсіндіруге 2мин.
А) мақал-мәтелдерді мағынасына қарай ашып,түсіндіру.
№1. «Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ».
№2. «Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық».
№3. «Екпей егін шықпас,үйренбей білім ұқпас».
Ә) әр топқа қима қағаз арқылы тапсырма беріледі,олар сол тақырып бойынша 5мақал айтулары керек.
1.Отан
2.Достық
3.Туған жер,ел.
Ойын «Түсін мені» (жалғасы).
3-бөлім
«Ойлан, тап» деп аталады.
А) Тапсырма магнитофоннан тыңдалады.
Әр топ айтылған жұмбақ жауабын үш тілде берулері керек.
№1. Өзі сондай қу,жүрген жері айқай шу.
№2. Маң-маң басқан маң басқан,шудаларын шаң басқан.
№3. Қыста ақ тон киемін,сәбізді сондай сүйемін.
Ә) Шығармашылық жұмыс.
Жаңа жұмбақ шештік,енді берілген тапсырмаларды алып,ойдан жұмбақ құраймыз. Қалған екі топ жауабын табады.
4-бөлім.
«Кім жаңылыспайды» ?
Магнитофоннан жаңылтпаш тыңдалып,жаңылыспай айтылуы керек.
№1. Дәу тау болады,тау дәу болады.
№2. Шүрегей сүңгігіш пе,сүңгуір сүңгігіш пе?
№3. Аңқау жалқауды жалқаусын дейді,жалқау аңқауды аңқаусын дейді.
Тесттік жұмыс. Сабақ мақсатына жетті ме? Сендер айыра аласыңдар ма? Тексеріп көреміз.
№1. Ақ тайлақ ақ па,қара тайлақ ақ па?
А) Жұмбақ
Ә) Мақал
Б) Жаңылтпаш
№2.Тура мағынада айтылған ақыл сөз
А) Мақал
Ә) Мәтел
-Сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Мақсатқа жеттік пе?
Бағалау.
Үйге: ел аузындағы сирек кездесетін жаңылтпаштар мен жұмбақтарды жинақтау.
Сабақтың тақырыбы: Термелер және Шешендік толғау.
Сабақтың мақсаты: а) шешендік толғау туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;
б) оқушылардың тілдерін бұрмаламай анық, таза сөйлеуге машықтыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,деңгейлік тапсырма
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Шешендік өнердегі ең күрделі кесте-шешендік толғау.
Толғауға
Насихат,өсиет айту
|
қоғамдық-әлеуметтік жайға алаңдаушылық
|
саясатқа күмандану
|
философиялық талдау тән.
|
Термеде
Сөздің мағыналы әсерлілігіне
|
Ырғағының ширақтығына
|
Екпіннің тегеурінділігіне назар аударылады.
|
.
Шығармашылық тапсырма: «Өсиет сөздердің адам өміріндегі маңызы» деген тақырыпта эссе жазады.
Кітаппен жұмыс: Мәтінде қандай философиялық,қоғамдық ой айтылған?
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Толғаудың нақыл сөзден қандай айырмашылығы бар?
терменің тоғаудан қандай айырмашылығы бар?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Махамбет термесін жаттау
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билер соты
Сабақтың мақсаты:
а) шешендер мен билер туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;
б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,деңгейлік тапсырма
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Шешендік сөз дегеніміз не?
2.Шешендік сөздің қандай түрлері бар?
3.Шешенге қойылатын қандай талаптарды білесіңдер?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазіргі тілімізде «би», «шешен» сөздерінің мағынасын бір түсінікпен алу қалыптасқан.
Шешен -сөзге шебер,тілге жүйрік адам.
Қазақ тіліндегі ортақ мағынаға көшуі ел ішіндегі дау-жанжалды шешетін би болу үшін сөзді қиыннан қиыстырып тауып сөйлейтін,ойын шебер жеткізетін қасиет қажеттігінен туған.
Би-халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жақсы білетін сөз жарысында шешендігімен, тапқырлығымен ,даулы істе әділдігімен танылса ғана елге жаққан,халық қадірлеген.
Кітаппен жұмыс: Мәтінді топ бойынша бөліктерге бөліп оқыңдар да басқа топтарға өздерің оқыған мәтінді барынша шебер әңгімелеңдер. Екінші топ осы айтылған әңгіме бойынша үшінші топқа сұрақ әзірлесін. Олар соған жауап береді. 1-2 топ жауаптарын бағалайды. Осы тәртіппен басқа топтарға да кезек беріледі.
Шығармашылық тапсырма: Мына сөздердің мағынасын тауып әр атауға мақал-мәтел жазыңдар
Ру, тайпа, халық, жүз, ұлыс, ел, жұрт, ағайын
Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Эссе жазу
Сабақтың тақырыбы: Төле бидің тағылымы (1663-1756)
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру;
ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;
б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген шешендік сөздер туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Төле би Әлібекұлы XVII—XVIII ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулиеата маңындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастай араб, парсы тілдерін жақсы білген. Шығыстың аңыз-әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған. Әке тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр-тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, кесіп шешім айтып отырған.
Шешендік дәстүрінде жаңа талап жас баланың аты әйгілі билерден барып бата алатыны болады. Сол жүйемен Төле би атақты Әнет Бабаға барып сәлем беріпті. Жүзге келген қарт би ел бірлігі, ынтымақ жайында сөз айтып отырса керек. Сонда жас Төле: "Қалай еткенде бірлік болады, оның мәні қандай болмақ?" - деп сұрапты. Бұған би бір топ буылған шыбықты ұсынып, осыны сындырып көрші десе керек. Жас Төле оны олай бір, бұлай бір иіп сындыра алмапты. Мұны көрген қарт би: "Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы", — десе, ол бұл жеке шыбықтарды оп-оңай быртылдатып сындырып беріпті. Әнет Баба жас баладан: "Бұдан не түсіндің?", — деп сұрағанда, Төле: "Мұның мәнісі, ынтымағы, бірлігі бар елді жау да, дау да ала алмайды. Онсыз тірлік жоқ!", - депті. Сонда Әнет Баба: "Дәл таптың, балам! Ел билеу үшін, ең алдымен, ауызбірлік, ынтымақ қажет! Бақ қайда барасың — ынтымаққа барамын дегеннің мәнісі осы — депті.
Топтастыру стратегиясы:
Елші,мәмлегер заңгер психолог
ақын шешен
саясаткер,қоғам қайраткері
тәрбиеші ойшыл,ғалым
Кітаппен жұмыс: Төле бидің шешендік сөздерін оқу,ойларын жеткізу.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Төлебидің шешендік сөздерін,толғауларын оқып келуге беремін.
Сабақтың тақырыбы : ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК (1667-1764)
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру;
ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;
б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,география
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген шешендік сөздер туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Халқымыздың айтулы кемеңгер билерінің бірі - Қаз дауысты Қазыбек шешендігімен дараланып көзге түскен тарихи тұлға. Оның аты әйгілі Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Әйтеке билермен қатар аталады. Қазыбектің шын мәніндегі шешендігі мен жер жарған даңқы кешегі "Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама" атанған Жоңғар басқыншылығыша қарсы күрес жылдары бүкіл қазақ даласына жайылады. Ол халқымыздың басына ауыр күн туып, не ел болу, не құрып кету қаупі төнген қиын сәтте суырылған шешендігімен, алғыр да білгір көсемдігімен ел намысын қорғап қалады.
Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім.
Ұзақ сөзбен емес, ұрымтал оймен, ұшқыр қиялымен саралай отырып, дәлелді жеткізген сөздері шешеннің еш нәрседен қайтпайтын қайсар әрі шешен, әрі батыр екенінің делелі. Қалмақ ханына: "Егер бітімге келмесең тұрысатын жеріңді айт - дей келе, — атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен — қалмақ, біз — қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы, табысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен - қабылан болсаң, мен - арыстан, алысқалы келгенбіз"... , - деп өз ойын ашық білдіреді. Мұнда сөз бен сөз тіркестерін әлсін-әлсін қайталап, бір ұғымның төңірегінде бірнеше мәндес, мағыналас сөздерді шегелеп, , нығыздай (қазбалай) сөйлеп жалынды сөздерді бұршақтай жаудыртты. Мірдің оғындай екпінді сөздерімен Жоңғар ханның тіл-аузын аштырмай "айтқан сөзі — құрған қақпандай" болғанын анық байқаймыз. Биді халық "қазып айтқан Қазыбек" деп қастерлеген.
Кітаппен жұмыс: Қазыбек бидің шешендік сөздерін оқу,ойларын жеткізу.
Шығармашылық жұмыс: Мына сұрақтарға жауап беріп көріңдер.
«Кім жақын, не қымбат, не қиын?»
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Үш би қай жерде бас қосқан еді?
Үш бидің бас қосқан жеріне үш елбасы қай жылы бас қосты?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қазыбектің шешендік сөздерін,толғауларын оқып келуге беремін.
Сабақтың тақырыбы : ӘЙТЕКЕ БИ (1664-1700)
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру;
ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;
б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,география
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген шешендік сөздер туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қазақтың әйгілі де айбарлы билерінің бірі - Әйтеке. Ол Тәуке ханның тұсында емір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес косқан. Әйтеке би жастайынан-ақ әр түрлі дау-дамай, талас-тартыста суырылып шығып, көшелі сөз айтып, тілмар шешендігімен жұртты таң қалдырған.
Қазақ билерінің дәстүрімен Әйтеке де Қазыбек биге сәлем беруге келген. Әлі онша таныла қоймаған кезінің өзінде ұтымды жауабымен көзге түседі. Қазыбек Әйтекеге:
"Уа, балам, атадан жақсы ұл туса, елдің ту болады, жаман ұл туса, соры болады деуші еді, сен соның қайсысы боласың?!" — депті. Сонда Әйтеке бірден тіл қатып: "Ораздының қариясы қартайғанда, қазына болады, Шиыршының қариясы қартайғанда қазба болады дейтін еді, өзіңіз қайсысы боласыз?" — деп қарсы сұрақ қояды. Бұған Қазыбек: "Иншалла, қазынасы болармыз", — дейді. Сонда Әйтеке: "Біз де елдің туы болармыз", — деп жауап қайтарған.
Бұл бір жағынан, сәлем берушінің тапқырлығы мен ой-өрісін байқатады. Елге танымал белгілі шешеннің алдынан өткен жасты жұрт та мойындап, келешегінен үлкен үміт күткен.
Әйтеке басқа билермен бірге "Күлтөбенің басында күнде жиын" атанған тарихта белгілі ауыр кезенде қалмақ басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болған.
Кітаппен жұмыс: Әйтеке бидің шешендік сөздерін оқу,ойларын жеткізу.
Шығармашылық жұмыс: « Билер шықты сайысқа» атты сайысқа сценарий құрастырыңдар
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Шешендік сөздерді неге шағын жанр дейміз?
Би-шешендерге тән қасиеттер,олардың қоғамдағы,тарихтағы,өмірдегі орны мен рөлі қандай?
Атақты шешен ,билерден кімдерді білесіңдер?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Әйтеке бидің шешендік сөздерін,толғауларын оқып келуге беремін.
Сабақтың тақырыбы: «Жиренше мен Хан»
Сабақтың мақсаты:
білімділік – аңыз әңгімені оқыта отырып, сөйлеу тілін дамыту, сұрақ қоя білуге, жауап бер білуге үйрету,
дамытушылық – ауызекі сөйлеуге, мәтінді дұрыс оқып түсінуге, сөздік қорын молайтуға, практикалық жұмысты бере отырып тіл дамытуда пайдалану,
тәрбиелік - әңгіме арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді, ақылдылығы мен тапқырлықты дамыту.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақты әңгімелей білуге үйрету.
Сабақтың типі; жаңа сабақты оқып үйрену.
Сабақтың формасы: дәстүрлі сабақ.
Көрнекілік: Жиреншенің суреті, қаздың еті, бөлінген бөліктері бар суреттер, магнитофон.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Магнитофонмен күй тындау, оқушылардың назарын күй әуеніне аудару.
Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар)
Балалар, бүгін «Жиренше мен хан » аңыз әңгімесімен танысамыз. Ал, оқушылар аңыз әңгімелер туралы сендерге мына тірек сызбаны көрсетіп тұрамын. Оны өздеріңмен бірге сызған едік.
Кәне, осы сызба арқылы аңыз әңгімелер туралы не айтасыңдар?
Осы сызба бойынша балаларды сөйлету.
Оқушылар бүгін өте қызық әңгіме «Жиренше мен хан» деген әңгімемен танысамыз.
Мәтін бойынша кейіпкерлер кімдер?
Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
Сендерге қай кейіпкер ұнайды? Неге?
Жағымсыз кейіпкер кім?
Неге ұнамайды? Түсіндір?
Жиренше қаздың етін дұрыс бөлді ме?
Қаздың етін (суреттерді көрстеу) Жиренше қалай бөлген?
Жиренше неге қаздың орта бөлігін өзіне қалдырды?
Ал сендердің сөздерің, ойларың бойынша дәптерге дәлелдейік
Әңгіме аты
|
Қазақ әдебие-тінің түрі
|
Басты кейіпкер
|
Жағымды кейіпкер
|
Жағымсыз кейіпкер
|
Жиренше мен хан
|
Аңыз әңгіме
|
Жиренше
мен
хан
|
Жиренше
|
Хан
|
Екі
|
Қандай адам?
|
Қандай адам?
|
Ортақ қасиет-тері
|
Ақылды, әділ, тапқыр, қайырым-
ды, батыл
|
Ақылсыз, қайырым-сыз, қорқақ
|
Білімді батыл
|
Кедей
|
Бай
|
|
Таблицаны оқушылар өздері толтырады, жұмыс барысында магнитофоннан күй орындалады.
Проблемалық сұрақтар
Қалай ойлайсыңдар, Жиренше қаздың етін дұрыс бөлді ме?
Қазір Жиренше сияқты тапқыр адамдар бар ма? Мысалы келтір.
Ханға ұқсайтын адамдар өмірде бар ма? Олар кімдер?
Мысалы келтір.
Егер сен Жиреншенің орынында болсаң қаздың етін қалай бөлер едің?
Тестік сұрақтар
Аңыз әңгімеде кейіпкер кім?
а) адамдар ә)жануалар б)құстар
2. «Жиренше мен хан» ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?
а) ертегі ә) аңыз әңгімелер б) өлең мен жырлар
3. Жиренше қандай адам?
а) тапқыр ә) ақылсыз б) бай
4. Жиренше қаздың екі қанатын кімге берді?
а) ханға ә) балаларына б) әйеліне
5. Жиренше қаздың екі қанатын кімге берді?
а) екі баласына ә)әйеліне б) ханға
6. Жиренше қаздың орта денесін кімге берді?
а) өзіне ә) әйеліне б) дастархандағы адамдарға
Тестің кілті.Бағалау
Үйге тапсырма. Жиренше ханды не себепті үнемі жеңіп отырды?
Сұраққа жауап жазу, айта білу.
Мәтінді оқып, кейіпкерлерге мінездеме бер.
Сабақты қорыту. Біз бүгін сабақта нені үйрендік
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Тест.
Мақсаттар:
1.Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билер жайлы білімдерін қорыту.
2.Еске салу арқылы білімдерін тексеру.
3.Білімді, белсенді қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды.
Сабақтың әдісі: практикалық
Көрнекілектер: тест үлгілері..
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билердің өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы не білесіңдер?
2 .Шешендік сөздердің түрлерін толықтырыңдар.
3.Қазақ шешендік сөздер зерттеген ғалымдар туралы ой бөлісіңдер.
4.Шешен адамға тән қасиеттерді атаңдар.
5.Шешендік жайлы үйден шығарма жазып келу.
I Тест сұрақтарына жауап беріңдер
Қазақ шешендік өнерінің зерттелуі қай кезеңнен бастау алады?
ХХ ғ І ширегі
ХІХғ
ХҮІІғ
Шешендік сөзді саясат шешен сөзі, билік шешен сөзі,қошемет шешен сөзі, ділмар шешен сөз, уағыз шешен сөз деп бөлген ғалым
Ш.Уәлиханов
Б.Адамбаев
А.Байтұрсынұлы
Қазақ шешендік өнеріне «Билер сөздері», «билер айтысы» деген теминдерді енгізген кім?
С.Сейфулин
М.Әуезов
М.Есламғанұлы
4. М.Әуезов,С.Сейфуллин,Х. Досмұхаммедов ұсынған «Билер сөзі» терминін шешендік сөздер терминімен алмастырып, тақырып аясын айқындаған ғұлама.
Ә.Мәметова
Б.Адамбаев
М.Есмағанұлы
5. Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?
5
3
4
6. Қазақ шешендік өнерін бірінші- салтанатты, екпінді сөздер, екінші нақтылы, қысқа түйінді сөздер, үшінші майда,биязы сөздер деп жіктеген ғалым
Ә.Мәметова
С.Садырбаев
М.Есмағамбетова
7. 1887ж «Дала уәлаяты» газетінің 24 санында ескі билердің шешендік сөздеріне аса ілтипат көрсетіп, оларды жинау, саралау, насихаттау идеясын көтерген ағартушы
А.Байтұрсынұлы
М.Дулатұлы
Ә.Бөкейханұлы
8. Қазақ би-шешендерінен біршама мағлұмат беретін С.Сейфуллиннің 1932 жылы шыққан еңбегі
«Қазақ әдебиеті
«Қазақтың би-шешендері»
«Билер бейнесі»
9. Нығмет Мыңжанның зерттеуіндегі пікірде үйсін мемлекетінің билеушісін Күнби деп атаған. Бертінгі қзақта пайда болған қандай сөз күнби сөзімен сабақтас келеді деп атап көрсетеді?
Би
Хан
Шешен
10. Қазақ хандығында билер қандай әлеуметтік топтың басшысы болған?
Ұлыс
Тайпа
Жүз
Жауаптары:
Төле биден тест жұмысы.
Төле қай жүздің биі?
Ұлы
Кіші
Орта
Төле бидің руы?
Қожа
Жаныс
Әлім
Төле би дүниеге келген облыс
Маңғыстау
Жамбыл
Алматы
Төле би заманында қазақтар кімдермен дауласып жатты?
Орыстармен
Жоңғарлармен
Ноғайлармен
5. Төле би заманындағы Орынбор губернаторы
А. Иоановна
И. Неплюев
С.Крыжановский
«Төле өлді дегенше, дүниеде әділет өлді десейші» деп, Төленің өліміне аса қатты қайғырған би
Қазыбек би
Бәйдібек би
Әйтеке би
Төле би неше жыл билік жүргізген?
13
12
17
8.«Қалай еткенде бірлік болады,оның күші қандай болмақ? Деген сұрақты Төле биге кім қояды?
Абылай жан
Әнет баба
Қызыр ата
Төле би мовзолейі қазір қайда?
Түркістанда
Ташкентте
Таразда
«Қарылғаш би» жыры қазір қайда сақтаулы?
Қытайда Үрімші қаласында
Өзбекстанда Ташкент қаласында
Ресейде Мәскеу қаласында
Дұрыс жауаптары:
А
В
В
В
В
А
В
В
В
А
II. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар:
1.Шешендік сөздердің түрлерін толықтырыңдар.
2.Қазақ шешендік сөздер зерттеген ғалымдар туралы ой бөлісіңдер.
3.Шешен адамға тән қасиеттерді атаңдар.
4.Шешендік жайлы үйден шығарма жазып келу.
5.Қарлығаш би жырынан үзінді жатқа айт.
ҮЙГЕ: Шешендік өнер жайлы мақал-мәтелдер жаттау
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз өнерінің айтыс жырындағы көрінісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шешендік өнердің иесі-шешен адамның бойындағы қасиеттерді, шешендікті үйрену жолдарын нақты дәлелдермен түсіндіру, шешенге қойылатын талаптарды оқушы санасына сіңіру.
Тәрбиелік: Сөз өнеріне қызықтыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Дамытушылық: Шешендік өнерді үйрену жолдарына үйрету, білім-білік дағдыларын жетілдіру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, мәселе қоя іздендіру, топтық жұмыс, логикалық тапсырма талдау, сатылай комплексті талдау т.б.
Сабақтың барысы: І. Жаңа сабақ Өткен тақырыптармен байланыс
Сұрақтар
Шешендік сөздерді қалай түсіндіре аласың?
Шешен деп қандай адамдарды айтуға болады?
Сөйлеу мәдениеті не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Шешендік сөздің қандай түрлері бар?
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін:
1.Шешендік сөз, шешендер ерекшелігі туралы электронды оқулықпен жұмыс
2. Шешендік сөз тарихы
1. Майқы би, Аяз би (ХІІ-ХІІІғ)
2. Жиренше шешен, Асан қайғы (ХІҮ-ХҮғ)
3. Шалкиіз, Бұхар, Шортанбай, Дулат, Төле, Қазыбек, Әйтеке (ХҮ-ХҮІІІғ)
3. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет, ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл» (Бөлтірік шешен)
Осы дәйек сөзді негіз ете отырып, сөз, сөз құдіреті туралы нақыл сөз, даналық ойларды ортаға салу, оқушы ойын, пікірін айтуы
«Шешендік- білім нәтижесі»
Шешен адам ол кім?
Өз заманының озат ойшылы;
Көкейге тоқығаны мол саналы білімді, парасатты азаматы;
Табанда тауып айтатын тапқыр;
Шаршы топта тартынбай сөйлейтін батыл;
Сөз сайысында саспайтын батыл;
Шындықты тартымды оймен жеткізуші;
Халық даналығын меңгерген көреген көсем, әділетті билік айтушы.
Осы көрсетілген бағаны оқулықта берілген шешенге лайықты қасиетпен салыстыра түсіндіру.
6.Би, шешендерді қазіргі заманғы әділқазы, сот төрағасы қызметімен байланыстыру
Би-шешен, судья, әкім
|
Ертеде
|
Қазір
|
Оқымаған
Тілге шешен
Әділетті
Туа біткен дарын
Аса, сақ, халықшыл, сезімтал
Адам тағдырына арашашы
|
Оқыған
Тілге орашолақ
Әділет жолынан ауытқиды
Оқып-үйрену арқылы қабілетін шыңдаған
Эгоистік басым, халық қамын билікте жеткізбейді
Адам тағдырына немқұрайлы
|
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту жұмыстары
Оқулықпен жұмыс. Тақырыппен танысу. 16-тапсырманы оқып-талдау
Шешендік сөздер айту. Негізгі түйін шығарту.
Шығармашылық топтық тапсырма
Шешеннің қаруы-сөз. « Сөз» ұғымына қатысты тіркес сөз жазу
Жақсы
|
Жаман
|
Жақсы, шешен, керемет, сұлу, өткір, қастерлі, жүйрік, әдеби, тапқыр, сыпайы, ұшқыр, жылы, табиғи, жарасымды, дауылпаз, шынайы, достық, ойлы, аталы, қалау, шұрайлы, киелі, ұлағатты, бейнелі, астарлы
|
Дөрекі, сүйкімсіз, ащы жаман, ғайбат, балағат, қисық, қыңыр, шайпау, анайы, былапыт, жаргон, былғаныш, ерегеспе, жаттанды сөз, қыршаңқы, бос, арсыз, сыпсың, тұрпайы, қаңқу, қарғыс, жауыр, боғауыз, азғын, дәйексіз, бейпіл, мұқатпа, шымшыма
|
Тақырып бойынша шешендік сөзталас.
1.“Ұлттық құндылықтар туралы сөз”
2.“Егер қолымда билік болса ...”
3.“Қазақстанның болашағы мен ғарыш ғажайыптары туралы ойларым”
4.“Сот жүйесінде әділдік бар ма?”
ІҮ. Оқушыларды бағалау, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалауы.
Кімнің сөздері ұтымды айтылды?
Кімнің ойымен келісер едің?
Сабақтың қай тұстары ұнады, қандай тың мәлімет алдым деп ойлайсың?
Өз жауабыңа көңілің толды ма?
Ү. Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма «Би- шешендер өмірінен деректер жинау»
Сабақтың тақырыбы: Айтыс
Сабақтың мақсаты: а) Айтыс туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;
б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар т.б электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Өз пікірін,ойын, көзқарасын жеткізуде пікірталас түрлерінің ішіндегі ең көркемі,нағыз сөз шеберінің ғана қолынан келер өнер туындысы-айтыс.
Халыққа танымал айтыс ақындары ән мен жрдың шеберлері ғана емес, ел тілегін, жұрт қамын айтқаннан соң, ел еркелері де-солар.
Айтыс-қазақ халқының ежелден қалыптасқан өлеңмен суырып салып айтатын сөз сайысы,жыр жарысы.
Айтыс-түрлі ой-пікірлердің талқыға түсуі,әр пікір,ойды айтушының өзін қорғай алуы. Айтыс көпшілік алдында немесе екеара немесе топтар арасында өтуі мүмкін.
Мәтінмен жұмыс
1.Алғашқы айтыстағы Шөже басымдылығы неде деп ойлайсыңдар?
2. Екі айтыста да Шөженің жеңуінің сыры, шеберлігі неде?
А) әдептен озбай,қарсыласын көтермелей отырып соққы береді;
ә) жасы үлкендігі;
Б) тапқыр жауабында.
Венн диаграммасы: Шөжеге, Орынбайға мінездеме беріңдер
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Қазіргі айтыс ақындарынан кімдерді танисыңдар?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қосымша әдебиеттерді пайдаланып,айтыс түрлеріне реферат жазыңдар
Сабақтың тақырыбы: «Біржан мен Сара» айтысы.
Сабақтың мақсаты: білімділік – айтыс туралы ойларын тереңдету, «Біржан мен Сара» айтыссын дамыта оқыту технологиясы арқзылы бағалай білуге үйрену, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттыру, айтыстағы бейнелі сөздерге көңілдерін аудару, білімдерін кеңейту; дамытушылық – оқушылардың «Біржан мен Сара» айтысы туралы білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, асыл сөз айшықтары арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын молайту; тәрбиелік – сөз өнерінің биік шыңы айтыстың ерекшеліктерін таныта отырып, өнер алды қызыл тіліміз арқылы шешендікке, ізеттілікке, адамгершілікке имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорытындылау.
Сабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы ойлауды дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:
Біржан – бұрынғы –соңғы қазақтың сал - сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ.
( Есмағанбет Ысмайылов).
«Біржан мен Сара » айтысы өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі ең үздігі.
(Сәбит Мұқанов)
«Біржан - Сара» операсынан көріністер.
«Қазақ әдебиеті» газеті. «Айтыс» қосымшасы
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі
Ой шақыру.
Айтыстың қандай түрлері бар?
Ақындар өзіне тән ерекшеліктері.
Айтыстың адам тәрбиелудегі рөлі.
Біржан мен Сара туралы не білесіңдер?
Біржан мен Сара айтысының негізгі өзегі.
Айтыстағы Біржан мен Сара сипаттары
айтыстың көркемдік ерекшелігі.
Достарыңызбен бөлісу: |