Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті. Аталған Бағдарлама осы еңбектерде айтылған идеяларды, сондай-ақ осы идея негізінде құрылған оқыту мен оқудың стратегияларын қарастырады.
Мұғалімдер мен балалар үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды, ал ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Сондықтан бағдарлама сыни бағалау тәсілдерін де қарастырады.
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
Бағдарлама аяқталғанда мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде тиімді пайдалануды білетін болады. Осылайша, олар жұмыс, демалыс және қарым-қатынас үшін АКТ-ны сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. Осындай дағдылар негізінде АКТ туралы білім жатыр, яғни: оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білу.
Достарыңызбен бөлісу: |