5. Білім алушыларға тыйым салынады:
5.1. тиісті деңгейдегі оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында көзделген міндетті оқу сабақтарын дәлелді себептерсіз өткізіп алуға;
5.2. сынып жетекшісінің, ал ол болмаған кезде кезекші әкімшінің немесе медицина қызметкерінің рұқсатынсыз оқу процесі кезінде мектепті тастап кетуге;
5.3. мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға;
5.4. сабақ барысында оқу процесіне қатысы жоқ ұялы телефондар мен басқа да техникалық құрылғыларды пайдалануға;
5.5. сабақ барысында тамақ пен сусын ішуге;
Мектепке және оның аумағына қару, жарылғыш, химиялық, от қауіпті заттар, темекі бұйымдары, спиртті және құрамында спирті бар сусындар, есірткі, психотроптық, есеңгірететін, уытты заттарды, ҚР-да айналысқа жол берілмейтін немесе шектелген немесе білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығына зиян келтіруге қабілетті өзге де заттарды әкелуге. Дәрі - дәрмектерді тек медициналық негізде көрсетілген оқушылар ғана ала алады. Оқушылар немесе білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) мектеп әкімшілігін оқушының өзімен бірге қажетті дәрілік заттары болатын медициналық көрсеткіштері туралы хабардар етуі тиіс.
5.6. мектепте және оның аумағында құмар ойындар ойнауға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, алыпсатарлық сипаттағы операцияларды жүргізуге тыйым салынады. Бұл талап орындалмаған жағдайда әкімшілік, сынып жетекшілері, кезекші педагогтер мүлікті білім алушының ата-анасы (заңды өкілдері) келгенге дейін алып қоя алады;
5.7. дөрекі, әдепсіз сөздерді, қимылдарды қолдануға;
5.8. мектеп ғимаратында және аумағында темекі шегуге;
5.9. баспалдақтарда жүгіруге және ойындар ұйымдастыруға, баспалдақ таяныштарына иілуге;
5.10. мектеп үй-жайларында сыртқы киімде болуға;
5.11. гардеробта киім қалтасында немесе пакетте келесі заттарды қалдыруға: ақша, кілттер, жол жүру билеттері, ұялы телефондар, плеерлер, құлаққаптар, колонкалар, ойын құрылғылары және басқа да бағалы заттар. Гардеробта немесе мектептің басқа үй-жайларында қараусыз қалдырылған жеке заттардың сақталуына мектеп әкімшілігі және гардероб қызметкерлері жауап бермейді.
5.12. Саяси партияларға, діни ағымдарға, бейресми бірлестіктерге, фанаттар клубтарына жататындығын көрсетуге.
5.13. Саяси, діни идеяларды, сондай-ақ адамның рухани немесе физикалық денсаулығына зиян келтіретін идеяларды насихаттауға.
5.14. Ғимаратта сыртқы киіммен және (немесе) бас киіммен жүруге.
5.15. Мүлікті бүлдіруге немесе оны мақсатсыз пайдалануға, қоқсытуға.
5.16. Әкімшіліктің немесе материалдық жауапты адамдардың рұқсатынсыз жиһазды, жабдықты және өзге де мүлікті үй-жайдан үй-жайға ауыстыруға.
5.17. Егер бұл білім беру процесін ұйымдастыруға, мәдени іс-шараларға байланысты болмаса, ғимаратта және аумақта скутермен, гироскутерлермен, велосипедтермен, роликті конькилермен, конькилермен және басқа да көлік және спорттық мақсаттағы құралдармен жүруге.
5.18. Кәсіпкерлік қызметті, оның ішінде сауданы жүзеге асыруға немесе ақылы қызметтер көрсетуге.
5.19. Білім беру бағдарламасын іске асыру, мәдени-бұқаралық немесе спорттық іс-шаралар өткізу үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, айқайлау, шу шығару, музыкалық аспаптарда ойнауға, дыбыс шығаратын аппаратураны пайдалануға.
5.20. Даулы мәселелерді білек күші немесе психологиялық зорлық-зомбылық арқылы шешуге.
Достарыңызбен бөлісу: |