8. Білім алушының оқу уақытын ұйымдастыру 8.1. «№1 мектеп-гимназия» КММ-де сабақтар бірінші ауысымда сағат 8.00-ден, екінші ауысымда 14.15-тен басталады және мектеп директоры бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі;
8.2. Сабақтың аяқталғаны туралы қоңырау (белгі) педагогке беріледі. Педагог сабақтың аяқталғаны туралы хабарлаған кезде ғана білім алушы сыныптан кетуге құқылы;
8.3. Білім алушылар сабақ аяқталғаннан кейін оқу үй-жайынан демалуға шығады;
8.4. Сабақтан кетіп қалуға қатаң тыйым салынады;
8.5. Білім алушыны сабақтан босату мектеп директорының немесе кезекші әкімшінің жазбаша өкімімен ғана мүмкін болады.
9. Білім алушының сабақтағы мінез-құлық қағидалары 9.1. Егер сабақ барысында оқушы сыныптан шығуы керек болса, онда ол қолын көтеріп, мұғалімнің рұқсатын сұрауы керек;
9.2. Егер оқушы мұғалімге сұрақ қойғысы келсе немесе сұраққа жауап бергісі келсе, ол қолын көтереді;
9.3. Кестеге сәйкес оқу кабинеттеріне өтеді, жұмыс орындарын алады (отырғызу жоспарына сәйкес) және алдағы сабаққа барлық қажетті керек - жарақтарды дайындайды;
9.4. Сабаққа кешігіп келуге қатаң тыйым салынады;
9.5. Сабақтарда (оқу сабақтарында) білім алушылар білім беру қызметіне қатысу үшін өзімен бірге қажетті мектеп керек-жарақтары мен әдебиеттерін алып жүруге міндетті;
9.6. Білім алушыларда дене шынықтыру сабақтарына арналған спорттық киім мен аяқ киім болуы тиіс. Мұндай киім болмаған жағдайда білім алушылар сыныбымен бірге қалады, бірақ сабақтарға жіберілмейді;
9.7. Білім алушылар сабақтың басында және соңында, сондай-ақ сыныпқа ересектер немесе мектеп әкімшілігінің өкілі кірген жағдайда орындарынан тұрады;
9.8. Сабақ (оқу сабағы) кезінде білім алушыларға шу шығаруға, өздерін алаңдатуға және сыныптастарын бөгде әңгімелермен, ойындармен және сабаққа қатысы жоқ басқа да істермен алаңдатуға болмайды. Сабақ (оқу сабағы) уақытын білім алушылар тек оқу мақсаттары үшін пайдалануы тиіс.
9.9. Білім алушылар компьютерлерді, оқытудың техникалық құралдарын, зертханалық аспаптар мен оқу құралдарын қатаң түрде мақсаты бойынша және педагогтің рұқсатымен, сондай-ақ техникалық оқыту құралдарымен және зертханалық жабдықпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып пайдаланады;
9.10. Білім алушылар сабақтарда және сабақтан тыс жұмыстар кезінде еңбекті қорғау талаптарын білуі және қатаң сақтауы қажет.
9.11. Сабақ барысында білім алушылар білім беру процесінде қажетті техникалық құралдарды немесе мұғалім пайдалануға рұқсат берген құралдарды ғана пайдалана алады. Оқушыларда бар қалған құрылғыларды дірілсіз үнсіз режимге ауыстырып, үстелден алып тастау керек.
9.12. Мектепте әкімшілік пен ата-аналардың (заңды өкілдердің) рұқсатынсыз жасырын аудио және бейнежазба құралдарын, егер де олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болса, пайдалануға тыйым салынады. Жасырын аудио - және бейнежазба техникалық құралдары заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана пайдаланылуы мүмкін.