«Қан айналым және тыныс алу жүйесі ауруларындағы ажыратпалы диагноз және емдеу принциптері» пәні бойынша «Жалпы медицина» В130100 мамандығы бойынша, курстқа СӨж орындаған


Диуретиктерді тағайындауға көрсетімдер



бет2/7
Дата25.12.2021
өлшемі30,85 Kb.
#104935
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Казиханов Н.Б 4-026 МОДУЛЬ 2

Диуретиктерді тағайындауға көрсетімдер:

- Жүрек функциясының жеткіліксіздігі;

- Егде жастағы АГ;

- Систолалық АГ;

- Негроидты тұлғалардағы АГ;

- Қантты диабет;

- Жоғары коронарлық қауіп;

- Инсульттің екіншілік профилактикасы.


 Диуретиктерді тағайындлауға қарсы көрсетімдер - Подагра.
 Диуретиктерді тағайындауға мүмкін қарсы көрсетімдер - Жүктілік.
 Рационалды комбинация:

1. Диуретик + β-адреноблокатор (гидрохлортиазид 12,5-25 мг немесе индапамид 1,5; 2.5 мг + метопролол 25-100 мг)..

2. Диуретик + ИАПФ (гидрохлортиазид 12,5-25 мг немесе индапамид 1,5; 2.5 мг + эналаприл 5-20 мг немесе лизиноприл 5-20 мг немесе периндоприл 4-8 мг. Тіркелген комбинациялы препараттарды тағайындау мүмкін – эналаприл 10 мг+гидрохлортиазид 12.5 жəне 25 мг, сонымен қатар төмендозалы тіркелген комбинациялы препарат – периндоприл 2 мг+индапамид 0,625 мг).

3. Диуретик + АТ1-рецепторларын бөгегіштер (гидрохлортиазид 12,5-25 мг немесе индапамид 1,5; 2.5 мг + эпросартан 600 мг). Эпросартанды АҚ деңгейіне байланысты 300- 600 мг/тəулігіне дозада тағайындайды.


 β-адреноблокаторлар

β-адреноблокаторларды тағайындау үшін көрсетімдер:

1. β-адреноблокаторлар  тиазидті диуретиктерге альтернатива ретінде қолданылуы мүмкін немесе егде емделушілерді емдеу кезінде комбинация құрамына кіреді.

2. Жүктемелік стнокардиямен қосарланған, миокард инфарктынан кейінгі АГ.

3. АГ + Жүрек функциясының жеткіліксіздігі (метопролол).

4. АГ + 2 типтегі қантты диабет.

5. АГ + жоғары коронарлы қауіп.

6. АГ + тахиаритмия.

Метопролол ішке, бастапқы доза 50-100 мг/тəулігіне, негізгі ұстап тұрушы доза 100-200 мг/тəулігіне 1-2 қабылдауға.

Қазіргі уақытта атенолол ұзақ гипотензивтік терапия үшін АГ науқастарға препараттың соңғы нүктеге әсері болмағандықтан тағайындалмайды (жүрек қантамыр асқынулары мен өлім).


 β-адреноблокаторларды тағайындауға қарсы көрсетімдер:

1. Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы.

2. Бронхылы демікпе.

3. Буындардың облетерлеуші аурулары.

4. II-III дəрежелі АВ-бөгегіштер.
 β-адреноблокаторларды тағайындауға мүмкін қарсы көрсетімдер:

1. Спортшылар мен физикалық белсенді емделушілер.

2. Перифериялық қантамыр аурулары.

3. Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы.


 Рационалды комбинация:

1. БАБ + диуретик (метопролол 50-100 мг + гидрохлортиазид 12,5-25 мг немесе индапамид 1,5; 2.5 мг).

2. БАБ + дигидропиридиндік қатар АК (метопролол 50-100 мг + амлодипин 5-10 мг).

3. БАБ + ИАПФ (метопролол 50-100 мг + эналаприл 5-20 мг немесе лизиноприл 5-20 мг немесе периндоприл 4-8 мг).

4. БАБ + АТ1-рецепторларының бөгегіштері (метопролол 50-100 мг + эпросартан 600 мг).

5. БАБ + α-адреноблокатор (метопролол 50-100 мг + доксазозин 1 мг Аг кезінде простата аденомасы фонында).


 Кальций каналдарын бөгегіштер (кальций антагонистері): 

Дигидропиридин туындылары тобының ұзақəсердегі кальций антогонистері тиазидті диуретиктерге альтернатива ретінде немесе комбинациялық терапия құрамында

пайдаланылуы мүмкін;

АҚ ұзақ бақылау үшін, дигидропиридин туындылары тобының қысқаəсердегі кальций антогонистер тағайындаудан аулақ болу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет