«Қан айналым және тыныс алу жүйесі ауруларындағы ажыратпалы диагноз және емдеу принциптері» пәні бойынша «Жалпы медицина» В130100 мамандығы бойынша, курстқа СӨж орындаған



бет1/7
Дата25.12.2021
өлшемі30,85 Kb.
#104935
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Казиханов Н.Б 4-026 МОДУЛЬ 2
Казиханов Н.Б 4-026 топ срсп2

«Қан айналым және тыныс алу жүйесі ауруларындағы ажыратпалы диагноз және емдеу принциптері» пәні бойынша «Жалпы медицина» - 5В130100

мамандығы бойынша, 4 курстқа СӨЖ
Орындаған:Казиханов Н.Б

Топ:4026ОМ




Тақырыптың аты

Қысқаша мазмұны


Орындау түрі


Бақылау нысаны

Сағаттағы көлемі

Кредит №2

3.

Артериялық гипертензия синдромы бойынша ажыратпалы диагноз: Эссенциальды артериалық гипертензияның дифференциалды-диагностикалық критерилері және емдеу принциптері. .

Артериалық гипертензия синдромы бойынша ажыратпалы диагностика бойынша әдебиетті оқу.

Ажыратпалы диагностика бойынша әдебиетпен жұмыс.

moodle.kgmu платформасында СӨЖ орындауды тексеру


6

4.

Ісіну және асциттік синдром бойынша ажыратпалы диагноз: Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің дифференциалды-диагностикалық критерилері және емдеу принциптері. Қанайналым жеткіліксізідігінің клиникалық белгілері. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің функционалды кластар бойынша жіктемесі және сатылары.

Ісіну-асциттік синдромы бойынша ажыратпалы диагностика бойынша әдебиетті оқу.

Ажыратпалы диагностика бойынша әдебиетпен жұмыс.

moodle.kgmu платформасында СӨЖ орындауды тексеру


6

  1. «Артериялық гипертензия синдромы бойынша ажыратпалы диагноз» тақырыбы бойынша: ҚР клиникалық хаттамасына сәйкес артериалық гипертензияның емдеу принциптерін жазыңыз. Тапсырманы жазып файл түрінде жіберіңіз.


Ем мақсаты:

1. Ем мақсаты болып АҚ мақсатты деңгейге дейін төмендету табылады (жас жəне ортажастағы емделушілерде < 130 / 85 төмен, егде жастағы емделушілерде < 140 / 90 төмен, қантты диабетпен науқастарда < 130 / 85). Терапия кезінде «мақсатты» мəнге қол жеткізу мүмкін болмаса да, АҚ аздап төмендетудің өзі қажет. АГ кезіндегі терапия систолалық, сонымен қатар диастолалық артериалдық қысымды төмендетуге бағытталған.

2. Ағза-нысандарда  құрылымдық-функционалдық өзгерістердің туындауын немесе олардың қайта дамуын болдырмау.

3. Ми қанайналымы бұзылыстарының дамуын, кенет жүрек өлімін, жүректік жəне бүйректік жеткіліксіздіктерді болдырмау жəне нəтижеде алдағы болжамды жақсарту, яғни науқастардың өмірін сақтау.


 Дəрі-дəрмексіз ем - емделушінің өмір салтын өзгерту:

1. Дəрі дəрмексіз ем  АГ барлық науқастарға ұсынылуы қажет, дəрілік терапияға зəрулерді қоса.

2. Дəрі дəрмексіз терапия дəрі дəрмектік терапияға қажеттілікті төмендетеді жəне гипотензивтік препараттар тиімділігін арттырады.

3. Өмір салтын өзгерту бойынша шараларды АГ барлық емделушілерге, сонымен қатар АҚ «қалып шеңберінде артқан» науқасатрға ұсыну қажет (130-139/85-89 мм.с.б.).

4. Темекі тартатын емделушілерге оны тастауды ұсыныңыз.

5. Алкоголь пайдаланатын емделушілерге, оны ерлер үшін 20-30 г этанол/тəулігіне көп емес, əйелдер үшін 10-20 г этанол/тəулігіне көп емес шектеу ұсынылады.

6. Дене салмағы жоғары емделушілерге (ДСЖ 25,0 кг/м2) салмақты төмендетуді ұсыну қажет.

7. Тұрақты жаттығулар көмегімен физикалық белсенділікті арттыру қажет.

8. Ас тұзын пайдалануды тəулігіне 5-6 г аз мөлшерге дейін немесе натрийді тəулігіне 2,4 г деңгейге дейін азайту қажет.

9. Жеміс пен жидектерді пайдалануды арттыру қажет, ал құрамында қаныққан май қышқылдары бар өнімдерді шектеген жөн.

10.  АҚ төмендету үшін зат ретінде таблеткадағы кальций, магний немесе калий препараттарын пайдалануды нұсқамаңыз.
 Дəрі дəрмектік ем:

1. «Жоғары» жəне «өте жоғары» жүрек қантамыр асқынуларының даму қаупі бар науқастарға, тез арада дəрі дəрмектік терапияны пайдаланыңыз.

2. Дəрі дəрмектік терапияны тағайындау кезінде, оларды пайдалануға көрсетімдер мен қарсы көрсетімдерді, сонымен қатар дəрілік препараттардың құнын ескеріңіз.

3. Бір немесе екі реттік қабылдауды қамсыздандыру үшін, ұзақ мерзімді əрекеттегі (24 сағаттық) препараттарды пайдалану ұсынылғанатын.

4. Терапияны жанама əсерді бодырмау үшін, минималды дозадан бастаңыз.
 Негізгі гипотензивті заттар:

Қазіргі уақытта қолданылып жүрген гипотензивті препараттардың алты тобы ішінен тек қана тиазидтік диуретиктер мен β-адреноблокаторлардың тиімділігі дəлелденген. Дəрі дəрмектік терапияны тиазидті диуретиктердің аз мөлшерінен бастау қажет, ал тиімділік болмаған жағдайда немесе нашар көтеру болса β-адреноблокаторлармен бірге диуретиктер:

Тиазидтік диуретиктер гипертонияны емдеу үшін, бірінші қатар препараттары ретінде ұсынылған. Жанама əсерді болдырмау үшін, тиазидті диуретиктердің аз дозасын тағайындау қажет.

Тиазидтік жəне тиазидтəрізді диуретиктердің оптимальді дозасы болып минималды, тиімді тиісті гидрохлоридтің тиісті 12,5-25 мг табылады. Өте төмен дозадағы диуретиктер (6,25 мг гидрохлорид немесе 0,625 мг индапамид) қолайсыз метаболикалық өзгерістерсіз,  басқа гипотензивтік заттардың тиімділігін арттырады.

Гидрохлорбиазид 12,5 -25 мг дозада ішке, таңертең ұзақ.

Индапамид 2,5 мг ішке (ұзақ əсердегі форма 1,5 мг) таңертең бір рет ұзақ.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет