«Қан айналым және тыныс алу жүйесі ауруларындағы ажыратпалы диагноз және емдеу принциптері» пәні бойынша «Жалпы медицина» В130100 мамандығы бойынша, курстқа СӨж орындаған


Имидозолин рецепторларының агонистерін тағайындауға көрсетімдер



бет5/7
Дата25.12.2021
өлшемі30,85 Kb.
#104935
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Казиханов Н.Б 4-026 МОДУЛЬ 2
Казиханов Н.Б 4-026 топ срсп2
Имидозолин рецепторларының агонистерін тағайындауға көрсетімдер:

1. АГ+ метаболикалық синдром.

2. АГ + Қантты диабет.
Өмірге маңызды препараттар тізіміне осы топтағы дəрілік затты қосу ұсынылады, моксонидин 0,2-0,4 мг/тəулігіне.
Имидозолин рецепторларының агонистерін тағайындауға мүмкін қарсы көрсетімдер:
1.  II-III дəрежелі АВ-бөгегіштер.

2. АГ + ауыр жүрек функциясының жеткіліксіздігі.


Антитромбоцитарлық терапия

Күрделі жүрек қантамыр асқынуларының біріншілік профилактикасы үшін (МИ, инсульт, қантамырлық өлім) науқастарға ацетилсалицил қышқылы 75 мг/тəулігіне дозасында көрсетілген, олардың жылына 3% туындау қаупімен немесе >10% 10 жылда. Бұл кезде негізгі үміткер ретінде 50 жастан үлкен бақылаулы АГ, ағза нысана зақымдалуымен жəне/немесе ҚД жəне /немесе басқа да қолайсық қауіп факторларымен, қан кетулерге бейімділігі жоқ емделушілер болады. 



Гиполипидемиялық заттар (аторвастатин, симвастатин)

Олардың қолданылуы миокард инфаркты туындау, жүректің ишемиялық ауруынан өлім немесе басқа орналасудағы атеросклероз ықтималдылығы бар, көптеген қауіп қатерлі факторлардың (темекі тарту, АГ, жанұяда ерте ЖИА болуы) болуымен шартталған адамдарға, құрамында аз мөлшерде жануар тектес майлар бар диетаның тиімсіздігі болған жағдайда көрсетілген (ловастатин, правастатин). АГ + ЖИА, басқа орналасудағы атеросклероз, қандағы жалпы холестериннің деңгейі 4,5

ммоль/л немесе ХС ЛПНП 2,5 ммоль/л. қантты диабет.

Монотерапия жəне комбинациялы дəрі дəрмектік терапия

1. АҚ «мақсатты» мəніне монотерапияны қолданғанда қол жетпесе, комбинациялы терапияны қолданыңыз.

2. Тиазидті диуретиктерді АПФ ингибиторларымен комбинацияланған, ал қажет болған жағдайда оларға кальций антагонистерін қосыңыз. β-блокаторларды кальций антагонистерімен қосыңыз (дигидропиридиндер), ал қажет болса оларға АПФ ингибиторларын қосыңыз. АПФ ингибиторларын көтере алмаған жағдайда оларды ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен ауыстырыңыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет