Диуретиктерді тағайындауға көрсетімдер:
- Жүрек функциясының жеткіліксіздігі;
- Егде жастағы АГ;
- Систолалық АГ;
- Негроидты тұлғалардағы АГ;
- Қантты диабет;
- Жоғары коронарлық қауіп;
- Инсульттің екіншілік профилактикасы.
Диуретиктерді тағайындлауға қарсы көрсетімдер - Подагра.
Диуретиктерді тағайындауға мүмкін қарсы көрсетімдер - Жүктілік.
Рационалды комбинация:
1. Диуретик + β-адреноблокатор (гидрохлортиазид 12,5-25 мг немесе индапамид 1,5; 2.5 мг + метопролол 25-100 мг)..
2. Диуретик + ИАПФ (гидрохлортиазид 12,5-25 мг немесе индапамид 1,5; 2.5 мг + эналаприл 5-20 мг немесе лизиноприл 5-20 мг немесе периндоприл 4-8 мг. Тіркелген комбинациялы препараттарды тағайындау мүмкін – эналаприл 10 мг+гидрохлортиазид 12.5 жəне 25 мг, сонымен қатар төмендозалы тіркелген комбинациялы препарат – периндоприл 2 мг+индапамид 0,625 мг).
3. Диуретик + АТ1-рецепторларын бөгегіштер (гидрохлортиазид 12,5-25 мг немесе индапамид 1,5; 2.5 мг + эпросартан 600 мг). Эпросартанды АҚ деңгейіне байланысты 300- 600 мг/тəулігіне дозада тағайындайды.
β-адреноблокаторлар
β-адреноблокаторларды тағайындау үшін көрсетімдер:
1. β-адреноблокаторлар тиазидті диуретиктерге альтернатива ретінде қолданылуы мүмкін немесе егде емделушілерді емдеу кезінде комбинация құрамына кіреді.
2. Жүктемелік стнокардиямен қосарланған, миокард инфарктынан кейінгі АГ.
3. АГ + Жүрек функциясының жеткіліксіздігі (метопролол).
4. АГ + 2 типтегі қантты диабет.
5. АГ + жоғары коронарлы қауіп.
6. АГ + тахиаритмия.
Метопролол ішке, бастапқы доза 50-100 мг/тəулігіне, негізгі ұстап тұрушы доза 100-200 мг/тəулігіне 1-2 қабылдауға.
Қазіргі уақытта атенолол ұзақ гипотензивтік терапия үшін АГ науқастарға препараттың соңғы нүктеге әсері болмағандықтан тағайындалмайды (жүрек қантамыр асқынулары мен өлім).
β-адреноблокаторларды тағайындауға қарсы көрсетімдер:
1. Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы.
2. Бронхылы демікпе.
3. Буындардың облетерлеуші аурулары.
4. II-III дəрежелі АВ-бөгегіштер.
β-адреноблокаторларды тағайындауға мүмкін қарсы көрсетімдер:
1. Спортшылар мен физикалық белсенді емделушілер.
2. Перифериялық қантамыр аурулары.
3. Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы.
Рационалды комбинация:
1. БАБ + диуретик (метопролол 50-100 мг + гидрохлортиазид 12,5-25 мг немесе индапамид 1,5; 2.5 мг).
2. БАБ + дигидропиридиндік қатар АК (метопролол 50-100 мг + амлодипин 5-10 мг).
3. БАБ + ИАПФ (метопролол 50-100 мг + эналаприл 5-20 мг немесе лизиноприл 5-20 мг немесе периндоприл 4-8 мг).
4. БАБ + АТ1-рецепторларының бөгегіштері (метопролол 50-100 мг + эпросартан 600 мг).
5. БАБ + α-адреноблокатор (метопролол 50-100 мг + доксазозин 1 мг Аг кезінде простата аденомасы фонында).
Кальций каналдарын бөгегіштер (кальций антагонистері):
Дигидропиридин туындылары тобының ұзақəсердегі кальций антогонистері тиазидті диуретиктерге альтернатива ретінде немесе комбинациялық терапия құрамында
пайдаланылуы мүмкін;
АҚ ұзақ бақылау үшін, дигидропиридин туындылары тобының қысқаəсердегі кальций антогонистер тағайындаудан аулақ болу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |