СОӨЖ 4. Қан және қан айналымының жастық ерекшеліктері. .Қанның иммундық қасиеттері. Иммунитеттің маңызы.
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларыныңтұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Қан айналымының жас ерекшеліктері
Қанның құрамындағы белоктың түрлерінің бір-біріне қатынасының да жас айырмашылықтары бар. Айталық, жаңа туған сәбидің қанындағы альбумин 57,71 — 56,78% Қанның құрамындағы белоктың түрлерінің мөлшерінің де жас айырмашылықтары бар: глобулиндері 42,29 — 43,22%. Альбуминдері 6 айға дейін біртіндеп көбейеді (59,25%), 3 жаста 58,97 %. Ал глобулиндері төмендейді де, 3 жастап аса тұрақталады. 7-15 жаста ересек адамның альбумині мси глобулииінің қатынасындай болады. Қандағы глобулиндер бала туған сәтте жоғары болады да 1 жастан әрі төмендейді. Глобулиндердің түрлерінің мөлшері де осы зандылықта байқалады. Глобулиндер жарты жасқа дейін жоғары (4,23-5,43%) болып, 3 жаста 3,09% болады; ά-глобулиндердің мөлшері алғашқы жарты жылда жоғарырақ (10,73-11,45%), ал 7 жастан аса ересектердегідей (9,20-9,98%) болады. Β-глобулиндер де туған кезде жоғары болып, 7 жастан аса ересек адамдардағы мөлшерге жуықталады. γ-глобулиндер туған кезде көп болады да, алғашқы 3 айда ұрықтық глобулиндер ыдырап 3 жаста ересектердей 17,39 % болады.
Қанның иммундық қасиеттері.
Қанның иммундық немесе қорғаныштық қасиеті оның
қанды тромб түзу арқылы ұйыту(гемостаз) және сұйылту
(фибринолиз) жатады.Бұл қасиеттер лейкоциттің
түрлерінің қызметімен байланысты.
Фагоцитоз – бейарнамалы иммунитеттің бір түрі.
Фагоцитоз барлық лейкоциттерге тән қасиет. Бірақ
олардың ішінде бір жұтқанда 30-40 денені бір жұтатын –
микроциттермен(нейтрофил)макроциттер моноциттер және лимфоциттер бар.
Иммунды жүйе ағзаның ішкі орталығындағы антигендік
тұрақтылықты қадағалайтын және рециркуляция
жолымен байланысатын арнайы лимфоидты мүшелер
мен тіндердің өзара жиынтығы. Иммунды жүйе—
қозғалмалы және үздіксіз жаңғырып отыратын жүйе.
Сонымен қатар, оның құрамының тұрақтылығы ағзаның
жеке құрылымының сақталуына зор ықпал етеді.
СӨЖ.
Витаминдер және олардың физиологиялық маңызы. Авитаминоздар. Гипо- және гипервитаминоздар.
1.Витаминдер – организмнің тіршілік әрекетіне қажет тағамдық құрамында өте аз мөлшерде кездесетін биологиялықбелсенді заттар . Витамин – латынша “vita” – тіршілік, өмір.
Витаминдер - денсаулықтың нығаюына әсер етеді.
ферменттердің түзілуіне қатысады.
организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді.
иммунитетті көтереді.
дене және ой еңбегін арттырады.
зат алмасу процесіне қатысады.
Авитаминоз дегеніміз – тағамда витаминнің мүлде жетіспеуіне байланысты патологиялық күй. Тағамдағы витаминдердің аздығынан организмдегі зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын ауру. Мәселен, «С» витаминінің жетіспеуінен қызыл иек тканінің, ауыз шырышты қабығының қанауынан т. б. белгілерден байқалады. Еларасында мұндай кеселді құрқұлақ деп те атайды.
Гипо және гипервитаминоздар- Бұл ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігімен байланысты аурудың алдында тұрған патологиялық жағдай. Әдетте, гиповитаминоз көктемде және қыста дамиды. Дәл осы уақытта витаминдердің минималды мөлшері адам ағзасына тамақпен бірге түседі. Витаминнің жетіспеушілігі кез-келген жастағы және жыныстағы адамдарға әсер етеді. Гиповитаминоздың белгілері - терінің қабыршақтануы, шаштың сынғыштығы, дерматит және нәрестелердегі жөргектің бөртпесі. А дәруменінің жетіспеушілігімен дененің қорғаныш функциялары төмендейді, ұйқысыздық және эрекция проблемалары туындауы мүмкін.
ГИПОВИТАМИНОЗДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Профилактикалық шара ретінде диетологтар толыққанды теңдестірілген тамақтануды ұсынады, мұнда мүмкіндігінше жаңа шөптер, маусымдық жемістер мен көкөністер қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |