Қан және лимфа. Қанның жасқа байланысты өзгеруі



Дата28.01.2018
өлшемі14,29 Kb.
#35372

Қан және лимфа. Қанның жасқа байланысты өзгеруі.

  • Биология пәнінің мұғалімі: Башимова Г.К
  • Ақтау - 2015

Жоспар:

  • Қан
  • Қан плазмасы
  • Қанның формальды элементтері: 
  • а)эритроциттер;
  • б)лейкоциттер;
  • в)тромбоциттер
  • Қанның қызметі
  • Қанның ұюы
  • Лимфа
  • Қан жасушаларының жасқа байланысты өзгеруі
  • Қан
  • Плазма
  • эритроциттер
  • лейкоциттер
  • тромбациттер

Қан – қан тамырларының ішінде болатын сұйық тін. Қан плазмасы мен қанның формальды элементтерінен тұрады. Адам ағзасының 5 – 9%-ы қан.

  • Қан – қан тамырларының ішінде болатын сұйық тін. Қан плазмасы мен қанның формальды элементтерінен тұрады. Адам ағзасының 5 – 9%-ы қан.
  • Қ а н
  • Қан плазмасы -  қанның сұйықтық бөлімі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және бейорганикалық заттар (8-10%) кіреді. Бейорганикалық заттың (6,5-8,5%) белоктар, ал (1,5-3,5%) органикалық және минералды тұздардан тұрады. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды).
  • Формальды элементтер
  • Жасуша құрылысы
  • Түзілетін жері
  • Функция лануының жалғасуы
  • Жойылатын жері
  • 1 мм3–тың құрамындағы қан
  • Қызметі
  • Эритроциттер
  • Қанның қызыл түйіршікті жасушалары
  • Сүйектің қызыл кемігі
  • 3-4 ай
  • 4,5-5 млн.
  • Тыныс алу қызметіне қатысып, оттегі мен көмірқышқыл газын синтездейді
  • Лейкоциттер
  • Қанның ақ түйіршікті жасушалары
  • Сүйектің қызыл кемігі, лимфа түйіндері, көк бауыр
  • 3-5 ай
  • Бауыр, көк бауыр, қабыну процестері жүретін орындар
  • 6-8 мың
  • Тромбоциттер
  • Кан пластин- калары
  • Сүйектің қызыл кемігі
  • 2-5 ай
  • Бауыр, көк бауыр
  • 300-500 мың
  • Қорғаныштық.
  • Қан ұйытуға қатысады.
  • Қанның формальды элементтері
  • гемоглобин
  • Эритроциттер немесе қанның қызыл түйіршіктері, жоғары дифференцияланған, бөлінбейтін постжасушалық, ядросыз құрылым. 1 мм3 көлемінде - 4,5-5,5 млн. эритроциттер болады. Құрамында тыныс алуға қатысатын күрелі белок – гемоглобин бар.
  • Эритроциттер сүйек кемігінде түзіледі. Орташа тіршілік ету мерзімі 100-120 тәулік. Күнделікті ағзада жойылған эритроциттердің орнына 300 млрд. жаңа эритроциттер пайда болып отырады.
  • Эритроциттердің түрлері
  • Дискоциттер (екі бүйірі қысыңқы)
  • Планоциттер (жалпақ)
  • Эхиноциттер (эритроциттердің ескірген түрі)
  • Стоматоциттер(күмбез тәрізді)
  • Сфероциттер (шар тәрізді)
  • Ретикулоциттер (жас эритроциттер) т.б.
  • Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері – түссіз, ядролы қан жасушалары. 1мм3 көлемінде - 4-9 мың лейкоциттер болады. Лейкоциттердің негізгі қызметі - қорғаныштық. Лейкоциттердің қорғаныштық қызыметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты(макрофагтық).
  • Лейкоциттер түйіршікті (гранилоциттер) және түйіршіксіз (агранулуциттер) болып бөлінеді
  • Лейкоциттер
  • Базофильді гранулоциттер
  • Нейтрофилді гранулоциттер
  • Эозинофильді гранулоциттер
  • Лимфоциттер
  • Моноциттер
  • Орташа лимфоциттер
  • Ірі лимфоциттер
  • Лейкоциттер
  • Түйіршікті Түйіршіксіз
  • (гранулоциттер) (агрунолоциттер)
  • Қан пластинкалары (тромбоциттер) – пішінсіз, түссіз, адам қанында топтасып орналасқан қанның формальды элементтері. 1 мм3 көлемінде 400000мың тромбоциттер болады. Орташа тіршілік ету мерзімі 5-7 тәулік. Тромбоциттер сүйектің қызыл кемігінде түзіледі. Негізгі қызметі – қанның ұюына қатысады.
  • Тромбоциттер

Қанның ұюы

  • жарақаттану
  • (Тромбоциттер )
  • ТРОМБОПЛАСТИН
  • протромбин тромбин
  • фибриноген фибрин
  • тромб +
  • қан жасушасы
  • Лимфа
  • Лимфа (латынша «lympha» - таза су, ылғал) - адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфа - ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығынан түзіледі. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал.
  • Жаңа туылған нәрестенің алғашқы сағаттарындағы қанында эритроциттер саны 6,0-7,0*1012 /л болады. Кейін 10-14 тәуліктерде бұл көрсеткіш ересек адамдардағы эритроциттер санына теңеседі. Ал 3-6 айлық нәрестеде эритроциттердің саны азаяды, бұл физиологиялық анемия болып саналады. Ал лейкоциттердің саны 10,-30,0*109 /л болса, ол көрсеткіш екі аптадан кейін азаяды, 9,0-15,0*109/л. Жаңа туылған сәбиде нейтрофильдер мен лимфоциттердің саны ересектердікіндей 4,5-9,0*109/л.Бұл әрі қарай лимфоциттердің саны өсіп, ал нейтрофильдер саны азаяды. Туылғаннан кейін төртінші тәулікте лимфоциттердің саны теңеседі. Мұны лейкоциттердің бірінші физиологиялық қиылысуы дейді. Баланың 1-2 жасында лимфоциттері 65%, ал нейтрофильдері 25%, 4-жастағы балада қайтадан лимфоциттер азайып, ал нейтрофильдер көбейіп, ересектермен теңеледі, мұны екінші физиологиялық қиылыу кезеңі дейміз.
  • Қан жасушаларының жасқа байланысты өзгеруі

Қолданылған әдебиеттер:

  • Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. — Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 128 бет. 
  • Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. 
  •  Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет