Қан майданда мерт болған ерлердің рухына 1 минут үнсіздік. Мартбек Мамыраев



Дата22.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#70606
Байланысты:
Ұлы отан согысы тәрбие сағаты

  • Қан майданда мерт болған ерлердің рухына 1 минут үнсіздік.
  • Мартбек Мамыраев
  • (1908-1989)
  • Мартбек Мамыраев Қарқаралы ауданының қазіргі М.Мамыраев ауылында туған. 1942 жылдың мамыр айынан бастап майданға кірді. Сталинград түбіндегі шайқастарға, 12-гвардиялық атқыштар дивизиясы сапында Димитров қаласын азат ету шайқастарына қатысты. Кеңес Одағының Батыры, Ленин ордені, Қызыл Ту ордені, I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері.
  • Қазыбек Нұржанов (1919-1945)
  • Кеңес Одағының батыры Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай ауылында туған. Қарқаралы педагогикалық техникумын бітіріп, Шет ауданында мұғалім болып істеді. Ұлы Отан соғысына 1942 жылысәуір айында шақырылды. Оның бүкіл соғыс жолы ерлік пен даңққа толы. Кеңес Одағының батыры, "Қызыл Ту", "ІІІ дәрежелі Даңқ" ордендері және "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған. 
  • Амантай Дәулетбеков  (1917-1943)
  • Кеңес Одағының Батыры Амантай Дәулетбеков Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туды. А.Дәулетбеков 1942 жылғы жазда Брянск майданына жіберілді. Ол 13-ші Армияға қарасты танктерді бұзып-жоятын 1180-ші полктің артиллериялық расчет командирі болды.
  •  
  • Петр Иосифович Теряев (1922-1945)
  • Петр Иосифович Теряев Қарқаралыда туды. Петр 1943 жылдан бастап соғысқа қатысты. Ержүрек ұшқыш 154 рет жауынгерлік тапсырмамен аспанға көтеріліп, дұшпанға соққы берді. 1945 жылғы ақпанның 15-де кезекті шайқаста оның самолетіне оқ тиді. Ол өзінің даңқты әріптесі Николай Гастелло және жерлесі Нұркен Әбдіровтің ерлігін қайталап, самолетін фашист танктері тұрған алаңға бұрып, ерлікпен қаза тапты.
  • Прокопий Прокопьевич Корниенко
  • 1911 жылы қазіргі Тельман ауданы Ростов ауылында туған. Солтүстік майданның атқыштар полкінің барлаушысы болған П.П. Корниенко - Кеңес Одағының Батыры. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
  • Нұркен Әбдіров (1919-1942)
  • Кеңес Одағының Батыры - Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы дүниеге келген. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан. 1942 жылы желтоқсанның І9-да біздің батыр жерлесіміз соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққан еді. Жау оғы оның самолетіне дөп тиіп, өртене бастады. "Өзекті жанға бір өлім" деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс қанат сұңқарды фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды.
  • Лақап аты
  • Шаң тимес
  • Туған күні
  • 24 желтоқсан 1910
  • Туған жері
  • Көлбастау, Жуалы ауданы, Жамбыл облысы
  • Қайтыс болған күні
  • 10 маусым 1982 (71 жас)
  • Қайтыс болған жері
  • Алматы, ҚазКСР
  • Мемлекет
  • Әскер түрі
  • атты әскер
  • Атағы
  • Гвардия полковнигі
  • Шайқасы
  • Ұлы Отан Соғысы
  • Марапаттары
  • Дауылмен тербеп, оның жас бесігін,
  • Мәншүк деп елі атаған ерке есімін.
  • Адамша ақтау үшін Ана сүтін,
  • Майданның «Максимменен» ашты есігін.
  • Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,
  • Жеңіспен майдан бітіп жас ержетпек.
  • Ерлігі ел жүрегін тебірентіп,
  • Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.
  • Тверьдің орманы жас, жері кәрі,
  • Ата қоныс санайды елдің бәрі.
  • Сол жерде Әлияның қаны сіңді,
  • Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.
  • Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,
  • Әлия Отанына болған мақтан.
  • Соғыс өрті жанбасын,
  • Сәбилер жетім қалмасын!
  • Бесігінде сәбидің, есігінде әр үйдің
  • Болмасын соғыс, болмасын!
  • Келешек ұрпақтың тілегі осы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет