Реберг сынамасы:-эндогенді креатинин деңгейі бойынша бүйректің парциальды функциялары: шумақ фильтрациясы, реабсорбциясы, минуттық диурез көлемі анықталады. Оларды бүйректің парциальды функциясы көрсеткіштері деп атайды. Шумақ фильтрациясы көлемі қалыпты жағдайда бір минутта 80-120 мл. Тәулігіне орта есеппен 100 л алғашқы зәр бөлінсе, оның 98-99%-ы реабсорбцияланады, сондықтан минуттық диурез 1,0-1,5-2,0 мл көлемінде.
Лабораторлы және аспапты зерттеу әдістері.
Бүйрек ауруларында несеп зерттеуінің маңызы зор, таңертенгі зәрді құрғақ ыдысқа жинайды.
1. Несептің физикалық қасиеттері:
а) тәулік мөлшері- 800-1500 мл
б) тығыздығы - 1,010-1,028 (1,001-1,040)
в) түсі - ашық сары
г) мөлдірлігі - мөлдір
д) иісі - спецификалық
2. Химиялық зерттеу:
а) реакциясы (рН)=4,8-8,4 (N- бейтарап немесе әлсіз қышқыл)
б) белок - жоқ немесе іздері (0,033‰= 0,025-0,070г/тәул)
в) глюкоза - жоқ немесе іздері
г) билирубин - жоқ
д) ацетон - жоқ
е) аммиак - 36-78 ммоль/ сут
ж) мочевина - 333,0-582,8 ммоль/ сут
3. Несеп тұнбасының микроскопиясы:
а) эпителий -0-3 к/а
б) лейкоциттер -1-2 к/а
в) эритроциттер - біреу жарым
г) цилиндрлер - жоқ
д) кілегей - жоқ
е) бактериялар - жоқ
ж) тұз - болуы мүмкін ( урат, оксалат, трипельфосфат)
4. Нечипоренко сынамасы. 1962-1964 жылдары ұсынылды. Амбулаториялық, поликлиникалық жағдайларда қолдануға ыңғайлы.Тексеру үшін дәрет еткен несептің ортаңғы бөлігінен несеп алынады. Оның 10-мл-дей көлеміндегі формалық элементтер есептеледі.
1 мл несепте:
Лейкоциттер-2000-ға дейін
Эритроциттер -1000-ға дейін
Цилиндрлер – 20-ға дейін
Достарыңызбен бөлісу: |