Қан түзу жүйесі ауруларымен науқасты зерттеу әдістері. Лабораторлық және аспаптық зерттеу тәсілдері.
Қанды морфологиялық зерттеу. Жалпы қан анализі – қан элементтерінің санын, сапасын анықтау; эритроциттердің санын, эритроциттердегі гемоглобин мөлшерін анықтау; лейкоциттердің жалпы санын және лейкоциттердің әртүрінің қатынасын анықтау (лейкоцитарлық формула), тромбоциттердің санын , ЭТЖ . Дені сау адамда қанның клеткалық құрамы тұрақты, сондықтан, әрбір өзгерістің диагностикалық маңызы зор. Сонымен қатар тамақ ішумен ,физикалық күштемемен байланысты тәулік бойы қан құрамы өзгеріп тұрады. Осы факторлардың әсерін жою үшін, қанды таңертен, аш қарында алу қажет. Қанды алу техникасы; қан зерттеуге сол жақ қолдың IV саусақ басынан алады.