Капиллярлардың өткізгіштігі (төзімділігі). Бұрама симптомы білекке бұрама салғаннан кейін, 3 мин. өткен соң одан төменірек аймақтықта петехиялар пайда болады. Егер петехиялар 3минуттан ерте пайда болса, оң мәнді симптом деп аталады. Қарға монометр манжетасын кигізіп, оның ішіндегі қысымды сынап бағанасы бойынша 100мм. көтергенге манжетадан төменгі аймақта терінің 1кв.см. 1 петехиядан артық пайда болу да оң мәнді симптом деп есептеледі.
«Шымшу» симптомы .Шымшыған орында геморрагиялық дақ пайда болуы және оның түсінің өзгеріп, өсуі шымшу белгісі деп аталады.
«Балға» симптомы. Перкуссиялық балғамен ұрылған орынның терісі көгеруі балға симптомы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |