Қан түзу жүйесі ауруларымен науқасты зерттеу әдістері. Лабораторлық және аспаптық зерттеу тәсілдері



бет6/27
Дата29.12.2021
өлшемі1,35 Mb.
#106288
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Несеп бөлу

Геморрагиялық статусты зерттеу. Қан ұю және ұюға қарсы жүйесінің физиологиялық динамикалық тепе теңдігі бір қалыпты болуынан адам организмінде қан сұйық түрде болады. Қандай болса да прокоагулянттар белсенділігі жоғарлауында қансырауға ықтималдығы пайда болады (геморрагиялық диатез). Антикоагулянттар белсенділігі төмендеген жағдайда қан ұюлу жоғарылауы және тромб дамуына бейімділік туады.

Гемостаз. Қанды тоқтату өте күрделі процесс, осы процесстің қай бөлігінде өзгеріс болғанын табу өте қиын . Организмнің қансырауға немесе тромб дамуына бейімділігін анықтау және оның себебін табу үшін көптеген сынамалар қолданылады. Бұл коагуляциялық және дифференциялдық сынамалар.

Коагуляциялық сынамалар арқылы анықталады.: қан ұюлу уақыты, тромбоцит саны, қансырау ұзақтығы, қан ұйығының ретракциясы (тартылуы) капиллярлар қабырғасының өткізгіштігі.

Қанның ұйылу уақыты қан ұюының әрбір бөлек фазасын көрсетпей, қанның жалпы ұю процесін сипаттайды. Қанның антикоагуляциялық қасиетінің белсенділігі арта түсуде немесе прогоагулянттар концентрациясы төмендеуінде қанның ұю уақыты ұзарады, тромб дамуына бейімділік жағдайда, қанның ұю уақыты қысқарады. Қанның ұю уақытын анықтау үшін, венадан алған қан құйылған пробирканы 37 С су моншасына орналастырып, әр 30 секунд сайын, пробирканы еңкейтіп, жиналған сұйықтық деңгейінің ығысуын анықтайды. Жиналған сұйықтық деңгейінің ығысуының шектелуі яғни, қан ұюы , 5 -10 мин.аралығында өтсе бұл қалыпты жағдай болып есептеледі. (Ли және Уайт тәсілі).

Қан ұю уақыты ұзаққа созылуы (бірнеше сағатқа дейін)бұл гемофилия А ауруына тән белгі. Кейбір геморрагиялық диатездерге қанның ұю уақыты өзгермейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет