Қанның жалпы анализі
Көрсеткіштер
|
Ескі өлшем бойынша
|
СИ бойынша
|
Гемоглобин
ер адамда
әйел адамда
|
13-17,5 г %
12-16 г %
|
130-160 г/л
(2,02-2,71 ммоль/л)
120-140 г/л
(1,86-2,48 ммоль/л)
|
Эритроциттер
ер адамда
әйел адамда
|
1 мкл-де 4,0-5,6 млн
1 мкл-де 3,4-5,0 млн
|
4,0х10І2-5,6х10 І2
3,8х1012-4,8х10!2
|
Лейкоциттер
ер адамда
әйел адамда
|
1мкл-де 4300-11300
1мкл-де 3200-10200
|
4,0х109-8,8х109
|
Тромбоциттер
|
1 мкл-де 180000-320000
|
180109 - 320 10 9
|
Ретикулоциттер
|
2-12°/00
|
0,2-1,2 °/оо
|
ЭТЖ (эритроциттердің
тұну жылдамдығы)
ер адамда
әйел адамда
|
1-10 мм/сағ
2-15 мм/сағ
|
2-15 мм/сағ
|
Гемоглобин санын анықтау. Гемоглобин әйелдерде 120- 140гл , ерлерде 130- 160гл .
Эритроцит санын Горяев есептеу камерасында жүргізіледі. Қалыпты жағдайларда әйелдерде 3,9- 4,7х 10л. ерлерде 4- 5х 10л.
Эритроциттерді санау
Эритроциттердің көлемін, түрін, түсін, клетка қоспаларын анықтау қаннан жұғынды жасау арқылы анықталады. Қалыпты эритоциттер дөңгелек диаметрі 6 -8 мкм. Анемияның әрбір түрінде эритроциттердің көлемі өзгереді. Әр түрлі көлемді эрттроциттердің пайда болуын анизоцитоз деп атайды.
Көлемі кіші эроциттер пайда болуын микроцитоз деп атайды. Бұл темір жетіспеушілік анемияға тән.
Макроцитоз- көлемі үлкен эритроциттер- В12 -жетіспеушілік анемияға тән. Патологиялық жағдайға байланысты пісіп жетілуінде эритроциттердің пішіні өзгеруі пойкилоцитоз деп аталады. Перифериялық қанда пісіп- жетілмеген эритроциттер түрлері ретикулоциттер пайда болуы мүмкін. Қандағы ретикулоциттер саны сүйек миының белсенділік дәрежесін көрсетеді. Қалыпты жағдайда 1000- эритроцитке 2 - 10ретикулоцит келеді. Қансыраған жағдайда , гемолизге ретикулоцит саны өседі.
Түс көрсеткіші- гемоглобин мөлшерінің және эритроцит санынан қатынасы арқылы анықталатын шартты өлшемдік.
Қалыпты жағдайда түс көрсеткіші бірлік санына тең. Түс көрсеткіші бірлік санынан төмен болса, эритроциттің гемоглобинмен қанық емес екенін көрсетеді. Түс көрсеткіші бірлік санынан жоғары болса, эритроциттің гемоглобинмен қанық екенін көрсетеді. (В12 жетіспеушілік анемияда).
Достарыңызбен бөлісу: |