Эритроциттердің тұну жылдамдығы қалыпты көрсеткіштері ерлерде 4 - 10ммс, әйелдерде 4 -15 ммс.
Гемолизге баға беру. Гемолитикалық анемияның пайда болғанын анықтау үшін гемолизге баға беру қажет. Гемолиз көрсеткіштерінің жоғарылауы (қалыпты жағдайда гемолиз талақта өтеді) - қанда билирубин жиналады. (сарғаю пайда болады), нәжісте стеркобилин (нәжіс түсі - қара қоңыр).
Гемолиздің тағы бір көрсеткіші болып саналатын ол эритроциттердің осмостық төзімділік дәрежесі.
Эритроциттердің осмостық төзімділігін анықтау үшін пробиркаларға натрий хлорид 0,7% - ден 0,2%-тік аралығындағы ертіндісін құйып , оған қанды қосып , эритроциттер толық шөккенге дейін 5- 10минутқа қалдырамыз. Содан кейін қай пробиркаларда гемолиз болғанын қараймыз. Қалыпты жағдайда гемолиз 0,42-0,46 %тік аралығындағы натрий хлорид ертіндісінен басталады., 0,30- 0,36 % тік ертіндісімен аяқталады.
Гемолитикалық анемияда гемолиз натрий хлорид 0,54%- 0,70% тік аралығы ертіндісінен басталады 0,40-0,44%-тік ертіндісімен аяқталады. Гемолиздің (шарттық) үшінші көрсеткіші ретикулоцитоз.
Ретикулоциттер эритроциттердің піспеген ,жетілмеген түрі. Ретикулоциттердің көбеюі.
Достарыңызбен бөлісу: |