Қан түзу жүйесі ауруларымен науқасты зерттеу әдістері. Лабораторлық және аспаптық зерттеу тәсілдері



бет27/27
Дата29.12.2021
өлшемі1,35 Mb.
#106288
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Несеп бөлу

Бүйрек эклампиясы
Эклампсия (гр. ек1аmрsis - кенеттен пайда болу, өршу—эклампсия): талықсып құлау.

Негізгі себептері: жедел гломерулонефрит, сирегірек —созылмалы гломерулонефрит және екіқабат әйелдер нефропатиясы.



Патогенезі: Бүйрек эклампсиясының негізгі механизмдеріне бас қуысы қысымының көтерілуі, бас миының ісінуі және бас миы тамырларының түйілуі (спазмы) жатады. Сондықтан да эклампсия ісік жиналу кезінде және артерия қысымы көтерілген мезгілде байқалады. Оның дамуына себеп болатын факторлар —тұзды тағам ішу мен сұйықтық қабылдауды шектемеу.

Дерттің алғашқы белгілері—әлсіздік және ұйкышылдық. Кейін бас ауырғаны өте күшейіп, ауру құсатын болады. Қысқа мерзімге аурудың көзі көрмей қалады (амавроз), ау­ру сөйлей алмай қалады, (афазия), өткінші сал болады, ау­ру санасы бұзылады, артерия қысымы көтеріледі. Кенеттен ауру құрыса бастайды. Әуелі тоникалық 1/2—1/5 минуттен кейін клоникалық құрысу болады. Аурудың беті көгеріп, мойын тамырлары қанға толып, көздері көз алмасыныц бір жагына ауып кетеді, ауру тілін тістеп алады, ауыздан көбік аға бастайды. Көз қарашығы кеңіген, жарыққа реак­ция бермейді. Көз алмасы қатайған. Дерт қозуы бірнеше минутке созылады. Көбіне дерт қозу 2—3 рет қайталайды. Шамалы уақыт ауру есеңгіреген не ұйқылы күйде не комада болады. Одан кейін оның санасы біртіндеп орала бастайды, амавроз және афазия жойылып, науқас қалыпты жағдайга оралады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет