СБШ клиникасында: бүркеме және айқын (көріне) деген екі кезеңді ажыратуға болады.
Дерттің бүркемелі кезеңінде Зимницкийдің сынама тәсілінің көмегімен несептің салыстырмалы тығыздығының азайғанын (1.017-ге дейін) және оның тұрақты бірқалыптағы күйін (изогипостенурия) анықтауға болады. Бүйректің өзекшелеріндегі реабсорбцияның және бүйрек шумақтарындағы фильтрацияның бұзылғаны байқалады (Реберг сынама тәсілі). Бүйрек функцияларының бұзылғанын радио-зотопты ренография тәсілімен де анықтауға болады.
Дерттің айқын (көріне) кезеңінде изурия және никтурия пайда болады. Несептің салыстырмалы тығыздығы 1.009—1, 0011 дейін төмендейді, басқаша айтқанда ол алғашқы несептің салыстырмалы тығыздығына жақындайды. Фильтрация мен реабсорбацияның бұзылуы терендей түседі. Қандағы қалдық азот мөлшері бірнеше рет өседі. Қалдық азоттың жалпы мөлшері мен қатар оның құрамына кіретін азоттық заттарың да (мочевина, креатинин) қандары концентрациясы бірнеше рет көбейеді. Бұл кезенде болатын ауру шығымдары: бас ауыруы, ұйқының бұзылуы, шаршау, көз көруінің нашарлауы, жүрек айну, құсу, терінің қышуы, қансырау.
Бас ауыруы, ұйқының бұзылуы, шаршау жалпы уланудың салдарынан болатын белгілер. Көз көруінің нашарлауы—ангиоспастикалык ретинопатия белгісі. Құсу мен жүрек айну—уремиялық гастрит пен колиттің белгілері. Терінің қышуы азоттық заттардың терісіне жиналуына байланысты. Уремия нәтижесінде қан ұюына қатысатын заттар синтезі азаятындықтан қансырағыштықтың әр түрлі белгілері пайда болады.
Қарау. Ауру адамның санасы уремиялық комада бұзылады. Нерв жүйесінің қозғаны сананың қарауытуымен алмасып тұрады. Кейін ауру есінен танады (кома дамиды). Тыныс орталығының қызметі бұзылуына байланысты әуелі Куссмауль тынысы, кейін Чейн-Стокс тынысын байқауға болады. Кома кезінде ауру дүние салады.
Интоксикация әсерінен науқастың өте жүдегенін (кейде кахексияга дейін) көруге болады.
Терінің түсі қуқыл тартып сарғыш реңді болады (теріге урохром жинауына байланысты). Тері үстінде, әсіресе оның қатпарларында ақ ұнтақты (мочевина кристалы), терінің қанталағанын және онда қасыған ізді көруге болады. Тері өте құрғақ болады.
Ас қорыту ағзалары жағынан: азот құрамдары, әсіресе мочевина кілегей қабықтар арқылы көп бөлінетіндіктен СБШ-да, әсіресе оның уремия сатысында уремиялық гастрит (жүрек айну, құсу), колит (іш өту) және стоматит дамиды. Ауыздан мочевина иісі білініп тұрады. Тыныс алу органдары жарынан: тыныс алу ырғағы бұзылатыны жөнінде айтып кеттік. Тыныс жолдарының азот шлагымен тітіркенуіне байланысты пайда болатын ларингит, трахеит, бронхит және пневмонияны байқауға болады. Плевра беттеріне азот қалдықтары шөгетіндіктен құрғақ плеврит туындап, тыңдағанда плевра үйкелісінің шуын естуге болады. Жүрек-тамыр жүйесі жағынан: Жүрек және тамыр әлсіздігі белгілерін анықтауға болады. Аурудың ақырында дамитын уремиялық перикардитке тән үлпершек үйкелісінің шуын «брайтиктерді жерлердегі қайғылы саз» деп атайды. Себебі бұл дыбыстың естілуі науқастың ең ақырғы сатысына жеткенін көрсетеді.
Несеп бөлу органдары жағынан: әуелі полиурия, никтурия, изурия кейін олигурия, гипо-изостенурия дамиды. Қанда: Уремиялық лейкоцитоз (1 мкл 20—30.1О3) анемия, эритроциттер шөгу жылдамдығы көбейеді. Азотемия. Мочевинаның (3,23—6,46) ммоль/л ), креатининнің (0,088—0,176 ммоль/л), индиканның (0,68— 5,44 мкмоль/л) концентрациясы 6ірнеше есе өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |