Қан аурулары синдромдары
Анемиялық синдром. Гаршау, әлсіздік, бас айналуы, жүрек соғуы, ентігу сияқты жалпы белілер және теміржетіспеушілікке (сидеропениялық), гемопоэтикалық заттар (витамин В12, фолий қышқылы, темір иондары...) жетіспеушілігіне байланысты не гипо-аплазиялық анемияларда кездесетін және эритроциттер ыдырауына байланысты сарғаю сияқты тек осы ауруларға тән белгілермен сипатталады.
Геморрагиялық синдром қансырау не оған бейімділікпен білінеді. Геморрагиялар пайда болуы екі топ себептерден:
а) тамырлар өткізгіштігі өскеннен;
б) қанның ұю қасиеті (қан ұйындысының ретракциясы төмендеуі, қанау мерзімінің ұзаруы, тромбоциттер азаюы, коагулограмма...) бұзылғанынан болады. Қан тамырлары өткізгіштігі өсуін әр түрлі сынамалармен тексеріледі. Гемолитикалық анемияларда эритроциттер резистеттілігі (төзімділігі) анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |