Көрудің нашарлауы ангиоспастикалық ретинопатияға байланысты. Ангиоспастикалық ретинопатияда болатын дерттік әзгерістері: көз түбі артерияларьшың тарылуы, көздің тор қабығының ісінуі және оған қан қүйылу. Ангиоспастикалық ретинопатияның негізгі себебі - созылмалы нефрит.
Демікпенің негізгі себебі - бүйрек ауруларындағы артерия қысымының көтерілуі. Бүйрек текті артериялық гипертония жүректің жедел және созылмалы әлсіздігінің себебі болады. Сонымен қатар артериялық гипертония атеросклероз процесінің дамуына, оның ішінде жүректің тәж артерияларының атеросклерозына себеп болады.
Уремия кезінде байқалатын демікпе - уремиялық пневмонияяың салдарынан болуы мүмкін. Қызу көтерілу бүйректің және несеп бөлу жолдарының қабынуының (пиелонефрит, пиелит, цистит, уретрит) салдарынан болады.
Достарыңызбен бөлісу: |