Қан түзу жүйесі ауруларымен науқасты зерттеу әдістері. Лабораторлық және аспаптық зерттеу тәсілдері



бет11/27
Дата29.12.2021
өлшемі1,35 Mb.
#106288
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
Несеп бөлу

Теміртапшалық анемия



Қалыпты қан суреті




Гипохромия, анизоцитоз

В12тапшылық анемия Созылмалы лейкоз




Жедел лейкоз


Бүйрек және зәр шығыру жолдарының ауруларымен аурулары бар науқастарды Тексеру әдістері.
Негізгі шағымдар: бүйрек және несеп жолдарының ауруларына тән негізгі шағымдар: ауру (бас ауруы, бүйрек және несеп жолдары тұсының ауруы, жүректің ауруы, несепке отырған кездегі ауырғандық), ісік, несеп бөлінудің бұзылуы, несеп түсінің бұзылуы, көрудің нашарлауы, демікпе, қызу көтерілуі және тері қышуы. Бас ауруы бүйрек ауруларындағы бастың ауруы артериялық гипертонияға байланысты, ми тамырларының түйілуінен және бүйрек шамасыздығы салдарынан организмнің улануынан туады.

Бүйрек ауруларында артериялық қан қысымыньщ көтерілуі жиі кездеседі. Артериялық гипертония бүйректің қос жақты және (жедел және созылмалы нефрит, қосжақты пиелонефрит, амилоидоз, гломерулосклероз), сынар жақты да (сынар жақты созылмалы пиелонефрит, бүйрек артериясының окклюзиясы, бүйрек даму аномалиясы, урологиялық аурулар) ауруларына тән. Бүйрек ауруларындағы "қанңың ісінуі" де, қан айдау көрсеткіштерінің өсуі арқылы қан қысымын көтереді. Бүйрек және несеп жолдары зақымданғанда ауырғандық, бел аймағында, несеп жолдарының бойында және қуық тұсында болады. Ауырудың тұрақты және ұстамалы түрі болады. Ауырғандық бір жақтан не екі жақтан бірдей байқалуы мүмкін.

Белгілі иррадиациясы жоқ, екі жақты бүйрек тұсында болатын тұрақты, сыздап ауырғандық жедел созылмалы гломерулонефритке, пиелонефритке және "қан іркілу бүйрегіне" (жүрек әлсіздігі) тән. Аталған аурулардағы ауырғандықтың механизмі қабыну не қан іркілу нәтижесінде бүйректің үлкейіп, сыртындағы капсуласын керуіне байланысты. Капсуладағы рецепторлардың тітіркенуіне байланысты ауырғандық болады.

Бүйрек аймағында туындап, несеп жолы бойымен төмен қуық не шап маңына тарайтын үстамалы ауыруы тынжытысқа және макрогематурияға тән. Аурудың иррадиациясының бұлай болатын себебі бүйректен, несеп жолынан, жыныс мүшелерінен басталатын импульс жұлынның Д 10-22 сегменттері тұсынан өтеді. Ал, бұл сегментерден басталатын импульстер терінің көрсетілген зоналарына тарайды. Несеп шығару жолдарыньщ бойында пайда болып, қуыққа және шат аймағына тарайтын ауру тынжытасқа және несеп жолдарының қабынуына тән. Бұл ауырғандықтың механизмі тастың несеп жолымен қозғала отырып оның түйілуін (спазма) тудырыи, жарақаттайтынына байланысты. Бүйрек ауруларына тән ұстамалы ауыру бүйрек коликасы деп атайды.

Несепке отырар кезде түйіліп ауыру цистит пен уретритке тән. Бүйрек ауруларында кездесетін ауырғандықтың бір түрі жүрек ауруы. Оның негізгі себептері бүйрек аурулары салдарынан пайда болатын тәж артерияларының атеросклерозы, бүйрек гипертониясы және уремиялық перикардит.

Ісік. Бүйрек ауруларының ішінде ісік бүйректің қосжақты аллергиялық қабыну аурулары мен дистрофиялық ауруларында жиі кездеседі. Ондай ауруларға жайылма гломерулонефрит (жедел және созылмалы) люпоидты нефроз және бүйрек амилоидозы жатады. Әсіресе ісіктің өте байқалмалы түрі клиникасында нефротикалық синдром басым болатын бүйрек ауруларында кездеседі.

Бүйрек ісіктерінің пайда болу механизмі:



  1. Несептен белоктың көп бөлінуі қан плазмасындағы жалпы белоктың мөлшерін азайтады. Ол қан плазмасы белоктарының онкотикалық (коллоидты-осмотикалық) қысым күшін азайтады.

  2. Бүйректің әр түрлі аурулары салдарынан оның шумақтық фильтрациясын мен өзекшелік реабсорбциясы бұзылып, организмнен натрий мен судың бөлінуі нашарлайды.

  3. Капиллярдың вена жақ тізесіндегі гидростатикалык қысымының көбейіп, тамыр ішіндегі сұйыктықтың ткань аралығы саңылауларға өтуіне әкеліп соқтырады.

  4. Капилляр қабырғасы өткізгіштігінің күшеюі.

  5. Түз-су алмасуының нейроэндокриндік реттелуінің бұзылуы. Қалыпты жағдайдағы клетка ішіндегі және клетка сыртындағы сұйықтық мөлшерінің тұрақтылығын және сұйықтықтың йон құрамының түрақтылығын бұзады.

Несеп бөлудің бұзылуы: 1. Полиурия

2. Анурия, олигурия

3. Поллакурия

4. Никтурия

5. Изурия

6. Дизурия

7. Странгурия

Белгілі бір уақыт ішінде бөлінген несеп мөлшерін диурез деп атайды. Сау адамның тәуліктік диурезі 1-1,5л. Несеп бөлудің бұзылуың дизурия деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет