Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістері.
Бүйрек ауруымен ауыратын адамдарды тексергенде колданылатын қосымша тәсілдерді үш топқа бөлуге болады.
Несепті лабораториялық жолмен тексеру
Функциональды әдістер
3.Инструментальды әдістер
Несепті лабораториялық жолмен тексеру түрлеріне:
несептің физикалық қасиеттерін анықтау,
несепті химиялық жолмен тексеру
несепті микроскопиялық тексеру
несепті бактериосокопиялық және бактериологиялық тексеру жатады. Несептің физикалық қасиеттеріне тәуліктің диурез және оның компоненттері, несептің түсі, несептің иісі және оның салыстырмалы тығыздығы жатады.
Тәулік диурез және оның компоненттерінің өзгерістері туралы, несептің түсінің өзгенрістері туралы жоғарыда айтылған.
Несептің өзіне тән онша өткір емес иісі болады. Несептің қуықта, не басқа жерде бактериялар әсерінен бұзылғанында аммиак иісі пайда болады. Несепте кетон денелері (қант диабетінің ауыр түрі) болса, оның иісі шіріген алма иісін еске түсіреді (жеміс иісі).
Несептің салыстырмалы тығыздығы, несептің салыстырмалы тығыздығының клиникалық маңызы зор, ол несептегі еріген заттардың (мочевина, несеп қышқылы, тұздар т.б.) концентрациясы туралы мәлімет береді және бүйректің концентрациялау және еріту функцияларының көрсеткіші болады.
Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалы тығыздығы 1,010-1,028 арасында болады. Несептің салыстырмалы тығыздығының мөлшері несеп мөлшеріне байланысты: полиурияда несепті слыстырмалы тығыздығы азаяды, олигурияда - керісінше ол көбейеді.
Несептің меншілікті салмағының азаюы гипостенурия, монотовды (біркелкі) меншікті салмақ -изостенурия, біркелкі төмен меншікгі салмақ-гипоизостенурия деп аталады.
Несептің салыстырмалы салмағының көбеюі қант диабетіне тән белгі.
Несепте глюкозаны анықтау. Қалыпты жағдайда несепте глюкоза болмайды. Несепте глюкоза пайда болуы глюкозурия деп аталады.
Глюкозурия - қандағы глюкоза концентрациясы (қалыпты жағдайда 4,6-6,6 ммоль/л немес 0,8-1,2 г/л 9,9 ммоль/л 1,8г/л) асқанда пайда болады.
Глюкозурия физиологиялық жөне патологиялық болып екі түрге бөлінеді. Физиологиялық глюкозурияға алиментарлық, эмоциональдық глюкозурия кейбір дәрілер қабылдағанда болатын глюкозурия (кофеин, кортикостериод гормондары) жатады.
Патологиялық глюкозурияға қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, бауыр циррозында және бүйрек ауруларында болатын глюкозурия (созылмалы нефрит, ыефроз синдромы) жатады.
Лейкоциттерді анықтау. Микроскопиялық қарау алаңында 2-3 лейкоцит қалыпты жағдайда да болады.
Несепте лейкоциттердің көп болуы-лейкоцитурия, ірің болу деп аталады. Лейкоцитурия шын және жалған болып екі түрге бөлінеді. Шын лейкоцитурия бүйрек және несеп жолдарының қабынуында болады, жалған лейкоцитурия-лейкоциттердің несепке простатадан (еркектерде) және әйелдерде сыртқы жыныс мүшелерінен қосылғанда болады.
Шын лейкоцитурия себептері: пиелит, пиелонефрит, цистит және уретерит. Лейкоцитурия - гломерулонефритте және бүйрек туберкулезінде де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |