Терінің қышуы - уремия кезінде мочевина кристалдарының тері бездерінің санылауына жиналуына байланысты. Теріде қасыған іздер болады.
Қарау.
Жалпы қарау фельдшерге науқастың жалпы жағдайына және оның ауыртпалық дәрежесіне баға беру үшін қажет: өте ауыр, есі жоқ жағдай-бүйректің ауыр түрде зақымданып бүйрек жетіспеушілігінің дамуында болады; қанағаттанарлық және орташа жағдайы- бүйрек жеңіл дәрежеде зақымдануына тән.
Науқастың төсектегі қалпы белсенді (аурудың алғашқы кезендерінде) және пассивті - (уремиялық комада) болады.
Коматоздық жағдайда науқас тізе, жамбас буындарын бүгіп, ауыратын жағы аяғын ішіне қарай жинап, ауыратын бүйірінде жатады. Бүйрек коликсында науқас өзін қоятын жер таба алмай, ынқылдап, қатты ауырғандықтан мазасызданып, айқайлауы мүмкін.
Ісік синдромы - жедел және созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром, пиелонефритке тән белгі. Бүйрек ісігіне тән науқастың сыртқы келбеті: беті бозарған, ісінген, қабақтарын ісік басқан, көз саңылаулары тарылған. Бүйрек ауруларының асқынуында ісік төмен қарай аяққа, қуыстарға тарап, кейде анасарка тәрізді ісікке айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |