Функциональды әдістер. Бүйректің функциональды күйін тексеретін жанама әдістерге Зимницкийдің сынама әдісі, қанда қалдық азотты анықтау жатады.
Зимницкий әдісінің негізгі мәні тәуліктік диурезді 8 рет бөліп жинап (4рет күндіз, 4 рет түнде), әр порцияның көлемі мен салыстырмалы тығыздығын анықтауда. Бұл әдістің нәтижесінде тәуліктік диурезді, күндізгі және түнгі диурезді, несептің салыстырмалы тығыздығының тәулік ішіндегі езгерісін анықтайды. Бұл көрсеткіштердің дигностикалық маңызы туралы жоғарыда айтылды.
Қалдық азот және оның құрамы:
Қалыпты жағдайда қалдық азоттың мөлшері 14,28-28,56 ммоль/л тең.
Қалдық азоттың қанда көбеюі-азотемия (бүйрек шамасыздығының белгісі)
Қалдық азот құрамы:
Индикан 0,68-5,44 мкмоль/л
Креатинин 0,088-0,176 ммоль/л
Мочевина 3,23-6,46 ммоль/л
Достарыңызбен бөлісу: |