«Ана мәңгілік шуақ төккен ғасырларға» мерекелік ашық тәрбие сағаты»


(ортаға студенттер шығады, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып береді)



бет3/3
Дата15.03.2022
өлшемі21,95 Kb.
#135653
1   2   3
Байланысты:
бекитуге1

(ортаға студенттер шығады, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып береді)

1: Анасыздар, әр үйге панасыздар,


Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

2: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар –


Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

3: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.


Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.

4: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.


Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

5: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,


Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

6: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.


Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

1-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,


Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін ұстаздарға бағыштайды,-дей отырып, хордың орындауында «ұстазым» әнін қабыл алыңыздар
2-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ...
оқушымыздың орындауындағы «Қазақ қызы» әнін қабыл алыңыздар.
орындайтын:
1-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
2-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең.
хор «ана»
1-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Мерекелік кешімізді қорытындылаймыз, енді әр залда орналысқан сурет көрмесін бірге тамашалауға шақырамыз

2-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,


Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен бүгінгі кеш аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет