Ана тілі, 3 сынып
І бөлім. Талаптан да, білім мен өнер үйрен.
№1. Сабақтың тақырыбы:Әліппенің атасы. (А. Байтұрсынов жинағынан)
Мақсаты: Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлы өмірі жайлы түсінік бере отырып, сабақтың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау. Ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; Зиялы адамдар өмірімен таныстыра отырып, білімге деген құштарлығын арттыру, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі : Кітап, Ахмет Байтұрсынұлы суреті, суреттер, сызба
Әдісі: іздену, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе: 1. Ана тілі оқулығымен, жазған, құрастырған адамдар жайлы, шығарған баспамен таныстыра кету. Кітапты күтіп ұстау, оған көп адамның еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету.
2. Кітаппен жұмыс: суретке зер салып «Білімді», «Білімсіз» сөздерінің мағынасын түсіндіру арқылы тақырыпты ашу.
3. « Кім жылдам?» ойыны арқылы шарларды ұстау арқылы мақал құрастыру.
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» (шардың түсіне мән бер, неліктен солай екенін түсіндір.)
Жаңа сабақты оқушы көмегімен талдау: 1. Білім көзі – «Әліппеде», осы пікірмен келісесің бе? Өз көзқарасыңды білдір. Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) 2. Берілген сурет топтамасымен жұмыс: Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) - ақын, ағартушы, ғалым. Қостанай облысында туған. «Әліппе» оқулығын жазған.
3. Мәтінді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұмыс
( Түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндір)
Сөздік жұмыс жүргізу: «жер аудару, сөз мұрасы».
ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Ахмет Байтұрсынұлы туралы толығырақ әңгімеле. Он жаста деген сөз неге қарамен жазылған деп ойлайсың? Білім алу не үшін керек екен?
Ү. Қорыту: Білім туралы мақал-мәтелдер айту.
ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.
№2. Тақырыбы: Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы
Мақсаты: А.Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндіріп айта білуге ықпал жасау; оқуға, білімді алуға ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары
Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) Кітаптағы суреттер сыры неде?
ІІІ .Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгеніңді пайдаланып, « Пікір ағашын» толтыр. 2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, түсті бояумен жазылған сөздерге көңіл бөлу. 3. Дәптермен жұмыс (түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндір) 4.сөздік жұмыс жүргізу «Іздеп тауып алалық- бұл жерде: үйрену, оқу, іздену.»
ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Өлеңді бөлімге бөліп оқу. а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс- әрекеті. ә) Даналық. 2. Даналық сөзін басқаша қалай айтуға болады? Алмастырып көр. (өлеңді қайталап оқып көр.) 3. Ақын ойын енді түсіндің бе? Ахмет Байтұрсынұлы балаларды неге шақырады? Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.
Ү. Қорыту: Сызбамен жұмыс: зер сал, өз сөзіңмен түсіндір. 1.Даналық, оқу, білім, т.б. сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың? 2. « Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық » қалай түсінесің? Сызба арқылы көрсете аласың ба?
ҮІ.Үйге тапсырма: Жаттап ал, « Ахмет» сөзжұмбақ құрастырып көр. Бағалау.
№ 3. Тақырыбы: Дала жұлдызы . С Мәуленов
Мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы түсінік бере отырып, сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге дағдыландыру; зиялы адамдар өмірімен таныстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Ыбырай Алтынсариннің суреті, кітаптағы суреттер, кесте.
Түрі: аралас.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өлеңді жатқа айту, өздері құрастырған сөзжұмбақты шешу.
ІІІ. Өткенді қорыту: Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің?. Он жаста деген сөз неге қарамен жазылған екен? Білім алу не үшін керек екен? Өз ойың?
ІY. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық .
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Жұмбақты шешіп, ортақ тақырып ойлап табу.( Кітап, қалам, бор – оқу құрал саймандары). 2. Берілген сурет топтамасымен жұмыс істей отырып, қазақ даласына білім жарығын алып келген Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы әңгімелеу.(оқушы 1-2 сабақта алған білімі бойынша түсінігін баяндайды) 3. Мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап алу, сөздік жұмыс жүргізу.Сергіту сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. Мәтінде кім туралы әңгімеленген? 2. Мәтіндегі оқиғаға қатысушыларды төмендегі үлгі бойынша ата.
Мәтін кейіпкерлері
|
Ол кім?
|
Ыбырай Алтынсарин
...
...
|
Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз.
...
...
|
3. Суретпен жұмыс: а). Суреттегі адамдарға ат қой. ә) Қай оқиғаға сәйкес келеді деп ойлайсың? б) әңгіме құр. 4. Мәтіндегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерге қарама-қарсы мағыналы тіркесті сөздер тап:
Жалғыз өскен емен- ... ( мыңдаған бұтақ, қалың орман,...)
Жалғыз жұлдыз - ... ( мыңдаған жұлдыз,топ жұлдыз,...)
ҮІІ. Қорыту: Осы сөздерді елестетіп, қиялдап, сурет салып көр.Әр жұлдызға ат қой.
ҮІІІ Үйге тапсырма 1.тақырыпты түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
№4. Тақырыбы: Өнер, білім бар жұрттар.
Мақсаты: Мәнерлеп түсініп оқуға, сурет бойынша ойын қорытып, түсінгенін еркін жеткізуге үйрету; дұрыс сөйлем құра отырып,өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру; өнер, білімнің қажеттілігін айта отырып, білімділікке, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ,
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Берілген сурет топтамасын пайдаланып, қазақ даласына білім жарығын алып келген Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы әңгімелеу. Дала жұлдызы деп кімді айтамыз? Ыбырайдан сабақ алған жазушы кім? (Спандияр Көбеев)
ІІІ. Өткенді пысықтау: Осы оқыған мәтіннің басты кейіпкері кім екен? Ыбырайдың үйінде жатып білім алған баланың аты кім?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен, міндеттерін түсіндіру.
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе ретінде сөзжұмбақты шешу. (Сырбай. Көбеев. Жұлдызы. Ыбырай. Есжан.) Осы аталған адамдар туралы не білеміз?
Өлеңді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. Өлеңнен нені білдік? Не істеу керек екен? Қалай ойлайсың?
ҮІІ. Білімдерін тексеру:
1. Сергіту сәті. 2. Суретпен жұмыс: Суреттерді топқа бөл.
а). Ғылым мен техника дамымаған кездегі тұрмыстық заттар: ...
б) Қазіргі заманғы техника: ...
Саған қай топтағы суреттер ұнады? Неге? Жаңа техника жасап шығару үшін адамға не керек? Өлеңдегі ақын ойын өз сөзіңмен түсіндіріп көр.
ҮІІ. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Ата –анаң немесе айналаңдағы жақындарың істеп жүрген жұмыстарын есіңе түсір. Олардың еңбегін жеңілдету үшін не ойлап табар едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Түсініп оқу, мазмұнын білу. 2.Бағалау
№ 5. Тақырыбы: Әке арманы. Мұхтар Әуезов
Мақсаты: М. Әуезов жайлы айта келіп, түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету, тақырып дегеннің не екендігін түсіндіру; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлау, құрмет көрсетуге тәрбиелеу, сыпайылыққа баулу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, сызба, мақал- мәтелдер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деңдер. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау: Жаңа техника жасап шығару үшін адамға не керек? Өлеңдегі ақын ойын өз сөзіңмен түсіндіріп көр.
ІІІ. Өткенді қорыту: Қандай өнерді жақсы көресің? Қандай өнер адамдарын білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Сенің әкең қандай адам деп ойлайсың? (бала өз әкесі жайлы әңгімелейді). Көп нүктенің орнына қажетті дыбыстарды қойып, сөздерді дұрыс оқы.
. . . і . . . і
м ( білім, ғылым)
. . . і . . . і
2.Берілген мақал- мәтелдерді білім, ғылымға қатысының бар жоғына қарай екі тақырыпқа бөл. Білім, ғылымға жатпайтын нақыл сөздерге қандай тақырып берер едің?
3. Жазушы шығарманы жазбас бұрын қандай мәселені негізгі ой ретінде алуға болатынын көп ойланады. Сол ой шығарманың тақырыбы болып есептеледі.
4. Мәтінді түсініп, теріп оқу. Топпен:1. Жасыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқу. Кімнің сөзінен алынған? Осы сөздерді тірек етіп, Абайдың Әбішке не айтқысы келгені туралы әңгімеле. 2. Қызыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Олар неге қызыл түспен ерекшеленген деп ойлайсың? 3. Көкшіл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Осы сөздерді тірек етіп, Әбіштің алдына қойған мақсаты туралы әңгімеле.
ҮІ.Сергіту сәті
Мәтінді түсініп оқу. Суретпен жұмыс: Зер сал. Кімдерді көріп тұрсың? Осы суретті қалай атар едің? Абайдың арманы не? Ол қандай түспен белгіленген? Өзің қалай сурет салар едің? ҮІІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Мәтінге сүйеніп, сызбаны толтыр.
ІХ . Үйге тапсырма: Мәтінді бөліктерге бөл, ат қой, неге солай атағаныңды дәлелде. Бағалау.
№6. Тақырыбы: Адам болам десеңіз. Абай
Мақсаты: Абай Құнанбаев жайлы білетіндерін толықтыра отырып, тілін, ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға , түсінгенін әңгімелеуге,ойын жеткізе білуге үйрету. Білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әр оқушының мәтінді бөлімге бөліп, оны дәлелдеуін тыңдау. 2.Абайдың арманы не? Әбіштің алдына қойған мақсаты қандай еді?
ІІІ. Өткенді қорыту: Абайдың арманы саған қалай әсер береді?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Жаңа сабаққа даярлық
Кітаптағы №1 тапсырмамен жұмыс: Суретте нелер бейнеленген? Осы заттарды пайдаланып ребус құру. (аспан, ай, барыс - Абай сөзін құрастыру.)
Суреттер топтамасын пайдаланып, Абай туралы әңгімелеу. 2. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айту. 3. «Адам болам десеңіз.» Өлеңді мәнерлеп оқу, іштей оқу,тізбектей оқу,тауып оқу .
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Адам баласы білімді болу үшін не қажет? Ғылымға, білімді болуға кедергі болатын нелер? (Баланың өз тұжырымын тыңдау, қорытынды.)
ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? 1. «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз ...» ақын ойын қалай түсінесің? 2. Ойланып жауап бер. Абай ата Сәулеге не дер еді? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу.2.Бағалау.
№7. Тақырыбы: Қырдан келген жас қазақ. М.Дулатов
Мақсаты: Оқушыларға Шоқан Уәлихановтың өмірі жайлы түсінік бере отырып, мәтінді түсініп оқуға үйрету; тілін, ой өрісін дамыту; білімділікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Мақсаты: Сөз және оның мағынасы туралы 2-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Сөз дегеніміз не? Сөздің қандай мағыналарын білесің? ә) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу (тірек сызба көмегімен сөз таптарын еске түсіру) б) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу А а А а Алма.
2-жаттығу. Сөздерді оқу, ондағы ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсету, сөйлем құрау. Мысалы: Жазда аралар гүлдерден бал жинайды. Айдостың ала сиыры жайылып жүр. 3-жаттығу. Аспанда: ай, жұлдыз, күн, бұлттар, құстар, тікұшақ. Жерде: топырақ, тастар, жәндіктер. Суда: балықтар, балдырлар, кеме, қайық .
в) Сергіту жаттығуы. 4-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде балаларға сурет бойынша сөйлем құрап жаздырту. 5-жаттығу Оқушылардың үстел жайында білімдерін ауызша сұрау, суретпен жұмыс жүргізу.
ІҮ.Бекіту: а) 6-жаттығудағы ақпаратты есте сақтап талдау. ә) Ойын «Кім тапқыр?» Ойының шарты: оқушыларды 4 топқа бөліп, зат, сын, сан есім, етістік бойынша сөздер айтқызу, сұрақ қою.
Ү. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөз туралы не білеміз? Сөз мағынасына қарай қалай бөлінеді?
ҮІ. Үйге тапсырма: 7- жаттығу 5-бет. ҮІІ. Оқушыларды бағалау
№ 2. Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Мақсаты: сөз және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығуды тексеру. Ол заттың түсі сары, дәмі тәтті, түрі сопақша, дәруменге бай. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Мына сөздерге қарама-қарсы мәнді сөздерді тауып айтыңдар. Ұзын-қысқа, алыс-жақын, арзан-қымбат т.б. Мына сөздер
ә) оқулықпен жұмыс, 8-жаттығуды мәнерлеп оқу, талдау. Сөл, шырын, сығынды, нәр.
б) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Б б Б б Б б Бауыржан жаздырту.
9-жаттығу. Жаңылтпашты мәнерлеп, шапшаң оқыту, жаттату. 4-5 балаға жатқа айтқызып, тыныс белгілеріне назар аударту. Жатқа жазып, оқулықпен тексерту. Жазылуы бірдей мағыналары әртүрлі «алма-алма» сөздерінің мағынасын түсіндіру.
10-жаттығу. Мақалды оқытып, мағынасын түсіндіру. Арзан, іші сөздеріне қарама-қарсы мағыналы сөзді (қымбат, сырты) тауып айту.
Тура: нанды тура, тура жол. Жас:машинаны жаса, мүшел жас.Түс: аттан түс, түс көру, қызыл түс. в) Сергіту жаттығуы
Ү. Бекіту: а) 13 -жаттығудағы ақпаратты есте сақтап талдау. ә) 14-жаттығуды «Ұйқасын тап» ойыны түрінде өту. Ойының шарты: мұғалім өлеңнің басын оқиды, оқушылар топ бойынша ұйқасын табу керек. Жеңген топты мадақтау.
ҮІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөз туралы не білеміз? Сөз мағынасына қарай қалай бөлінеді?
ҮІІ. Үйге тапсырма: 12- жаттығу, 7-бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
№ 3. Тақырыбы: Сөз және оның құрамы
Мақсаты: Оқушыларды сөздің түбірі, жұрнағы, жалғауы туралы білімдерін тиянақтауға, ажырата білуге, сауатты жазуға үйрету; ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, дедукция, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 12-жаттығуды тексеру. Мағынасы қарама-қарсы қандай сөздерді білесіңдер?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздің құрамына не жатады? 3) көрнекілікке сүйене отырып түсіндіріп, еске түсіру.
ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Сөздер қандай мағыналары бар? Жазылуы бірдей мағыналары әртүрлі қандай сөздерді білесіңдер? Мағыналары қарама-қарсы сөздер ше? Мағыналары жуық сөздерді білесің бе?
ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға В в В в вагон жаздырту.
15-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқыту
16-жаттығу өзіндік жұмыс. Мақалдағы қалып қойған қосымшаларды толықтырып жазу. Мақалдың мағынасын ашу. Еңбекке қатысты тағы қандай мақал білесің?
17-жаттығу. Ел – елші, дәрі - дәріхана, оқу – оқушы, көл – көлшік, кітап – кітапхана, жұмыс – жұмысшы. Сөздердің мағыналары неліктен өзгерді?
18-жаттығу. 1) Мәтінді мәнерлеп оқу, түсіндіру. Қарамен жазылған сөздерді көшіру, түбір және қосымшаларын ажырату. 2) Өздерің уәде дегенді қалай түсінесіңдер? Уәдені не үшін береді? 19-жаттығу. Құрылыс-шы-лар, кітап-тар, көл-шік-тер, дос-тық-ты. 20-жаттығу. Көлге түсірілетін сөздер: күй, бүркіт, орын, іні; көлшікке: қобызшы, тазалық, еңбекқор, ойыншық, жұмыскер. б) Сергіту жаттығуы
Ү. Бекіту: Сәйкестендіру тесті: сөздерді жұрнақ, жалғауларға сәйкестендір.
Балалық Жұрнақ
Күйші
Далада Жалғау
Оқуды
ҮІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздің құрамы деп нені айтамыз? Сөздің түбіріндегі соңғы әріп өзгеретін мысал келтір? ҮІІ. Үйге тапсырма: 21- жаттығу. 9-бет, «Көл» тақырыбына шағын әңгіме құрау. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
№ 4. Тақырыбы: Сөз және оның құрылымы
Мақсаты: Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 21-жаттығуды тексеру. Көл мен көлшіктің айырмашылығы мен ұқсастығы неде? Жазған әңгімелерін оқу, талдау.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздер нелерден құралады? Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп дегеніміз не? 3) көрнекілікке сүйене отырып сөздің құрылымын түсіндіріп, еске түсіру.
ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Ә ә Ә ә Әтеш сөзін жаздырту.
22-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқыту, жаттатқызу, 4-5 балаға жатқа айтқызып, жаздырту. Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар? Олардың ерекшелігі неде? 23-жаттығу мәтінді оқу, талдау. Бидайды қай мезгілде жинайды? Бидайдан біз не жасаймыз? Нан туралы қандай мақал білесің? 24-жаттығудағы сөздердегі бір дыбысты өзгертуден мағынаның түбегейлі өзгеруін аңғарту. Тағы қандай дыбыстарды өзгертіп жаңа сөз ойлап табуға болады? 26-жаттығу «Кім жылдам?» ойыны ретінде өткізу. Ойынның шарты: берілген сөздерге жетіспей тұрған әріпті таңдап торға енгізу. Сөздер: үкі, жүгері, бұрғы, дәптер, өрік, сиыр, ағаш бүркіт. 27-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, өлеңге ат қою. в) Сергіту жаттығуы
Ү. Бекіту: а) 28-жаттығуды оқу, талдау ә) әріптерді неге тыңдауға, айтуға болмайды? б) Сөздік диктант Қырғауыл, жолаушы, бидай, комбайн, теңіз.
ҮІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не? ҮІІ. Үйге тапсырма: 25-жаттығу 10-бет берілген әріптерден сөз ойлап, 4-5 сөйлем құрау. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
№5. Тақырыбы: Сөз және оның құрылымы
Мақсаты: Жаттығуларды орындау барысында сөздердегі дауысты у және дауыссыз болып келетін жағдайларды ажыратуға, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек
Достарыңызбен бөлісу: |