«Ана тілің-еркіндігің, теңдігің, мақтанышың, елдігің!»
Қазақ тілі мәңгілік тіл өлмейтін
Домбыраның үніменен өрлейтін
Мен үшін сен ұлысың,қадірлісің!
Өмірдегі ең басты байлығымсың...
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды.Себебі не?
Себебі, тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі. Ол мәңгілік тіл!
Әр халықтың өзінің ана тілі бар.Тіл-жеке адам ойлап тапқан туынды емес,ол барша ұлтқа ортақ,соның төл перзенті.Халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.Тіл-атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.Тіл-еліміздің іргетасы, ұлтымыздың қуаты.
Березняковка орта мектебі бойынша Тіл мерекесіне арналған іс-шаралар туралы есеп.
2016 жыл
Березняковка орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай арнайы жоспар құрылып, барлық шаралар жоспар бойынша іске асты.
Қыркүйектің 8 – 16 күндер аралығында жоспар бойынша мынадай жұмыстар атқарылды:
Қыркүйектің 8 – күні тіл мерекесіне байланысты ашылу салтанаты үш тілде болып, оған 1 -11 сынып аралығындағы барлығы 77оқушы
қатысып,тақпақтар мен өлеңдерін айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |