«Ана тілі» газеті, «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» айдары 29-қазан, 2015жыл Елбасының «Мәңгілік Ел»



Дата02.07.2018
өлшемі24,31 Kb.
#45852
«Мәңгілік Ел – ізгі мақсат»

тақырыбындағы мақалаға талдау



(«Ана тілі» газеті, «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» айдары)

29-қазан, 2015жыл


Елбасының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын, 5 институттық реформасын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясының мән-мазмұнын талқылап, оны қолдайтындарын білдіріп жатты.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» жалпы­ұлттық идеясына арналған бұл форум салтанатты жағдайда ашылып, Президент Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев Елбасының жиынға қатысушыларға арнаған құттықтау хатын оқып бердi.«Мәңгiлiк Ел» Қазақстан патриоттары форумына қатысушыларға сәлем жолдаймын. Бүгiнгi форум ерекше. Ол Конституциямыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойлары жылында өтіп отыр. Бұл халқымыздың бiрлiгi мен келiсiмiнiң бiрегей дәстүрiн, туған жерiмiз – Ұлы Дала елiне деген ерекше сүйiспеншiлiктi паш етеді. Форум қазақстандықтарды «Мәңгiлiк Ел» идеясының айналасына ұйыстыруға және қоғамның тұрақтылығы мен бiрлiгiн нығайтуға қызмет ететiнiне сенемiн. Форумға қатысушыларға және барша қазақстандықтарға зор денсаулық, жаңа табыстар тiлеймiн» делiнген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатында.Бұдан кейін Б.Майлыбаев Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясының әрбір қазақстан­дықтың жүрегінен орын алғанын алға тартып, бұл идеяның мән-мазмұнына тоқталды.Қазақстан халқы Ассамблеясы Төраға­сы­ның орынбасары Ералы Тоғжанов «Мәңгiлiк Ел» – бiздiң ортақ стратегиялық мақсатымыз, биік мұратымыз болып қалатынына сенім білдіріп, екi жылдың iшiнде Елбасының бастамасы Қазақстанның барлық өңірінде қызу талқыланғанын, халықтың жан-жақты қолдауына ие болғанын ерекше атап өтті. Өз ұсыныстары мен ойларын білдірген Е.Тоғжанов олардың негiзiнде «Мәңгiлiк Ел» идеясының жасампаз жобасы әзiрленетiнiне сенiм бiлдiрді. «Өздеріңізге мәлім, Президент 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. Ассамблея жылы – бұл бiрлiк жылы, келiсiм жылы, бiр-бiрiмiзге қолдау көрсету жылы. Сол сияқты, осы жылы бiрқатар ауқымды шаралар аталып өтуде. Олар – Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы. Күнi ертең Тараз қаласында Қазақ хандығына арналған қорытынды iс-шаралар өтедi. Бiр сөзбен айтқанда, бүгiнгi бiздiң форум жоғарыда аталған шаралардың шегесi iспеттес. «Мәңгiлiк Ел» идеясы – Болашағы Біртұтас Елдің бiрыңғай рухани негiзi. «Мәңгiлiк Ел» – бұл бiздiң ортақ стратегиялық мақсатымыз. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ассамблея «Менiң елiм – «Мәңгiлiк Ел» ауқымды акциясын өткiзген болатын. Сiздердiң барлықтарыңыз оған атсалыстыңыздар. Бүгiн бiз ел болашағына бейжай қарамайтын барлық азаматтарға алғыс бiлдiремiз» деді ол.Форум мінберіне көтерілген қоғам және мемлекет қайраткері, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов «Мәңгілік Ел» идеясының еліміз үшін зор маңызына тоқталды. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің ең жоғарғы, ең мәртебелі төрі мен мінбері БҰҰ-ның 70-інші мерейтойлық сессиясында қазақ тілінде сөйлеген сөзімен ұлт абыройын асқақтатты. Қазақ тілі тұңғыш рет осындай дүниежүзілік дәрежеге көтерілді. Бұған барлық қазақстандықтар шын жүректерімен қуанды. Бұл мемлекеттік тәуелсіздігіміздің жемісі – Елбасының жеңісі болды. Мыңжылдық тарихымызда біздің бабаларымыз талай қиындық көріп, жанкештілікпен тәуелсіздікті аңсады, күресті, соның жолында құрбан болды. Еркін ел болу бақытын, тәуелсіздікті, ұлттың, халықтың ынтымағын жасампаздық игілігіне жарату біздің бүгінгі патриоттық, отаншылдық борышымыз» деді Қуаныш Сұлтанов.Халық қалаулысы Ассамблея атынан алдағы уақытта халыққа, ұрпаққа Мәңгілік Ел идеясын насихаттауды, тек қана өзіміздің мемлекетке ғана емес, көрші елдерге, алыс мемлекеттерге жеткізу мақсатында арнайы «Мәңгілік Ел» бағдарламасын не болмаса «Мәңгілік Ел» телеарнасын құрып, жұмыс істеуді ұсынды.Жиын барысында таяуда ғана ғарыштан оралған батыр Айдын Айымбетовтің сөзі әсіресе жастар үшін әсерлі болды. «Бiздiң жерiмiзден – Байқоңыр ғарыш айлағынан адам баласы ең алғаш ғарышқа ұшты. Қазақстанды бүгінде бүкiл әлем таниды. Бұл өз елiмiздi мақтан тұтудың тамаша үлгiсi. Бүгiнде Қазақстан көп табыстарға қол жеткiздi. Біз мемлекетімізді одан әрі дамыта беру үшін әрқайсымыз өз iсiмiздің үздiгі болуымыз керек. Мiне, осы – нағыз патриоттық iс. Қазақстанның Байрағы ғарышқа әлi талай ұшатынына, жеңiстi сәттерде желбiрейтiнiне, бүкiл әлемге танымал боларына сенiмдiмiн. Қазақ елi мәңгiлiк жасасын!» деген ғарышкер жастарды елiмiздiң патриоты болуға, Отанымызды көркейтуге сүбелі үлес қосуға шақырды.Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығына назар аударды. «Біз, Ауған соғысының ардагерлері, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын қастер тұтамыз. Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер – соғысты өз көзімен көргендер. Сондықтан Қазақстанның ұлы жетістігі – ел бірлігін ерекше бағалайды. Біз Елбасына бейбіт өміріміз үшін, аяулы аналарымыз бен бал-бөбектеріміздің күміс күлкісі мен тыныш ұйқысы үшін шексіз ризамыз!» деп депутат «Мәңгілік Ел» құндылықтарын жоғары рухани-адамгершілік бағдар ретінде ұстануға үндеді. «Халық Қаһарманы» Азамат Жұмаділов алқалы жиында ішкі толғанысын жасыра алмай, тебіреніспен сөйледі. «Құрметті достар! Мен ешқашан батыр атануды ойлаған емеспін. Сол қатерлі түнде азаматтық міндетімді ғана атқардым! Менің орнымда кім болса да дәл солай істер еді. Жауапты сәтте қатерге ойланбай бас тігу – елім деген әрбір азаматтың борышы! Сол оқиғаны Елбасы теледидардан көріп, маған «Халық Қаһарманы» атағын берді. Осыдан түйгенім: Қазақстанда жасалған әрбір игі іс Елбасының назарында. Ұлым дейтін елі мен Елбасы барда, елім дейтін ұлдар бар. Патриотизм – ел үшін жасалған нақты істерден тұрады. Бұл – «Мәңгілік Елдің» бас­ты сипаты! Мен еліміздің жастарына үндеу тастаймын! Қасиетті Отанымызды сүйіп, құрметтейік! Жақындарымызға көмектесейік! Лайым жерімізден бейбітшілік пен келісім кетпесін!» деді ол.
Жастар атынан сөз алған бағдарламашы Асхат Мырзабаев бүгінгі жас өрендерге әркім өзінің ісімен елді көркейтуге үлес қосу қажеттігін баса айтты. 25 жастағы Асхат қатерлі ісік ауруымен күресу мақсатындағы зерттеулер­ге 2 млн АҚШ долларын аударған. Алдағы уақытта да ғылымды қаржыландыруды алдына мақсат етіп қойған жас өреннің барлық бастамаларына сәттілік тілейміз.Форумда мінбеге көтерілген «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жедел түрде операция жасауға мұқтаж 29 баланың өмірін сақтап қалуға басты себепкер болғанына ерекше тоқталды. А.Саин балалардың өмірін сақтауға бағытталып келген «Балаларға өмір сыйла!» шарасына белсене қатысқан азаматтардың арқасында соңғы 10 жыл ішінде 1300-ден астам баланың өмірі аман қалғанын айтты. А.Саин Қазақстанда жетімдер үйлерін азайтуға бағытталған «Қазақстан жетім балаларсыз» жобасы жайлы да аз-кем тоқталды. Бүгінге дейін осы жобаның арқасында 500-ден астам бала өз отбасыларын тапқан екен.Ал Тараз мемлекеттік педаго­гикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова өзінің сөзінде мемлекет тарапынан ұрпаққа сапалы білім беру ісіне жоғары деңгейде қолдау көрсетіліп келе жатқанына көңіл аударды.«Елбасы «Мәңгілік Елдің ең басты сипаттарының бірі – ғылым мен білім» деген болатын. Елімізде 2 миллион 600 мың оқушы бар. Тек биылдың өзінде 340 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Бұл – Тәуелсіздік тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Біз кеше ғана ел болып «Ұстаздар күнін» атап өттік. Шәкіртіне білім нәрін себетін 340 мың қазақстандық ұстазды кәсіби мерекелерімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Білімді ұрпақ – Мәңгілік Елдің болашағы. Мәңгілік Ел болу дегеніміз – бәсекеге қабілетті, зияткер ұлт болу. Зиялы ұрпақ тәрбиелеу – менің, мен сияқты барша ұстаздардың борышы. Ал жас ұрпақтың борышы – білімді азамат атанып, Ұлы Абай айтқандай, «Мәңгілік Елдің кірпіші болып қалану». Сол себепті, біздің жасампаз еңбегіміздің бәрі де «Мәңгілік Ел» үшін!» деп түйді ректор.Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт, форум аясында «Жыл патриоты» байқауының қорытындысы шығарылды. Дәлірегін айтсақ, Отанға деген сүйіспеншіліктерін күнделікті еңбегімен, нақты істерімен, сондай-ақ ерен ерлігімен дәлелдей білген қазақстандықтар жеті аталым бойынша марапатталды. Атап айтқанда, ғарышкер Айдын Айымбетов («Менің елім» аталымы бойынша), ұлт мақтанышы, КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова («Руханият шыңы»), белгілі боксшы Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина («Ана жүрегі»), «Динар-Электромаш» ЖШС (Ақтөбе облысы) іс басқарушысы Сергей Вишняк («Ел бірлігі»), «Казлегпром – Алматы» ЖШС бас директоры Айбек Бектұрғанов («Нұрлы жол»), «Темірлан» ЖШС директоры Ерлан Әлин («Ерен еңбегі үшін») және суға батып бара жатқан екі сыныптасын құтқарған мектеп оқушысы Никита Тюкин («Ерлік») марапатқа ие болды.
Форумда ақын Маралтай Ыбыраев, «Болашақ» бағдарламасы түлектері қауымдас­тығының мүшесі Қаныш Төлеушин, «Статус» әйелдер федерациясының жетекшісі Ирина Унжакова, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасына қатысушы, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ директорының орынбасары Айжан Туғанова, «MIMIORIKI» компаниясының директоры Инна Апенко, Қазақстан аспазшылары қауымдастығының президенті Елена Мащинская, мұнай-газ саласының өкілі Фердинат Мамонов, қазақ тілін үйретудің жаңа тәсілінің авторлары Семен Махов, Евгений Шворнев, Сергей Закора, химия пәнінің мұғалімі, көптеген шәкірттері халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған ­Алмас Ордабаев, режиссер Ахат ­Ибраев, жас әскерилер Ербол Базаров, Алтын Байтемірова және Алмат Қайырбеков сынды азаматтар жылы лебіздерін білдіріп, Елбасына деген құрметтерін жеткізді.Форум аясында «Бір ел – бір отбасы» атты жобаның басталғаны хабарланды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» атты бес институттық реформасының аясында іске асырылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы қолға алынбақ. Бұл жоба аясында патриоттық тәрбие басымдықтарын, болашағы біртұтас ұлтымыздың зияткерлік, мәдени және рухани құндылықтарын ілгері бастыруға бағытталған кең ауқымдағы акциялар мен әлеуметтік шаралар өткізу көзделуде. Патриоттар форумы барша жиналған жұртшылықтың «Атамекен» әнін орындауымен тәмамдалды.

Қорытынды: Елбасының «Жаңа қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осы ұлы құндылығы» деген сөзінің тәрбиелік төркіні тым тереңде жатыр. Мемлекет басшысы «Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау деген сөз» деуі бұл мағынаның мәні мен маңызын одан әрі аша түседі. Ендеше, Жолдауда айтылған әрбір сөзді өзіміз жете түсініп қана қоймай, өзгелерге де ұғындыруымыз керек. Сөйтіп, Елбасы төңірегіне тығыз топтасып, алға қойған міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға жұмылуымыз қажет.

Қазақ тілі және мәдениеті



кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С. Қалыбекова
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет