Сабақтың тақырыбы: «Әр қашан күн сөнбесін!»
Мақсаты:
Балаларға Ұлы Отан соғысының мазмұнын әңгімелеп, осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангердің рухына бас ие отырып, балаларды отанды қорғауға, Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу
Жүру барысы: 1. Ұйымдастыру.
(оқушылардың сыртқы киімі көк түсті пилотка, кеуделеріне көк лента, барлығы орындарынан тұрып тұрады, қонақтарды қарсы алады, үнтаспадан Жеңіс туралы ән қойылады).
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі Ұлы Жеңіске-70 жыл!
1»Ә»сынып оқушыларының дайындаған ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп барлық күшін жігерін
Ана үшін, бала үшін, жер үшін
Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.
Жұлдыз
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Оқушы: Ұлы Отан соғысы басталды.
Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Самат
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Данияр
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)
Нұршат
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары. (Қонақтарға гүл беріледі)
Жазира
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Аягөз
Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.
Берекет
Күркіреп күндей дауылды
Нөсір төккен жауынды
Өтті ғой соғыс кешегі!
Қан жылатып қауымды.
Мадияр
Сол сұрапыл шағында
Қырық екінің жазында
Маңғыстаудан майданға
Исатай да жазылды
Гулден
Отан үшін мерт болғанды танып, біл,
Оларды әсте ұмытпайды даңқы ешқашанда өшпейді,
Батырлардың жүрегі от боп жатып тұр!
Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек те,
Отанының бақыты үшін мерт болған,
Батырларды есіңде ұста, құрметте!
Ән: Асан Аянат. Соғыстан қайтқан солдаттар
Перизат
Бірінің жары өлгенде,
Бірінің жары хабарсыз
Сұрапыл басқа төнгенде
Кетіпті қара қағазсыз.
Міне, соғыс қасіреті осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті.
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады
Аягөз
Соғыс өршіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнағанына 70жыл.
Ерліктерін мәңгі ұмытпай
Есте сақтап жүреміз.
Есімдерін көше мектеп
Атауларынан білеміз.
Нұрасыл
Ер есімін алып жүрген
Жас түлектер қаншама.
Батыр аға – апаларын
Таныстырып баршаға
Айдана
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы
Ән: Солдат болам мен ертең
Сабина
Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы.Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.
Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі
Дарын
Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.
Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді
Марғұлан
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.
Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнематериал көрсетіледі:
жұлып түсіреді. .
Рузана
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. БІрақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты.Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді. 1944 жылы 14 қаңтарда қаза тапты.
Ақерке
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,
Қаптаған қалың қалың жаудан тайсалмаған
Мен көрдім пилеткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі Максим оның,
Бойында куш-жігері тасқын оның
Ерлермен тізе қосып ,шабуылда.
Оғымен қырғын майдан ашты жолын.
Би: Катюша
Меирамбек
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Бекжан
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Хор: «Жеңіс туы желбіреп» әні орындалады:
Бағила
Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.
Фаида
Ағайын туған бар адам
Адамдық үшін жаралған
Бар елге қымбат туыстық
Баянды болсын тыныштық
Әнуар
Сұм соғыс қайтіп болмасын
Бәйшешектер солмасын.
Еліміз бейбіт күн кешіп,
Бір Алла өзі қолдасын
Хор: Әрқашан күн сөнбесін
Біздің хақымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды.Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі өнеге. Соғыста каза болган ержүрек аға –апаларымызды әркез осылай естен шығармай, есімізге сақтап журе берейік
Достарыңызбен бөлісу: |