А.Құнанбаев атындағы орта мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі:
Дуйсенкулова Мирамкул Уакитовна.
Арқалық қаласы.
Сабақтың тақырыбы:С. Мұратбеков. «Жусан иісі»
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтіңді меңгертіп ой-өрісін кеңейту, тіл байлықтарын дамыту.
2. Оқушыларды сауатты оқуға төселдіру. Оқыған шығармаларының мазмұнын түсініп, толық әңгімелеп беруге жаттықтыру.
3. Оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа,төзімділікке,өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап әңгіемелеу,баяндау, түсіндіру
Формасы: топтық жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Күннің көзі шашылып,
Көкке шуақ шашылсын,
Құтты қонақ келіпті, төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге, тәрбиенің басы ғой,
Ал,кәнекей бәріміз, сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіз бе, ұстаз!
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
2.Үй тапсырмасы
1.«Алғашқы көмек»әңгіме мазмұны бойынша «Сөзжұбақты» шешейік
1.Әңгіме қай айда болады?
2.Далада не жауып тұр?
3.Әкесі нені сүртіп тазалады?
4.Иттің аты?
5.Әкесі нені ұстап әкелді?
6.Пештің үстінде не бар?
7. Әңгімедегі өлкенің аты?
8.Қарындасына не берді?
-Қандай сөз шықты?-Қансонар сөзі шықты. Оны қалай түсінесіндер?
Оқушылар жауабы: Қансонар – менің түсінігім бойынша алғашқы қар түскенде аң ауласа, қаңжығасы майланады, яғни аң көп түседі деуге болады.
2.- Енді «Бақытты сәт»ойыны.
Шарты:- Мен сұрақ қоямын, сұраққа дұрыс жауап берсеңдер қызыл көз жанып, дұрыс жауаптардың бас әріптері түсіп отырады, соңғы сұрақтың соңғы әріпі алынады.
- Ал, көрейік.
1 топ.
1. 5*5-25/Ж
2. Малдың төлдегеннен кейін алғашқы сүті (уыз)
3. Екінің кубы./с
2.топ
1. Жеті атаның бірі (ата)
2.Бір өркешті түйе (нар)
3.Бес парыздың бірі (иман)
3 топ
1.Жеті қазына (ілім)
2. 8*10 (сексен)
3.Алтыншы күн (сенбі)
- Кәне қандай сөз шықты? «Жусан иісі».
3. Жаңа сабақ
1. Қызығушылықты ояту.
«Жусан иісі». С.Мұратбеков
2.Негізгі бөлім. Ой шақыру.
Автор үшін алты сұрақ?
1 топ
Сайын Мұратбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2.топ
1..... пікір айтқан кім?
2.Қай салада қызмет етті?
3. топ
1. Жазушының ең алғаш шығармалары қай жылы жарияланды?
2. Ел арасында тараған қандай шығармаларын білесіндер?
(Дос іздеп жүрмін. Камен-Тоғай. Жабайы алма. Ауыл оты. Менің қарындасым және бүгінгі өтіп отырған «Жусан иісі» повесі, араб тілінде кітап болып шықты.)
Иә, балалар жусанды көргендерің бар ма? Ал иісін иіскеп көрдіңдер ме? Иіскегілерің келе ме?/Жусанды көрсетіп,иіскету.
- Балалар, естеріңде ме? Жусан туралы не білесіндар?
-Я, балалар жусан Қазақстанның түкпір-түкпірінде өседі екен. Әсіресе иісінен құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлер қашады екен. Жусан бар жерге жоламайды.Жусан (Artemisia)-күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық,кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер,шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл – шөлейтті далада,таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см,кейде 1,5-2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі.Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі-тұқымша. Жусанның 17 түрі бар-сирек кездесетін эндемик түрге жатады,ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі-дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар.
Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі,оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы,дәрілік,бояуыш,витаминді,эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы:тамыржусан) да өседі.
5. Оқулықпен жұмыс
- Енді кітапқа қарап оқиға желісі кім туралы екен соны білейік.
- Барлығымыз тыныш отырып, құлақпен естіп, көзбен көріп көңілімізге тоқып отырайық.
«бейнекөрініс»/Соғыс 1941-1945ж.
6. Мәтінді оқу
7. Сөздікпен жұмыс
Қаралы қағаз – соғыста қаза тапқан адамнан хабар келу.
8. Тізбектеп оқу. Мазмұны желісі.
1.Әңгіменің басталуы.
2. Әңгіменің дамуы
3. Әңгіменің байланысы.
4.Шарықтау шегі.
5. Қорытынды.
Сергіту сәті.
10. «Жеті жұрттың тілін біл»
11. «Ортада қаламсап» стартегиясы бойынша
1 топ. Аянға міңездеме:
* сезімтал
* қайсар
* шыдамды
* сабырлы
* сенімді
* жігерлі
2.- топ Қора іші - * тымырсық
/сипаттау/ * тастай қараңғы
* құжынаған шыбындар
3 топ. «Аянға хат» жазу.
12. «Тіл өнер» стратегиясы
1. Менің көкем де, атам да жоқ,сондықтан төбелесем (Бапай) ұрсады ғой.
2.Шіркін, әкеме (хат) жазар едім.
3. Ал, жүріңдер мен кешегіден де қызық (әңгіме) айтамын.
4. Әкемнің (жейдесінің) иісі сіңіп қалыпты.
5. Көз ұшында бұлдырап (арба )кетіп барады.
- Иә, балалар 1941-1945 ж Ұлы Отан соғысы қаншама зардап шектірді. Ер азаматынан айырылған аналалар, әкесінен айырылған балалар. Солардың бірі Аянның да әкесі елін қорғауға, туған жерін қорғау үшін соғысқа аттанып, соғыстан қайтып оралмады. Ал Аян болса жетім қалды. Ақыр соңында балалар үйіне кетті. Халқымызда мынадай сөз бар «Жетім көрсең, жебей жүр.»/ бейне көрініс
13..
Жетімдер. Қазіргі жетімдер.
1.соғыс зардабынан. 1.тастанды балалар
2. Жоқшылықтан 2.тәрбиесіздіктен
3.Ата-анасының құқығынан
айырылған балалар.
- Балалар естеріңде ме? Бейбарыс Сұлтан мәтіні. Сол Сұлтан Бейбарыс та өзінің жусанды жерін сағынып елге оралған болатын.(бейнекөрініс)
Ал Аян болса балалық шағы достарымен бірге жусан өскен төбеде бірге ойнап, ертек айтып өсіп өңген жері, туған ауылына жусан төбесін сағынары сөзсіз. Мүмкін жусанды төбеге бір оралып та қалар. Сондықтан Аянға арнап «Туған жер» әнін арнасақ. Біздің әнімізді естіп Аян да бір жасап қалар.
/Екі оқушының орындауында ән тыңдау/.
/Топ басшылары ән біткенше сабақ айтқан балаларды бағалау. /
15. Сабақты бекіту
1. Мәтіннің тақырыбы:
2. Авторы:
3. Оқиға қай кезде болған?
4. Негізгі кейіпкерлер.
5. Негізгі ой.
6. Мәтін не себепті «Жусан иісі» деп аталады?
7. Оқиға қалай аяқталды?
16. Үйге тапсырма.
1. «Жусан иісі» оқу, мазмұны.
2. «Туған жер» тақырыбында сурет салу.
3. «Менің ауылым» тақырыбында шығарма жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |