«Ана тілі және отбасы» байқауының сценарийі


Мейірім: «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын»,-деген. Арсен



бет8/8
Дата06.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#195377
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ана тілі және отбасы 2022

Мейірім: «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын»,-деген.
Арсен: «Қонаққа кел демек бар да, кет демек жоқ»-дегендей, жақсы отырдық, қайтайық!
Мұхамедияр: «Қырықтың бірі - Қыдыр» -деген келіп тұрыңыздар!
Арсен Б: «Таз таранғанша – той тарқар» -демекші, қайтайық.
Арсен: «Тойған жерге тоғыз кел» - демекші, тағы келіп қалармыз.
Нұрмұхамед: «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» деген, қане, бір бата беріп жіберіңіз.
Мейірім бата береді:
«Жүйрік тілді ақын бол!
Жақсыларға жақын бол!
Достарыңмен тату бол,
Дұшпаныңа қату бол!
Ұсақ болма, ірі бол!
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң да, әйтеуір,
Азаматтың бірі бол,
Туған елдің ұлы бол!»
Жүргізуші:
Ана тілім ғажап деп айта аламын,
Жәннаттай жан балқыта жай табарым.
Шырқатып ғұмыр бойы айтар әнім -
Келеді толас таппай қайталағым.
Тозбайды сыны кетіп, сұры қашып,
Біз әлі қанған жоқпыз сырын ашып...
Қазағы қадырына жеткен сайын
Жайнайды,
Ертеңге де нұрын шашып, - деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай, ана тілі жайлы жырламаған ақын жоқ шығар, сірә, ендеше, ортаға Күмісбек Арнұрды шақырамын.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
"Сүйемін туған тілді анам тілін"
Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутімнен,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен анам мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген,
«Ана» деген сүйгендік сөз һәм менен.


Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй, - дей келе, бүгінгі «Ана тілі және отбасы» байқауына арналған мерекелік іс – шарамызды «Ана тілім» әнімен тамамдаймыз.


МКҚК №19 «Қызғалдақ» бөбекжай – бақшасы
Бекітемін
№19 «Қызғалдақ» бөбекжай-
бақшасының меңгеруші м.у.а
Ж.Ш.Акимова__________


«Ана тілі –ардағым»
атты ертеңгіліктің сценарийі



Қазақ тілі мұғалімі: Э.Б.Абдрасилова
Музыка жетекшілері:
С.Т.Байразова, Ә.Н.Жарқынбек
МАД топ тәрбиешілері: А.С.Примкулова, С.Н.Сүйеуова
С.С.Қынат, Л.К.Омарбекова.


2023 – 2024 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет