«Ана тілі және отбасы» байқауының сценарийі


Нұрмұхамед: Халқымызда «Қонақ кәде» деген болушы еді. «Өнерлі өрге жүзер» дегендей, өнерлеріңіз болса, көрсете отырыңыздар. Арсен



бет7/8
Дата06.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#195377
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ана тілі және отбасы 2022

Нұрмұхамед: Халқымызда «Қонақ кәде» деген болушы еді. «Өнерлі өрге жүзер» дегендей, өнерлеріңіз болса, көрсете отырыңыздар.
Арсен: Алдымен ауылдың алты ауызы айтылмаушы ма еді?
Айдын: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» дегендей, аулымызда той болып жатыр.
(Айтыс өнері)
Жүргізуші:
Әуелден жомарт серіміз,
Асылын жырдан теріңіз.
Білгіңіз келсе, қазақтың
Айтысын тыңдап көріңіз!


«Өнерліге өріс кең» - дей келе, күміс-көмей ақын Нұрмұхамед пен Муслиманың айтысын тамашалаңыздар!

Нұрмұхаммед­: Халықтың мейрам тойында
Кім айтысар менімен?
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңімен, ау!


Муслима: Айтыс айтыс болады
Шықса ақын теңімен.
Шешен болсаң, көрейін
Айтысып көр менімен, ей!


Нұрмұхаммед: Нұрмұхаммед ұлың мен болам,
Бәрі мені мақтаған.
Жарыс десе, жайнаймын,
Намысымды қорғаймын, ау!


Муслима:­ Өнердің ашып есігін,
Шешендік сөзбен көсілдім.
Таныстырсам өзімді
Муслима менің есімім, ей!


Нұрмұхаммед: Ал, Муслима, сұлу қыз,
Қандай жақсы бұрымың.
Қасыңдағы қыздардың
Ішіндегі сұлусың, ау!


Муслима: Мені мақтап қайтесің?
Әрине мен сұлумын!
Дайынсың ба мектепке?
Соны айтып білдіргін, ей!


Нұрмұхаммед: Білім, ғылым, өнерге
Қанат қағар кезім ғой.
Ата салтын ертеңге
Жеткізетін өзім ғой!


Муслима: Ән де айта аламын,
Би де билей аламын.
Өзім бала болсам да,
Таудай үлкен талабым, ей!
Бірге: Өшпесін ата салтымыз!
Аман болсын халқымыз!
Ашық болсын аспанымыз!
Сіздермен қоштасамыз,ей!
Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе?
Осы отырған отырыс
Бір ғанибет емес пе, ау!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет