Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз!»
Ор: Махаббат , Камила
Сөзі: Е.Өтетілеуов
Әні: И.Нүсіпбаев
Бау-бақша белдер,
Орман, тау, көлдер –
Көрікті шексіз даламыз.
Дәулеті тасқан,
Сәулеті асқан –
Көңілді ауыл, қаламыз.
Қайырмасы
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей
Бақытты біздер баламыз!
Өзіміз туған,
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып
Білімді адам боламыз.
12-оқушы: Әмір
Ақын апаларымыз да тіл туралы тамаша өлеңдер шығарған. Тұрсынхан Әбдірахманова деген әрі ғалым, әрі ақын, әрі әнші апамыз былай депті:
Ана тілім –бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!
Көрініс:
Ханзада:
Мына халық неге шулап жатыр?
Уәзір:
Өзіңіз білесіз, қазір дағдарыс қой. Жұмысы жоқ, халықтың қарны аш. Сондықтан да жұрт көшеге шығып, ереуіл жасап жатыр.
Ханзада
Қарны аш болса, нанға май жағып жемей ме?
13-оқушы: Ботагөз
Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?
14-оқушы: Бибіхадиша
Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:
Барлығы хормен:
Ана тілін білмеген-
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас.
Ән: «Бала тілегі»
Ор: Ақерке, Азамат, Камила, Амангелді, Әмір
Сөзі: С.Молдасанұлы
Ә:Ф.Лұқпанова
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік – ұлан –байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
15-оқушы: Темірлан
Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғабит Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!
Қожанасыр мен ұстазы
2 күн сабақтан кешіккен Қожанасыр молданың алдына келеді.
Қожанасыр: ассалаумағалейкум, Молдеке!
Молда: - Сен екі күннен бері қайда жүрсің?
Қожанасыр: -1-ші күні шешем тері шалбарымды жуып, кеппей қалды.
Молда: -2-ші күні ше?
Қожанасыр: -Келесі күні келе жатсам, сіздің шалбарыңыз да жаюлы тұр екен. Құрттай менің шалбарым бір күнде кеппегенде, сіздің далақтай шалбарыңыз 2 күн кебер деп келмедім, - депті.
16-оқушы: Арай
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл ғой.
Хор:
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Сөзін жазған Ә.Дүйсенбиев
Әнін жазған Б.Ғизатов
Біз өмірдің түлегіміз
Зеңгір көктен
Нұрын төккен
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен
Біз өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз.
Тыныштықта,
Нұр құшақта
Бақыттымыз бәріміз.
17-оқушы: Исламбек
Қасиетің ана тіл аз ба сенің,
Өзің барда ескірмес, тозбас елім.
Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді.
18-оқушы: Жастан
Асанқайғы, Жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл,
Жәнібек пен Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл.
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
Хор: Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі
Үлкендерге сіз деген.
19-оқушы: Малика
Сол туған тіл атауы –
Ежелгі біздің қазақ тіл.
Осы тілді жек көрген,
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен,
Баба тілі- шын асыл.
Мұғалім:
«Өз еліне деген шынайы махабатты өз тіліне деген сүйіспеншіліксіз елестету қиын. Туған тіліне жаны ашымаған адам – тағы хайуанмен тең» деп орыс ақыны К.Паустовский айтқан екен.
20-оқушы: Азамат пен Ақерке
Тәубә, тәубә жаратқанға мың тәуба,
Біреу болсам қайтер едім жан сауға.
Менің ұлтым – қасиетті киелі,
Жасық емес, асыл оның сүбесі.
21-оқушы: Данара
Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек-ана, мен өзіңнен таралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
22-оқушы: Әділ
Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.
Көрініс.
Хор:
Ана тілі- ұраным,
Ана тілі –Құраным.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Достарыңызбен бөлісу: |