Анаэробты инфекцияның өзіне тән жергілікті белгілері:
Жараның өзіне тән сыртқы түрі:
Байламаны шешкен кезде жарақат тұсының құрғақ және өліет тәріздес түрі, жарадан шығатын бөлінді мардымсыз, кілегей және жағымсыз иісті.
Жарақат айналасындағы тері көгіс тартқан, ұстағанда салқын, бозғылт түсті. Теріде көгілдір немесе қола түсті дақтар пайда болады кеңейген беткі көктамырлар көрініп тұрады.
Зақымданған бұлшық еттер «қайнатылған етке» ұқсас болады. Олар ісінген, сұр түсті, жараға симайтындай, жара тесігі арқылы бұлтиып тұрады.
Жарақат шеңберінде өте күшті және жоғары қарай тез тартылатын ісіну байқалады. Аяқ-қолдың көлемі түгелдей ұлғаяды. Ісіктің тез өсуі Мельниковтің ібелгісімен тез анықталады( аяққа немесе қолға айналдыра байлаған жіп 20-30 минуттан соң теріге кіре бастайды.
Газ түзілісі әртүрлі дәрежеде көрініс береді. Пальпация жасаған кезде дәрігердің саусақтарының астынан осы инфекцияға тән сықыр-крепитация анықталады. Жарақат айналасындағы тері ні қырған кезде жоғары металдық дыбыс естіледі – ұстара алмасының белгісі. Шпатель немесе басқа аспаптармен қырған кезде де метелдыұ тимпанит дыбыс анықталады – шпател симптомы. Жара өзегінде газдың жиналуынан тығынды алған кезде шапалақ ұрғандай дыбыс шығады – шампан тығыны симптомы.