Қоздырғышы спора түзу арқылы дамитын клостридиалды микробтары.
Анаэробтар қорытып шығаратын эндо-,экзотоксиндердің әсерінен тіндер үдемелі түрде өліеттенеді, ісінеді, тіндерде газдың түзілуі орын алады және ауыр интоксикация дамиды. Токсиндер әсерінен тіндерде туындайтын өзгерістерді 2 кезеңге бөледі:
Қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты плазма және формалық элементтер тінаралығына жиналады, тіндер токсикалық ісінуі кезеңі болады.
Тіндерде өліеттенген бұлық еттердің гликогені, белоктары, қантының ыдырауында газ түзіліп, бұлшықет және дәнекер тіндерін қысып прогрессивті өліеттендіру кезеңі жүреді.