Анаэробты клостридиялық хирургиялық инфекция


Жалпы белгілері (симптомдары)



бет6/12
Дата17.06.2020
өлшемі1,7 Mb.
#73750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жалпы белгілері (симптомдары)

Анаэробты инфекция кезінде ауыр интоксикация, әлсіздену, шөлдеу, жүрек айну, құсу,селқостық, кейде сандырақтау белгілерімен көрініс береді.

Жараны қараған кезде тері жамылғысы бозғылт тартқан, кейде сарғыштануы да мүмкін, бет-әлпеті қуқылданып, тілі құрғап, жамылғымен қапталады. Тамыр соғысы жиілейді, АҚҚ төмендейді, дене қызуы субфебрилді кейде жоғары көтеріледі.

Анаэробты инфекцияны емдеудің патогенетикалық емдік кешені 3 компоненттен тұрады:

  • Инфекция ошағын тазалау, бактериологиялық факторды жою
  • Науқас организмінде айналыста жүрген токсиндерде бейтараптау
  • Науқастың ағзалары мен жүйелердегі өзгерістерді түзету
  • Инфекция ошағын тазалау 3 типтегі операциялар арқылы жүзеге асырылады және оларға мыналар жатады: зақымданған тіндерді тілу, зақымданған тіндерді алып тастау және ампутациялар(эзартикуляциялар)
  • Зақымданған тіндерді жалпақ қылып «лампас тілігімен» тілу. Шандыр қапшықтарын, бұлшық еттерді сүйекке дейін ұзына бойы тілу зақымданған тіндердің барлығын қамтуы тиіс. Тереңдегі анаэробтық инфекциямен зақымданған бұлшық ет массивтеріне ауа жеткізу. Зақымданған жердің көлеміне байланысты 2-ден 5-6 тілікке дейін жасалады және олардың біреуі жара арқылы өтіп, оны бар тереңдігіне дейін ашады. Операциядан болған жараны марганец қышқылды калий немесе сутегінің асқын тотығымен шыланған дәкемен бостау етіп толтырады.
  • Зақымданған тіндерді кесіп алып тастау (кең некрэктомия) – тілікке қарағанда түбегейлі операция болып саналады. Алдымен шандыр, бұлшық еттер, шел қабаттары кесіп алынады, Бұл процесс тек жара аймағында және шектеулі болған кезде ғана жасалуы мүмкін.
  • Ампутация немесе экзартикуляция. Науқастың өмірін сақтап қалу үшін, дерт кеудеге шаппаған кезде, ампутация анаэробтық инфекция кезінде жасалатын операциялардың ішіндегі ең түбегйлісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет