Қорытынды:
Бақылау сұрақтары:
ЖҮрек циклiнiң үзақтығын анықтаудың маңызы?
Қалыпты жа.дайда жүрек соғуының жиiлiгi қандай?
Жүрек соғу жиiлiгiне қандай факторлар әсер етедi?
Жүрек соғу жиiлiгiнiі өзгеруi жүрек циклiнiң ұзақтығына әсер ете ме?
Қан-тамыр жүйесінің функционалдық ерекшеліктері.
Мақсаты:
Қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде тамырдың соғуын саусақпен басып жиілігін анықтау әдістерін меңгеру.
Құралдар: Секундомер
Жұмыстың барысы.
1. Тамыр соғуын саусақпен басу арқылы анықтау әдісін үйрену
Тамыр соғуын оң қолдың ортаңғы үш саусақтарымен сол қолдың білезік тұсындағы күре тамырды басып есептейді. Бұл кезде сол қол столдың үстінде бос орналасып, есептеушімен зерттелушіге қарсы отырады тамыр соғуын секундомердің көмегімен есептейді: 1 минут уақыт аралығында, 30 сек ішінде (көрсеткіш екі еселенеді), 20 сек ішінде (көрсеткіш 3 еселенеді), 15 сек ішінде (көрсеткіш 4 еселенеді) және 10 сек. ішінде (көрсеткіш 6 еселенеді). Соңғы бөлшектеп есептеуді бірнеше рет қайталап, тамыр соғуының орта мөлшерін анықтауға болады.
Өзіңіздің және жолдасыңыздың 1 мин. тамыр соғуын бөлшектеп есептеңіз. Егер айырмашылық байқалса, орта мөлшерін анықтап, есте сақтауға тырысыңыз.
Тамыр соғуының жиілігі жүрек-тамыр жүйесінің функциональдық жағдайын айқындайтын негізгі көрсеткіш. Ол дене және ой еңбектерінің әсерінен өзгеруі мүмкін. Оны келесі тапсырмалардың көмегімен тексеруге болады.
2. Белгілі мөлшердегі жұмысқа дейінгі және жұмыстан кейінгі тамыр соғуын салыстыру.
Зерттеушінің қалыпты жағдайдағы тамыр соғуын 10 секундта үш рет өлшеп, орта мөлшерін есептейді де, үш рет 1 минут бойынша анықталып, кестеге жазылады.
Содан кейін зерттелуші 10 рет отырып-тұру қимылын жасаған соң тамыр соғуды 10 сек. ішінде есептеп таблицаның 3 бағанасына жазылады.
Кесте
Көрсеткіштер
Уақыт
|
Қалыпты жағдайдағы тамыр соғуы
|
Жүктеиеден кейінгі тамыр соғуы
|
10 секунд
|
|
|
1 минут
|
|
|
Анықталған көрсеткіштерді салыстырыңыз. Жүктемеден кейінгі тамыр соғуының процентік өзгеруін формуламен анықтау:
ЖКТС (І мин) – ҚЖТС (І мин) х100 %
ҚЖТС (І мин)
ЖКТС- жүктемеден кейінгі тамыр соғу.
ҚЖТС- қалыпты жағдайдағы тамыр соғуы
Анықталған деректер талданылады: тамыр соғуының 30% артық жиілеуі жүректің өз жұмысының жиырылу санын арттыру нәтижесінде күшейтетіндігін көрсетеді. Бұл шынығуы нашар организмнің реакциясы. Сондықтан бұл адам істейтін жұмыстың мөлшері шамалау қажет. Егер 10 рет отырып- тұрудан кейін тамыр соғуының жиілігі қалыпты мөлшерінен 30 %- тен артық көтерілмесе; жүрек жұмысын қанның систолалық көлемнің есебінен күшейткені болады. Бұл жағдайда 10 рет отырып-тұру жеткіліксіз, сондықтан жұмыстың мөлшерін көбейтуге болады.
4. Ой арқылы жасалатын жұмыстың әсерінен тамыр соғуының өзгеруін анықтау.
Тамыр соғу жиілігіне эмоциялық факторлар (әр түрлі сезімдер ойлар) әсер ететіндігін келесі жұмыстың көмегімен дәлелдеуге болады.
Өзіңіздің тамыр соғу жиілігін анықтаңыз: 30 секунд ішінде есептеп, орыныңызда отырған бойда, өзіңіз 20 рет отырып-тұру қимылдарын жасадым деп ойлаңыз. Содан кейін 30 секунтағы тамыр соғуын есептеп, алынған деректерді салыстырыңыз. Бұл жағдайда тамыр соғу жиілігінің өзгеруіне, жүректің жұмысына ми қыртысы әсер ететіндігі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |