Қанайналым физиологиясы дайындайтын сүрақтар



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі59,14 Kb.
#109925
1   2   3   4
Байланысты:
10зерт физ

Зертханалық жүмыс.

БАҚА ЖҮРЕГIНIҢ ЖИЫРЫЛУЫН ЖАЗЫП АЛУ (кардиограмма)
Жүмыстың мақсаты: бақа жүрегiнiң жұмысын бақылау және жазып алу үшiн, оның жүрегiн жалаңаштау әдiсiн игеру.
Қүралдар: кимограф, кардиографикалық пинцет, қаламы бар тiркеушi рычаг, секундомер, қайшылар, қысқыштар, тақташа, түйрегiш ине, мақта, 0,65% физиологиялық ертiндi, пипетка, бақа.

Жүмыстың мазмүны:

Бақаны сол қолға үстап, бас бармақпен басын иiп, желке тесiгiне ине кiргiзiп, жүлынды зақымдайды (жүлыны зақымданғаннан кейiн бақа қимылдау қабiлiтiнен айырылады). Бақаны шалқасынан тақташаның үстiне жатқызып, аяқтарын түйрегiш инелермен тақтаға қадап бекiтiп, хирургиялық пинцетпен төстiктiң төменгi жағындағы терiсiн көтерiп, қайшымен кеседi. Пайда болған тесiкке қайшыны енгiзiп терiнi Үшбүрыш пiшiндi етiп кесiп алып тастайды. Бүдан соң қайшы мен пинцеттi сумен шайған дүрыс.

Пинцетпен төстiктiң артқы үшын үстап аздап жоғары көтерiп, көлденең кесiп тасталынады. Қайшымен iшiне енгiзiп терiдегi сияқты көкiрек қуысында да үшбұрышты тесiк жасалады, яғни сүйекпен еттер алынып тасталады. Көкiрек қуысы ашылғаннан кейiн жүректi сыртқы қабынан босатады. Бүл үшiн жүрек қабын жүректiң үшы тұсында көтерiп қайшымен оның негiзiне қарай қиып, оның қиындысын алып тастайды. Ендi жалаңаштанған жүректiң соққаны көрiнiп түрады.

Кiшi пинцетпен жiптi қарыншылар мен жүрекшелер шекарасы түсынан астыңғы жағынан өткiзiп (антриовентрикулярьлық сайдыҢ бойымен), қарыншаның артқы бетiмен жүрек қалтасының арасындағы кеседi. Ендi лигатураны тартқанда жүрек бiршама көтерiлетiн болғандықтан, дорзальды жағын қарауға болады.

Жүректiң вентральды жағында жүрекшелер, қарынша, қолқа доғасы көрiнсе, лигатурамен тартқанда дорзальды жағында жүрекшеден ақ түстi жолмен бөлiнген веноздық синусты, жүрекшенi және қарыншаны көруге болады. Жүректiң бөлiмдерiнiң веноздық синустың, жүрекшелердiң, қарыншылардың, қолқа түйiршiгiнiң жиырылу кезегi бақыланады. Жиырылудан кейiн әрбiр бөлiмнiң босаңсуы байқалады. Сонымен бiрге қолқа түйiршiгiнiң жиырылуынан кейiн жалпы үзiлiс, яғни диастола басталады: жүрек кеуiп қалмас үшiн, әлсiн-әлсiн физиологиялық ертiндiмен шылап отырған қажет.

Жүректiң қарыншаларын кардиографиялық пинцеттiң қасықшалардың арасына орналастырып, лигатураны пинцеттiң жоғарғы жағына қарай тартып бекiтедi.

Рычагтағы қаламды кимограф барабанының бетiне жапсырған қағазға тигiзiп, кимографты iске қосады.

Тапсырма:

1. Кардиограмманы кимографтың барабанын әртүрлi жылдамдықпен айналдырып жазып алыңыз.

2. Жүректiң 1 мин. жиырылу санын анықтаңыз /секундомердiң көмегiмен/.

3.Төменгi бос орынға кардиограмма жазылған қағаздарды жапсырыңыз.

4.Кардиограммада жүрек жүмысының систола және диастола кезеңдерiн көрсетiңiз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет