«Аналарды сыйлаймыз!»
Мақсаты:Ұрпақтан-ұрпаққа рухани құнды қазынадаймәңгілік мирас болған халық әндерін насихаттау. Сонымен бірге ұлтымыздың рухани байлығын бойына сіңіріп, ұлттық киім үлгісіне халқымыздың қадір – қасиетін қастерлеуге, мәдениетіміз бен әдет-ғұрпымызды құрметтей білуге тәрбиелеу. Ата-ана, ұстаз, бала арасындағы ынтымақтастықты арттыра отырып, ұлттық тәрбиені жүзеге асыру.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар «Ана-ән, бала оның қайырмасы» атты аналар мен балалар жарысын бастаймыз.
Балалар, әр халықтың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрді, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің ұлттық тәрбиеміз де, ананың әлдиі мен ақ сүтінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.
1-бала:
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді.
2-бала:
Ата жолын жалғапты.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүрмен салтымыз.
Енді сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сәлемдесу
Ана – ән, бала оның қайырмасы
Дастархан мәзірі
Ұлттық киімдер үлгісі
Сұрақтар
Тәрбиеші: «Ән көңілдің ажары» демекші сайысымызды ән шашумен бастауға рұқсат етіңіздер.
Хор: «Ана саған ән арнаймын»
Енді сайысқа түсетін отбасыларын ортаға шақырамыз.
Қожабергеновтер отбасы
Джумагалиевтер отбасы
Сисеновтер отбасы
Қазақ халқы ән-күйді жанындай жақсы көріп, рухани жан-дүниесін ән арқылы шебер бейнелей білген.
Байыптасаң өмір мен өнер егіз,
Ән-күй тыңдап рахатқа кенелеміз.
Бабалар аманатын аман сақтап,
Қазақша ән шырқасын аналарымыз.
Олай болса, сайысымыздың ІІ-кезеңіне кезек берейік.
«Ана – ән, бала оның қайырмасы»
Қасиетті Қарақазан тіршіліктің тірегі,
Бір өзіңнен қуат алған барша жанның жүрегі.
Сен бар жерде Құт – береке мол болып,
Тірлік-Бірлік жұбын жазбай жүреді.
Қазақ халқы үшін дәмнен, дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. Бір дастарханда дәмдес болғанда өзара жамандаққа бара алмаған. Кезек дастархан мәзірінде. (Әр отбасы өздерінің дастархан мәзірімен таныстырады).
Қазақ халқы «Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек» дейді. Осындайда әр қазақтың көркіне көрік қосқан ұлттық киімі есіңе оралады. Себебі, әлемдік аренада қазақтың жарасымды шапаны мен тымағы, ьүрмелі көйлегі мен бөрігі, бәсекеге қай қырынан алып қараса а төтеп бере алады. Ендеше тамашалайық ұлттық киімдерден сән үлгісін...
Тәрбиеші: Сайысымыздың соңғы кезеңінеде келіп жеттік, ендігі кезек ата – аналарғада келді. Сіздер үшін ұлттық киім тапсырмалары:
Ұлттық бас киімдерді атаңыз?
Ұлттық аяқ киімдерді атаңыз?
Киізден жасалатын киімдер?
Теріден жасалатын киімдер?
Жүннен жасалатын киімдер?
Киімге байланысты ырымдар?
Тәрбиеші: Ата-аналар, сіздерге көп рахмет! Бүгінгі сайысымыздың тапсырмалары да аяқталды, әділ қазылар ұпай сандарын санап шығарғанша кезекті тағы балалрдың әніне берейік. Хор «Мен әжемді өте жақсы көремін».
Тәрбиеші: Осымен бүгінгі «Ана-ән, бала оның қайырмасы» атты сайысы өз мәресіне жетті, ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар мен балалар! Мәдениетімізбен өнеріміздің асыл маржандарын әркез құрметтеп ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз.
Ата-салтын сақтаймыз,
Ел үмітін ақтаймыз.
№29 «Арай» МДҰ
«Ана ән,бала оның қайырмасы»
Ашық тәрбие сағаты
Өткізген: Қожиева Б.Т
2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |