Екінші аналитикалық топ аниондарын Алдын ала екінші аналитикалық топ аниондары бар екенін анықтайды. Зерттейтін ерітіндінің 2-3 тамшысына 2н азот қышқылының 3-4 тамшысын және күміс нитратының 2-3 тамшысын, яғни топтық реагентін тамызады. Егер тұнба түсетін болса екінші аналитикалық топтың аниондары бар екенін білдіреді. Егер тұнба қара түсті болса, онда S2– сульфид ионының бар бол-ғаны. Тұнба толық түскеннен соң, тұнбаны центрифугаттап дистилденген сумен жуады.