Бақылау сұрақтары мен жаттығулар 1. Аниондар қанша топқа жіктеледі?
2. Бірінші аналитикалық топ аниондарын атаңыз.
3. Бірінші аналитикалық топ аниондарының сипаттамасы.
4. Сұйытылған тұз қышқылында ерімейтін ион.
5. Кремний қышқылын неде ерітуге болады?
6. Фосфат ионына тән реакцияны жазыңыз.
7. Күшті қышқылдық ортада болмайтын аниондарды атаңыз.
8. Қоспаға күміс нитратымен әсер еткенде бірінші болып тұнбаға түсетін ионды атаңыз.
9. Бром ионы бар қоспаға хлор суын қосқанда бензол сақинасы қандай түске боялады?
10. Ацетат ионын темір (ІІІ) хлоридімен неге негізделген?
11. Фосфат ионының спецификалық реакциясын атаңыз.
12. Сульфит ионы қатысында карбонат ионын қалай анқтуға болады?
13. Нитрат ионының дифениламинмен реакциясына кедергі келтіретін нитрит ионынан қалай арылуға болады?
14. Нитрат ионы қатысында нитрит ионын қалай анықтауға болады?
15. Қоспаға күкірт қышқылы қатысында калий перманганаты ерітіндісін қосқанда оны түссіздендіретін иондар тобын атаңыз.