1. ВаС12 барий хлориді SiО32- анионымен BaSiО3 барий силикатының ақ тұнбасын түзеді:
ВаСl2 + Na2SiО3 → BaSiO3↓ + 2NaCl
Ва2+ + SiО32 → BaSiО3
2. Сұйытылған қышқылдар концентрленген силикат ерітінділерімен ақ қоймалжың кремний қышқылының тұнбасын түзеді:
2НСl + Na2SiО3 → H2SiО3↓+ 2NaCl
2H+ + SiO32-→ H2SiО3
Егер суықта тұнба түзілмесе, ерітіндіні қыздыру керек.
3. Аммоний тұздары силикат ертінділерінен кремний қышқылын түзеді. Гидролиз түзілетін иондардың ОН- ионы мен NH4+ ионының байланысын күшейтеді:
SiО32- + 2Н2О → H2SiО3 + 2ОН-
2ОН+ + 2NH4+ → 2NH4OH
SiО32- + 2Н2О + 2NH4+ → H2SiО3↓ + 2NH4OH
Тәжірибе:
Сынауыққа 4-5 тамшы Na2SiО3 натрий силикаты ерітіндісін алып, оған 4-5 тамшы дистилденген су қосып, 2-3 түйір NH4Cl салып, қыздырады. Осы кезде кремний қышқылы ақ қоймалжың тұнба түрінде түседі.
Реакция жүру жағдайы:
1) реакция NH4Cl артық мөлшерінде жақсы жүреді;
2) қыздыру гидролизді тездетеді және тұнбаның түзілуін жылдамдатады.
F-- ионына тән сапалық реакциялар
Фторидтердің қасиеттері. F-- ионы бір негізді фторсутек қышқылының анионы (pK = 3,21). Сулы ерітінділерін кейде плавик қышқылы дейді. Фторидтердің көпшілігі, соның ішінде AgF-ді де суда жақсы ериді. Қорғасын және сілтілік жер металдардың фторидтері ерімейді. Ерімейтін фторидтерді сілтілік жер металдардың карбонаты және SiО2 қоспасымен балқыту арқылы ерігіш күйге айналдыруға болады.
F-−ионыың сулы ерітінділері түссіз, гидролиздене алады, қалыпты жағдайда тотықпайды.
F--ионы комплекс түзгіш: [SiF6]2-, [AlF6]3-, [BeF4]2-, [FеF6]3-, [ZnF6]2-, [BF4]2-, [ТіF6]2-. Осылардың ішіндегі тұрақтысы цирконий және берилий комплекс-тері.
Ескеру. Фторидтермен және фторсутекті қышқылдармен жұмыс істегенде НF-дың әйнек шыныларды ерітетінін естен шығармау керек. Сондықтан фторсутек қышқылдарымен жұмыс істегенде платина, қорғасыннан, бакалиттен немесе полиэтиленнен жасалған ыдыстарды қолдану қажет. Силикаттан жасалған ыдыстарды қолдануға болмайды!
Достарыңызбен бөлісу: |