1. Барий хлоридімен реакциясы. Фторид-ионы F- барий хлоридімен ақ түсті барий фториді BaF2тұнбасын түзеді:
2F- + Ba2+ → BaF2↓ Тұнба қыздырғанда HCl, HNO3, сондай-ақ аммоний катионы катысында ериді.
Тәжірибе: Сынауыққа 3-4 тамшы натрий немесе калий фторидінің ерітіндісін және барий хлоридінің тамшысын ақ тұнба түзілгенше қосады.
2. Темір роданидін түссіздендіру реакциясы.Қызыл түсті [Fe(NCS)n(H2O)6-n]3-n, мұндағы n = 1, 2,... , 6, темірдің тиоцианатты комплексі фтор ионы қатысында түссіз тұрақты гексацианоферрат(ІІІ) комплексті қосылысына [FeF6]3-өтеді:
6F- + [Fe(CNS)n (H2O)6-n]3-n →[FeF6]3- + nSCN- +(6-n) (H2O) немесе
Fe(CNS)3 + 6F- →[FeF6]3- + 3SCN- Бұл реакцияны кобальт катионын да (көк түсті кобальттың тиоцианатты комплексті қосылысы түрінде) темір(ІІІ) ионынының кедергісін жою үшін қолданады. Егер ерітіндіде натрий катионы болса, онда аз еритін комплексті тұздың Na3[FeF6] ақ тұнбасы түзіледі.
Тәжірибе: Сынауыққа 3-4 тамшы темір(ІІІ) тұзының ерітіндісін және 1 тамшы сұйытылған калий тиоцианатының KNCS ерітіндісін құяды. Темірдің тиоцианатты комплексі түзілу нәтижесінде ерітінді қызыл түске боялады. Алынған ерітіндіге калий фторидін тамшылатса түссізденеді.