3. Жалынның боялу реакциясы
Бор қосылыстарының көбі ұшқыш емес, оларды ұшқыш тұзына айнал-дыру үшін кальций фторидінің ұнтағымен және күкірт қышқылымен ара-ластырады. Сонда бордың ұшқыш қосылысы ВF3 пайда болады:
CaF2 + H2SО4 →CaSО4 + H2F2
Na2B4О7 + H2SО4 → Na2SО4 + H2B4О7 (H2О + 2B2О3-)
B2О3 + 3H2F2 → 2BF3↑ + 3H2О
Бордың фторидтері түссіз жалынды жасыл түске бояйды.
Тәжірибе:
Құрғақ анықтайтын затты тигельде кальций фторидінің ұнтағымен аралас-тырып, оған бірнеше тамшы күкірт қышқылын тамызу керек. Шыны таяқ-шамен жалынға ұстаса, жасыл түс пайда болады. Барийдің және мыстың тұз-дары да жалынның түсін жасыл түске бояйды, бірақ бор фториді өте ұшқыш болғандықтан, сол сәтте жасыл түс пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |