Тәжірибе: 2 сынауық алып әрқайсысына 2-3 тамшы натрий сульфиті ерітіндісін қосады. Біріншісіне 2-3 тамшы H2SО4және тамшылатып сұйытылған KMnO4 ерітіндісін қосқанда перманганат ионының күлгін түсі түссізденеді.
Екіншісіне KMnO4ерітіндісін қосқандақара-қоңыр MnO(OH)2 тұнбасы түзіледі.
6. Сульфит-ионын күкіртті сутегіне дейін тотықсыздандыру реак-циясы. Сульфит-ионы металдық мырышпен қышқылдық ортада күкіртті сутекке H2S дейін тотықсызданады:
Na2SО3 + 2НСl → 2NaCl + Н2О + SО2 SO2 + 3Zn + 6НСl → H2S + 3ZnCl2 + 2H2О Бөлініп жатқан күкіртті сутекті қорғасын(ІІ) тұзына батырылған сүзгі қағазының қарайғанынан да байқауға болады:
H2S + Pb(CH3COO)2 → PbS↓ + 2CH3COOH Тәжірибе: Na2SО3 сульфитінің ерітіндісіне кішкене металдық мырыштың түйіршігін салып, үстіне 2н тұз қышқылының ерітіндісін артық мөлшерде қосады. Сол кезде күкіртті сутегінің бөлінгенін иісі арқылы білуге болады немесе қорғасын ацетатымен ылғалданған қағаз қараяды.
Тәжірибенің жүру жағдайы: 1) pеакция рН = 4 болғанда жүреді;
2) зерттелетін ерітіндіде басқа тотықсыздандырғыштар болмауы тиіс;
3) тәжірибенің жүруіне тек химиялық таза мырышты қолдану қажет.