«
Қазақ
тілі мен әдебиеті»
пәні бойынша жүргізілетін барлық таңдау курстары
жөнінде ақпарат жинақталып, ең көп жүргізілетін курстар анықталды.
Солтүстік Қазақстан облысында оқушы компонентінен «Қазақ тілі
лексикасы» – 142, «Домбыра» – 84, «Тіл дамыту» – 39 мектепте;
Ақмола облысында оқушы компонентінен «Менің мамандығым» – 187,
«Көркем сөз» – 140 мектепте; мектеп компонентінен «Қызықты грамматика» –
420, «Сөйлеу мәдениеті» (риторика) – 250 мектепте;
Шығыс Қазақстан облысында оқушы компонентінен «Практикалық қазақ
тілі» – 531, «Граммтикалық әлем» – 422, «Грамматика негізі» – 253, «Сахна
өнері» – 50 мектепте; мектеп компонентінен «Тіл мәдениеті» – 330, «Тіл
шеберлігі» – 313 мектепте;
Оңтүстік Қазақстан облысында оқушы компонентінен «Сөз өнері» – 332,
«Ереже ерекшеліктері» – 39 мектепте; мектеп компонентінен «Тіл мәдениеті» –
326, «Қазіргі қазақ тілі» – 318, «Шешендік өнер» – 313, «Жазба жұмыстарының
жазу тәсілдері» – 36 мектепте;
Алматы облысында оқушы компонентінен «Сөз сыры» – 46, «Жас қалам»
– 40, «Тіл білімінің салалары» – 38, «Тіл маржаны» – 35, «Көркем мәнерлеп
оқу» – 33 мектепте; мектеп компонентінен «Мұқағалитану» – 54, «Тіл
мәдениеті» – 46, «Сөз мағынасы» – 45, «Жамбыл әлемі» – 41, «Жас қалам» – 40
мектепте, «Әдебиет-сырлы әлем» – 39, «Тіл білімінің салалары» – 38, «Сөз
өнері» – 36, «Ілиястану» – 35, «Шешендік өнер» – 35 мектепте;
Қызылорда облысында мектеп компонентінен «Қазақ тілі» 230 мектепте;
Жамбыл облысында мектеп компонентінен «Шешендік өнер» – 81, «Сөз
сыры» – 48, «Тіл мәдениеті» – 37, «Қазақ тілінің грамматикасы» – 32 мектепте;
Маңғыстау облысында мектеп компонентінен «Маңғыстау әдебиеті» – 48
мектепте;
Атырау облысында «Тіл білімінің лексика, фонетика салалары» – 30
мектепте;
Қарағанды облысында мектеп компонентінен «Тіл мәдениеті» – 67
мектепте, «Тіл дамыту» – 43 мектепте;
Астана қаласында оқушы компонентінен «Тіл тарихы» – 56, «Сөз
маржаны» – 39; мектеп компонентінен «Практикалық қазақ тілі» – 47, «Тілдік
норма және стиль» – 45, «Журналистика және баспасөз негіздері» – 41,
«Салыстырмалы грамматика» – 38, «Сөз мәдениетінің негіздері» – 37 мектепте
жүргізіледі.
Астана қаласындағы №74 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Н.Б. Акирапбаеваның «Тіл мәдениеті» авторлық бағдарламасы 8-
сыныпқа арнап жасалған. Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат. Курстың
өзгешелігі оқушы мүмкіндігі мен қабілеттерін қанағаттандыруға бағытталған.
29
«Тіл мәдениеті» курсында тілдік норма, яғни тіл мәдениетінің, тілдік
нормалардың, оның ішінде әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау, қабілетін
дамыту, яғни оқушы сөз дәйегі, тіл тазалығы, сөз әсерлігі, тіл байлығы, сөз
талғамы, сөз әдебі сынды сапаларды меңгереді.
Курста өтілетін материалдар 7 тарауға бөлініп, әр тараудың соңында
интеллектуалдық ойын сабақтарымен қорытындыланып, тоқсан аяғында тест
тапсырмалары алынып отырылады. Сонымен бірге мұғалімде әр оқушының
даму мониторингі жүргізіліп отырады.
Бұл ақпараттық-әдістемелік кешенде сабақтың толық жоспарлары
берілген. Сабақ үш блокқа бөлінеді. Атап айтқанда:
1.
Танымдық блок, мақсаты – оқушыларға тіл мәдениетінің теориялық
мәселелері бойынша нақты білім беріледі.
2.
Кәсіби-іскерлік блогы, оның мақсаты – оқушы осы тақырып бойынша
білім мен білігін толықтырады. Осы блокта берілетін өздік жұмыстар арқылы
шығармашылық қабілетін дамытады, оқушы білімін марапаттау, көтермелеу
арқылы белгілі болып отырады.
3.
Тексеру блогы, оның мақсаты – сабақ бойынша игерген білімін
деңгейлік тапсырмалар арқылы бағалау.
Авторлық бағдарламаның үшінші бөлімі - оқушылырға арналған «Жұмыс
дәптері». Жұмыс дәптерінде сабақ барысында және үйде орындалатын
тапсырмалар берілген. Бұл тапсырмалар арқылы оқушының шығармашылық
қабілетін дамытады.
«Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы» қолданбалы курсы «Қазақ тілін
оқытудың тұжырымдамасы» мен «Қазақ тілінің мемлекеттік стандартына сай
әзірленген (Мұса А.С., Серікбаева А.К., Астана қ., № 40 орта мектеп
мұғалімдері) Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақ тілі»
оқулығының білім мазмұнын теориялық-практикалық тұрғыдан толықтырады.
Жалпы сағат саны – 34 сағат.
Курстың мақсаты - бағдарламаны оқыту арқылы сөздер мен сөйлемдер
арасында тыныс белгілерінің дұрыс қойылу маңыздылығын ұғынып, тілді
әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйренеді.
Курстың міндеттері: пунктуацияны теориялық тұрғыда үйрену арқылы
практикада қолдану.
9-сыныпта «Орфография және тыныс белгілері» тақырыбында таңдау
курсы қазақ тілі пәнінің бағдарламаларына сүйене отырып әзірленген
(Темірғалиева М.М., Астана қ. № 66 мектеп-лицейі мұғалімі).
Бағдарламаның негізгі мақсаты: әдеби тіл нормалары, жазбаша дұрыс
жазу, ауызша сөйлеу ережелерін қамту, тәжірибеде сауатты қолдана білуге
дағдыландыру.
Бағдарламаның міндеті: оқушылардың сөздік қорларын байытып, дұрыс
сөйлеп, сауатты жазуға дағдыландыру, пунктуациялық нормаларды және тыныс
белгілерін ажырата білу.
Курс танымдық және практикалық бағыттарда төмендегідей міндеттерді
шешеді:
30
Теориялық білімді тәжірибеде қолдану, жазба жұмыстарына талдау және
жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын ұсыну.
7-сыныптың «Халық ауыз әдебиеті» курсы оқушыларға өз халқының
мәдениеті мен этнографиясын танытып насихаттауда маңызды рөл атқарады
(Қашаева А.О., Астана қ. Ж. Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясы
мұғалімі) Курс 34 сағатқа негізделген. «Тәрбие – тал бесіктен басталады»
дейтін дана халқымыз қашанда дәстүрге берік болып, салтын сақтай білген.
«Халық ауыз әдебиеті» курсы бала тәрбиесіне терең мән беріп, оқушыларды
әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп ізденудің
арқасында салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнеге-тағылым, дін-діл, жөн-жоралғы, ілім-
білім, тәлім-тәрбие, тылсым-табиғат, тариқат-тәбәрік және де деректер мен
дәйектер хақында мол мағлұмат алып, білім көкжиегін кеңейтеді.
Курстың мақсаты – оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға
азаматтық, адамгершілік елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру.
Курстың міндеттері:
– оқушының еркін, үйлесімді дамуын және креативті ойлау қабілетін,
әдеби оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;
– қорытындылай келгенде, таңдау курстары оқушылардың функционалдық
сауаттылығына бағытталған. Оқушы мектепте алған білімін өмірде қолдана
алуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Достарыңызбен бөлісу: |