«Орыс тілі және әдебиеті»
пәні бойынша «Сөз мәдениеті» таңдау курсы
10-сынып оқушыларына арналған (Александрович М.В., № 39 мектеп-
гимназия, Тараз қаласы). Курс бағдарламасы негізінде оқушылар тілдің
функциясы ойдың көрініс құралы, адамдардың өзара түсінісуі мен қарым-
қатынас құралы екенін, қазіргі орыс тілінің стилистикалық жіктелуін, әдеби
сөздің сапасын, әдеби тілдің нормаларын және мәнерлік мүмкіндігін терең
түсінуімен таныстырады.
Курс мақсаты: коммуникативті сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Курс міндеттері: оқушылардың танымдық белсенділіктерін артыру, дұрыс,
сенімді және мәнерлеп сөйлеуге үйрету; өз ойын, идеясын, сұрақтарын, өз
пікірін білдіруге қатысты немесе қоршаған ортаға байланысты мәселелерге өз
пікірін білдіруді қалыптастыру; сыпайы әңгімелесуші тәрбиелеу.
Аталған курс ақпараттық, оқыту, дамыту, анықтамалық қызметтердің
орындалуын қамтамасыз етеді. Курс бағдарламасының материалдары тұтастық
және шоғырлануы жағынан тереңдетілген, білім мен дағдының кеңейтіліп
берілуі жалпы курс көлемінде жүзеге асады. Сөз мәдениетіне оқыту өз бетімен
ойлануын дамытуға, жеке шығармашылыққа негізделеді. Сыни тұрғыдан
ойлауын, эталондар мен үлгілердің түрлерімен танысуға, көшірме жасап
қолданудан алшақ болуға, жеке мүмкіндіктерінің жүзеге асуына ықпал етеді.
«Риторика» таңдау курсы 10-11 сынып оқушыларына арналған. Аталған
курс оқушылардың жоғары ораторлықты, жалпымәдени және зияткерлік
дамуын қамтамасыз етеді. [18].
Курс мақсаты: риторика ғылым екенін, оның негізгі міндеттерін түсіне
білуін қалыптастыру.
31
Курс міндеттері: коммуникацияның сәттілігін жүзеге асыруда тәжірибелік
ұсынымдамалармен таныстыру, қарым-қатынас кезіндегі диалогтық және
монологтық
сөйлеу
формаларымен
таныстыру,
белгілі
мәтіннен
коммуникативтік бағыттағы сөйлеу жанры туралы білімін қалыптастыру,
сөйлеу әдістері мен тәсілдерін, әңгімелесуде анализ жасауды, бағалауды
дамыту,
коммуникативтік
жағдаяттарды
шешуде
көптілді
және
көпмәдениттілікті сөйлесуде сәтті қолдануды дамыту, оқушылар бойында
адамгершілік, эстетикалық көзқарастарын, талғамдарын, жалпымәдени
құндылықтарын қалыптастыру.
Оқушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда риториканы
оқыту коммуникативтік және тәжірибелікке негізделген. Көптілділікті дамыту
мақсатында оқушыларға тәжірибелік тапсырмаларды үш тілде беріледі (қазақ,
орыс, ағылшын тілдерінде), тапсырмаларды мұғалім таңдайды және
оқушылардың оқу деңгейі ескеріледі.
«Риторика» таңдау курс бағдарламасының мазмұны екі бөлімнен тұрады:
теориялық, курс мазмұнына түсініктеме беріледі (коммуникативтік жағдаяттар,
қарым-қатынас түрлер, сөйлесу жанры, құрылымдық және стильдік
ерекшеліктері, т.б.) және оқыту әректінің түрлеріне тоқталады (нұсқаулық және
ұсынымдамалар типі); практикалық, тапсырмалар сөйлесуді қалыптастыруға
бағытталған, анализдеу, алуан түрлі жұмыс түрлерін қолдану: риторикалық
ойындар,риторикалық тапсырмаларды шешу, көпшілік алдында сөйлеуді
импровизациялау, танымал ораторлардың риторикалық мәтіндерін және көркем
әдебиттен алынған үзінділерге анализ жасау, эссе жазу.
«Орыс тілінің стилистикасы» таңдау курсы 8-11 сыныптарға арналған.
Оқушыларды орыс тілінен терең дайындауда сөйлеу типі мен стиліне
бағытталады. [19]. Курс бағдарламасында практикалық стилистика мен сөйлесу
жүйелі берілген.
Курс мақсаты: оқушылардың тәжірибелік және коммуникативтік білік пен
дағдысын жетілдіреді, жаңа білімді игеру арқылы лингвистикалық танымын
кеңейтеді.
Міндеттері: орыс тілінің ойды жеткізу құралы екенін қалыптастырады,
бейтарап құралдарды қоса тілдік анализ жасауды, тілдік және сөйлеу
құралдарын таңдау мүмкіндігін тәрбиелеу, тіл аясында кәсіби даярлығын,
стильдік сауаттылығын қалыптастыру, теориялық негізде стилистика жалпы
лингвистикалық ғылымның ерекше түрі екенін біледі.
«Лексика байлығы және фразеологиялық мұра» таңдау курсы 5-9
сыныптарға арналған (Турикбаева И. Тараз қ. № 19 мектеп-гимназия мұғалімі).
Курс мақсаты: тілді сүюге, тілді зерттеуші-ғалымдардың еңбектерін
бағалауға баулу.
Курс міндеттері: лексикалық материалдарды қолдану дағдыларын дамыту,
стилистиканың қызметін үйрету, орыс тілінің алуан түрлі сөздігін қолдануды
үйрету, қарапайым лексикалық дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен, таңдау курстары бойынша мұғалім-практиктерді мынадай
мақсаттар біріктіреді: білуге құштарлық, қабілеттілік, оқушылардың
32
қызығушылығы мен шығармашылық қиялдарын дамыту және негізгі
құзыреттіліктерін дамыту, сонымен қатар «оқуға үйрету». Аталған таңдау
курсы оқушылардың болашақ мамандықты таңдауға ықпал етеді, бейіндік
оқуды жоспарлауға қолайлы жағдай жасайды, бейіндік іс-әрекет түрлерімен
таныстырады, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырады, ең
бастысы, оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерін
арттырады.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына аймақтардан
жіберілген таңдауы бойынша курстар туралы мәліметтерден
Достарыңызбен бөлісу: |