17
– Абай шығармаларын оқып-білудің өзектілігін, Абайтану ғылымының
мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;
– қазіргі Абайтанушы ғалымдардың
ақын шығармаларын зерттеу,
жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;
– Абай шығармашылығындағы толық адам тұжырымын айқындау;
– Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық
ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту;
Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде
пайымдау;
– ақын қарасөздерінің,
өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының, ән
мен күйлерінің мазмұны адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты,
әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге
ету» [13].
«Абайтану» курсы ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби
мектебі, Абайтану мәселелері, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері,
поэмалары және поэзияға қойған биік мақсаттары топтастырылып берілді.
Абайдың
шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен
жете танысуы, оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп,
поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғанын шәкірттердің
санасына жеткізу. Абайдың әдеби мұрасы дүниежүзі халықтары әдебиетінің
алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін жас буын ұрпаққа үлгі-
өнеге ету. Мектеп оқушыларына Абай шығармашылығының ұлттық
әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік
ықпалын жан-жақты
саралай отырып терең ғылыми негізде ұғындыру. Абайтанудың тарихи,
ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуге баулу.
9-сыныпта жас ерекшеліктеріне қарай берілген Абай шығармаларының
мазмұны 10-11-сыныптың «Абайтану» курсының оқу бағдарламасында
кеңейтіліп, спираль тәріздес дамытылып берілген. 9-сыныпта Абайдың өмірі,
Абай ақындығының бастаулары, Абай шығармаларындағы шығыстық
сарындар,
Абай және орыс, батыс әдебиеті, Абай мұрасының орыс және өзге
тілдерде танылуы, Абайтану мәселелері, Абай шығармаларындағы ғылым,
білім тақырыбы, Абай танымындағы ән мен күй, поэмалары берілген.
Достарыңызбен бөлісу: